Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
87713277695
email: sosh28@goo.edu.kz
Мекенжайы: С. Торайғыров көшесі, 24
53-05-12, 53-17-48, 62-73-82
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00 - 17.00 бейсенбі 14.00 - 17-00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Психолог кеңес

 

Ата-аналарға арналған жаднама.   Ата-аналар нені білу керек?

Ò    1.Өміріңіздегі жанұяда ең үлкен әрі қымбатты адам-балаңыз деп санаңыз.Сіз балаңыздың түсініп қана қоймай,оны тереңірек білуге әрдайым тырысыңыз.

Ò    2.Сіз ең таңдаулы озық тәрбиелік әдістерді және тұрақты тәртіп жолдарын ұстаныңыз,оған үлкен құрметпен қараңыз.Осы бағытта сіз болашақта жақсы нәтижеге жетесіз.

Ò    3.Баланы тұлға ретінде қабылдауға назар аударыңыз.Балаға әрдайым сыйластықпен қараңыз.

Ò    4.Әр бала өзінің шешімін өзгертуге толық құқы бар,әртүрлі жағдайларға байланысты өзгертуге құқылы.

Ò    5.Өзіңізді ойландыратын мәселелерге қайталап соқпауға тырысыңыз.Өмірдің үйреншікті ырғағына түспеңіз,бірақ шаршамаңыз.

Ò    6.Егер бала тәрбиесі қиындық туғызса,не балаңызды жеке тұлға ретінде жасауға ниетіңіз,ұмтылысыңыз жетіспесе,сіз педагогтан және психологтан кеңес алғаныңыз жөн.

Ò    7.Торықпаңыз.Есіңізде болсын,адамның ішкі жағдайы,көңіл-күйі өзгермелі,депрессия ерте ме,кеш пе өтеді де,қуанышты сергек көңіл-күй келеді.Жақсылыққа әр уақытта сену керек.

Ò    8.Сіздің  іс-әрекетіңіздің түзу және  ісіңіздің  жемісті болуына  үміттенеміз.

Ò    9.Сіз жақсы ата-анасыз.Ең дұрысы сіз сүйіспеншілік пен құрметтеу бірін-бірі өте жақсы толықтырады  деп санайтын адамдардың қатарына жатасыз.

 

Ата аналарға арналған жаднама

Қолайлы отбасылық атмосфера құру үшін:

 

Ò      Баланы қалай оятасыз,оның сол күнге психологиялық бейімделуі соған байланысты екенін ұмытпаңыз.Әркімнің түңгі демалысқа қажетті уақыты әртүрлі болып келеді.Тек көрсеткіші біреу ғана- баланың ұйқысы қанып,сіз оятқан кезде жнңіл оянуы тиіс.

Ò       Егер сіздің баламен мектепке дейін бірге бару мүмкіндігіңіз болса,оны құр жібермеңіз.Бірге жүру –баламен қарым- қатынас жасау,еркін түрде ақыл-кеңес беру деген сөз.

Ò       Баланы мектептен қарсы алуды  үйреніңіз.Бірден “ Бүгін қандай баға алдың?”-деп бастамау керек,одан да:”Мектепте қандай жаңалық  болды?”,”Бүгін немен айналыстыңдар?”, “Мектептің жағдайы қандай?”деген сияқты бейтарап сұрақтардан бастаңыз.

Ò       Баланың табысына қуаныңыз.Уақытша сәтсіздіктеріне ашу шақырмаңыз.

Ò       Баланың өмірінде болған оқиғалар жайындағы әңгімесін төзімділікпен,көңіл қоя тыңдаңыз.

Ò       Еңбекқор етіп тәрбиелеу үшін:

Ò       Баланы өз бетімен жасаған ісі үшін,ынтасы,жасаған жұмысының сапасы үшін жиі көтермелеп отырыңыз.Егер қолынан келмей жатса-реніш білдірмей,мұқият қайта түсіндіріңіз.

Ò       Баланы үлкен отбасылық жұмыстарға қатыстырыңыз,және бастаған ісін аяғына дейін жеткізуіне үйретіңіз.

Ò       Отбасының әрбір мүшесінің,оның ішінде баланың да үйдегі өз атқаратын қызметі болуы керек.Баланы жазалау үшін еңбекті қолдануға болмайды!

Ò     Балаларды қайырымды етіп тәрбиелеу үшін:

Ò       Қарым – қатынас –адам өмірінің мәні.Егер біз балаларымыздың қайырымды болғанын қаласақ ,балаға бізбен қарым-қатынас жасау қуанышын сыйлауымыз керек-бұл бірге танып білу,бірлескен еңбек ,бірге ойнау,бірге демалу қуаныш.

Ò       Қайырымдылық адамдарға(ең алдымен өз жақындарына)және табиғатқа деген сүйіспеншіліктен басталады.Балаларда барлық жандыларға сүйіспеншілік ұрығын егеміз.

Ò       Балаларды жауыздықты және немқұрайдылықты жеккөруге баулимыз.

Ò       Баланы барынша жақсы көру керек,баладан барынша көп талап ету керек.Өзіміз қайырымды,жақсы істерді жасаудан тынбайық ,балалар бізден қайырымдылық үйренеді.

Ò       Өзімізді қолға ала білейік!Төзім!Шыдамдылық!Төзім!