Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(718-2)-54-54-51
email: sosh29@goo.edu.kz
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы Павлодар қаласы, Катаев көшесі 22
Жетекшісі: 54-54-33. Қабылдау бөлмесі: 54-54-51
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін Бейсенбі 15:30-дан 17:30-ға дейін
Главное достоинство учителя - это:
Голосовать
Человеческие качества - 156
Любовь к детям - 140
Блестящее знание предмета - 73
Качество подготовки к экзаменам - 72
Всего проголосовало: 441
Смотреть результат
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 477 бұйрығы

Атап айтқанда, бұйрықтың тақырыбы келесі редакцияда баяндалды:

"Кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы"»;

бұйрықтың 1-тармағы келесі редакцияда баяндалды:

«1. Қоса беріліп отырған оқытудың кредиттік технологиясын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары бекітілсін.».

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары мынадай редакцияда жазылсын:

Білім берудің барлық деңгейлерін жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттер есебінен іске асырылады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жан басына нормативтік қаржыландыруды жергілікті атқарушы орган мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметтеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға жасалған шарттар шегінде ағымдағы айда көрсетілген қызметтерді алған тәрбиеленушілердің нақты контингентіне есептелген көлемде ай сайынғы негізде жүзеге асырады.

Орта білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды жергілікті атқарушы орган мынадай тәртіппен жүзеге асырады:

1) мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдары - жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес ай сайын;

2) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған Орта білім беру ұйымдары - ай сайын орта білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға жасалған шарт шегінде мынадай көлемде:

қаңтардан тамызға дейін-жоспарлы жылдық контингентке барабар;

қыркүйектен желтоқсанға дейін-нақты орташа жылдық контингентке пропорционалды.

Орта білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемінде жергілікті бюджет қаражаты жеткіліксіз болған кезде жан басына шаққандағы норматив өзгерген жағдайда жергілікті бюджет шығыстарының ұлғаюына әкеп соғатын шығындарды өтеу республикалық бюджеттен берілетін нысаналы ағымдағы трансферттермен толықтырылады.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды жергілікті атқарушы орган мынадай тәртіппен жүзеге асырады:

1) мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары - жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес ай сайын;

2) басқа ұйымдық-құқықтық нысандардағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары - ай сайын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға жасалған шарттар шегінде ағымдағы айда көрсетілген қызметтерді алған білім алушылардың нақты контингентіне есептелген көлемде ай сайынғы негізде.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруге арналған жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі оқытудың кредиттік технологиясын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес есептелген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, техникалық және, Заңның 5-бабының 46-1) тармақшасына сәйкес бекітіледі.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру шеңберінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді ұйымдастыру:

1) білім беру бағдарламалары бөлінісінде алдағы оқу жылына оқушылар контингенті және (немесе) іске асырылатын білім беру бағдарламалары бойынша кредиттердің жоспарланған саны бойынша жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жоспарлы көлемін айқындайды және оны академиялық кезең басталғаннан бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне ұсынады;

2) білім беру бағдарламалары бөлінісінде білім алушылар контингентін және (немесе) нақты берілген кредиттерді тоқсан сайын салыстырып тексеруді жүргізеді;

3) тоқсан сайын, тоқсан басталар алдындағы айдың 20 (жиырмасынан) кешіктірмей бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне білім алушылардың нақты контингенті және (немесе) нақты берілген кредиттер саны туралы ақпарат береді.

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі білім беру бағдарламалары бөлінісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемінде білім алушылар контингентін және (немесе) нақты берілген кредиттерді тоқсан сайын салыстырып тексеруді жүргізеді.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды білім беру саласындағы уәкілетті орган мынадай тәртіппен жүзеге асырады:

1) бірінші төлем осы ұйымның жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жалпы жылдық көлемінің 30% - ын құрайды;

2) кейінгі төлемдер білім алушылардың нақты контингенті үшін нақты көрсетілген қызметтер көлемі үшін және (немесе) 1 шілдедегі, 1 қазандағы, 1 желтоқсандағы жағдай бойынша нақты берілген академиялық кредиттер саны үшін жүзеге асырылады.

Ағымдағы қаржы жылында республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттерден жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін өзгертуге жан басына шаққандағы норматив өзгерген жағдайда және (немесе) білім алушылардың немесе тәрбиеленушілердің нақты контингенті нақтыланған кезде ғана жол беріледі.