Бастауыш сынып ӘБ мұғалімдері "Педагог мәртебесі туралы" Заң жобасы ақпаратты желпініспен тыңдады. Білім берудегі 25 жылдық еңбек өтілінің және зейнеткерлік демалысқа шығуының шарттарымен келіседі, кез келген мұғалімнің енді таңдауы бар - өзінің педагогикалық қызметін жалғастыру немесе еңбек демалысына шығу.
Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін ашудағы, мектеп пен отбасының балаларды тәрбиелеудегі күш-жігерін біріктірудегі басты тұлға болып табылатын сынып жетекшісінің қызметіне әділ қарым-қатынасты қолдаймыз.
16 сағаттық жүктеме өзін-өзі дайындалуына және өз бетімен білім алу үшін мүмкіндік береді, мұғалімнің кәсіби деңгейінің арттыруға уақыты қалдыру, оқушыларды ғылыми және жобалық қызметке тарту мақсатында осымша әдебиеттерді зерделеуге мұмкіндік береді. Қарастыруды ұсынамыз:
-жеке тұрғын үй алаңы жоқ педагогтарға кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй ұсыну.
- Коммуналдық қызметтерге жеңілдіктер;
- жазғы уақытта мұғалімдерді сауықтыру үшін тегін шипажайлар ұйымдастыру;
- Педагогтарды олардың тікелей функционалдық міндеттерімен байланысты емес іс-шараларға қатыстырмау.