Ата-аналарға арналған жаднама. Ата-аналар нені білу керек?
Ò 1.Өміріңіздегі жанұяда ең үлкен әрі қымбатты адам-балаңыз деп санаңыз.Сіз балаңыздың түсініп қана қоймай,оны тереңірек білуге әрдайым тырысыңыз.
Ò 2.Сіз ең таңдаулы озық тәрбиелік әдістерді және тұрақты тәртіп жолдарын ұстаныңыз,оған үлкен құрметпен қараңыз.Осы бағытта сіз болашақта жақсы нәтижеге жетесіз.
Ò 3.Баланы тұлға ретінде қабылдауға назар аударыңыз.Балаға әрдайым сыйластықпен қараңыз.
Ò 4.Әр бала өзінің шешімін өзгертуге толық құқы бар,әртүрлі жағдайларға байланысты өзгертуге құқылы.
Ò 5.Өзіңізді ойландыратын мәселелерге қайталап соқпауға тырысыңыз.Өмірдің үйреншікті ырғағына түспеңіз,бірақ шаршамаңыз.
Ò 6.Егер бала тәрбиесі қиындық туғызса,не балаңызды жеке тұлға ретінде жасауға ниетіңіз,ұмтылысыңыз жетіспесе,сіз педагогтан және психологтан кеңес алғаныңыз жөн.
Ò 7.Торықпаңыз.Есіңізде болсын,адамның ішкі жағдайы,көңіл-күйі өзгермелі,депрессия ерте ме,кеш пе өтеді де,қуанышты сергек көңіл-күй келеді.Жақсылыққа әр уақытта сену керек.
Ò 8.Сіздің іс-әрекетіңіздің түзу және ісіңіздің жемісті болуына үміттенеміз.
Ò 9.Сіз жақсы ата-анасыз.Ең дұрысы сіз сүйіспеншілік пен құрметтеу бірін-бірі өте жақсы толықтырады деп санайтын адамдардың қатарына жатасыз.
Ата аналарға арналған жаднама
Қолайлы отбасылық атмосфера құру үшін:
Ò Баланы қалай оятасыз,оның сол күнге психологиялық бейімделуі соған байланысты екенін ұмытпаңыз.Әркімнің түңгі демалысқа қажетті уақыты әртүрлі болып келеді.Тек көрсеткіші біреу ғана- баланың ұйқысы қанып,сіз оятқан кезде жнңіл оянуы тиіс.
Ò Егер сіздің баламен мектепке дейін бірге бару мүмкіндігіңіз болса,оны құр жібермеңіз.Бірге жүру –баламен қарым- қатынас жасау,еркін түрде ақыл-кеңес беру деген сөз.
Ò Баланы мектептен қарсы алуды үйреніңіз.Бірден “ Бүгін қандай баға алдың?”-деп бастамау керек,одан да:”Мектепте қандай жаңалық болды?”,”Бүгін немен айналыстыңдар?”, “Мектептің жағдайы қандай?”деген сияқты бейтарап сұрақтардан бастаңыз.
Ò Баланың табысына қуаныңыз.Уақытша сәтсіздіктеріне ашу шақырмаңыз.
Ò Баланың өмірінде болған оқиғалар жайындағы әңгімесін төзімділікпен,көңіл қоя тыңдаңыз.
Ò Еңбекқор етіп тәрбиелеу үшін:
Ò Баланы өз бетімен жасаған ісі үшін,ынтасы,жасаған жұмысының сапасы үшін жиі көтермелеп отырыңыз.Егер қолынан келмей жатса-реніш білдірмей,мұқият қайта түсіндіріңіз.
Ò Баланы үлкен отбасылық жұмыстарға қатыстырыңыз,және бастаған ісін аяғына дейін жеткізуіне үйретіңіз.
Ò Отбасының әрбір мүшесінің,оның ішінде баланың да үйдегі өз атқаратын қызметі болуы керек.Баланы жазалау үшін еңбекті қолдануға болмайды!
Ò Балаларды қайырымды етіп тәрбиелеу үшін:
Ò Қарым – қатынас –адам өмірінің мәні.Егер біз балаларымыздың қайырымды болғанын қаласақ ,балаға бізбен қарым-қатынас жасау қуанышын сыйлауымыз керек-бұл бірге танып білу,бірлескен еңбек ,бірге ойнау,бірге демалу қуаныш.
Ò Қайырымдылық адамдарға(ең алдымен өз жақындарына)және табиғатқа деген сүйіспеншіліктен басталады.Балаларда барлық жандыларға сүйіспеншілік ұрығын егеміз.
Ò Балаларды жауыздықты және немқұрайдылықты жеккөруге баулимыз.
Ò Баланы барынша жақсы көру керек,баладан барынша көп талап ету керек.Өзіміз қайырымды,жақсы істерді жасаудан тынбайық ,балалар бізден қайырымдылық үйренеді.
Ò Өзімізді қолға ала білейік!Төзім!Шыдамдылық!Төзім!