Сенім телефоны
87713277695
email: sosh28@goo.edu.kz
Мекенжайы: С. Торайғыров көшесі, 24
53-05-12, 53-17-48, 62-73-82
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00 - 17.00 бейсенбі 14.00 - 17-00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
БАЛАЛАРДЫ ТЕГІН АРНАЙЫ ҮЙДЕ ОҚЫТУ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ

Павлодар қаласы әкімдігінің

2012 жылғы 27 желтоқсандағы

№1715/27 қаулысымен

Бекітілген

 

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»

мемлекеттік қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

1. Осы регламент «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы «Білім беру саласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен, жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» № 1119 қаулысына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді. 2. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) білім беру бөліміне ведомстволық аумақтағы білім беру ұйымдары көрсетеді. 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 4. Мемлекеттік қызмет денсаулығына байланысты уақытша немесе тұрақты түрде білім беру ұйымдарына бара алмайтын жеке тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – алушы). 5. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігініңwww.goо.kzресми сайтында орналастырылған. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпаратты білім беру ұйымдарының интернет - ресурстарынан алуға болады. 7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі 8. Білім беру ұйымының жеке тегін үйде оқытуды ұйымдастыру туралы бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

  9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі. Алдын ала жазылу және жеделдетіп қызмет көрсету қарастырылмаған. 10. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағында көрсетілген. 11.Стандарттың 11-тармағымен қарастырылған құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда білім беру ұйымы мемлекеттік қызметті алушыны қызмет көрсетуден бас тарту себептерін көрсетіп хабардар етеді.    

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекеттер

(өзара әрекеттер) тәртібінің сипаттамасы

  12. Мемлекеттік қызметті алу үшін Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар білім беру ұйымына ұсынылады. 13. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін тиісті құжаттар тапсырылған жағдайда, тұтынушыға Стандарттың 14-тармағында көрсетілген мәліметтері бар барлық құжаттарды алғандығы туралы қолхат беріледі. 14. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне мынадай құрылымдық – функционалдық бірліктері (бұдан әрі – бірліктер) қатысады: 1) білім беру ұйымының басшысы; 2) жауапты орындаушы. 15. Әрбір әкімшілік әрекеттің (үрдістің) орындалу мерзімін көрсетумен әр ҚФБ әкімшілік әрекетінің (үрдісінің) бірізділігі мен өзара әрекетінің мәтіндік кестелік сипаты осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген. 16. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінде және бірліктер әкімшілік әрекетінің ой-түйіндік тәртібі арасындағы өзара байланысты көрсететін сызбалар осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.    

4. Мемлекеттік қызмет көрсететін

лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

  17. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсету барысында қабылданатын шешімдерге, әрекеттерге (әрекетсіздікке) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жауапты болады.