Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(718-2)-54-54-51
email: sosh29@goo.edu.kz
Адрес: Қазақстан Республикасы Павлодар қаласы, Катаев көшесі 22
Жетекшісі: 54-54-33. Қабылдау бөлмесі: 54-54-51
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін Бейсенбі 15:30-дан 17:30-ға дейін
Главное достоинство учителя - это:
Голосовать
Человеческие качества - 156
Любовь к детям - 140
Блестящее знание предмета - 73
Качество подготовки к экзаменам - 72
Всего проголосовало: 441
Смотреть результат
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Қамқоршының міндеттері мен құқықтары

 

Қамқоршының міндеттері мен құқықтары

65-бап. Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу және

оларға білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері

1. Ата-аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті. 

2. Ата-аналардың өз балаларын тәрбиелеуге құқығы бар және оған міндетті. 

Ата-аналардың басқа да барлық адамдарға қарағанда өз балаларын тәрбиелеуге басым құқығы бар. 

Бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде, оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады. 

3. Ата-аналар балалардың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті. 

Ата-аналардың балалардың пікірін ескере отырып, орта білім алғанға дейін білім беру мекемесі мен балаларды оқыту нысанын таңдауға құқығы бар. 

4. Балалардың тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып, өзара келісімі бойынша ата-аналар шешеді. Ата-аналардың арасында келіспеушілік болған жағдайда олар (олардың біреуі) бұл келіспеушіліктерді шешу үшін қорғаншы және қамқоршы органға немесе сотқа жүгінуге құқылы. 

66-бап. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі ата-аналардың құқықтары мен міндеттері

1. Ата-аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады және кез келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның ішінде соттарда арнаулы өкілеттіксіз олардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды. 

2. Егер қорғаншы және қамқоршы орган ата-аналар мен балалар мүдделерінің арасында қайшылық барын анықтаса, ата-аналардың өз балаларының мүдделерін білдіруге құқығы жоқ. Ата-аналар мен балалардың арасында келіспеушілік болған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін өкіл тағайындауға міндетті. 

Егер оларға қатысты ата-ана құқығынан айырылса не шектелсе, ата-аналардың өз балаларының мүдделерін білдіруге құқығы жоқ.

67-бап. Ата-ана құқықтарын балалардың мүдделерін көздей отырып жүзеге асыру

Ата-ана құқықтарын балалардың мүдделеріне қарама-қайшы жүзеге асыруға болмайды. Балалардың мүдделерін қамтамасыз ету олардың ата-аналары қамқорлығының негізгі мәні болуға тиіс.

Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар балалардың дене және психикалық денсаулығына, олардың адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқығы жоқ. Балаларды тәрбиелеу әдістерінде адамның қадір-қасиетін кемсітетін немқұрайлылық, қатыгездік, дөрекілік, балаларды қорлау немесе қанау болмауға тиіс.

Ата-ана құқықтарын балалардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіре отырып жүзеге асыратын ата-аналар заңнамада белгіленген тәртіппен жауап береді.

68-бап. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыруы

1. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың баласымен қарым-қатынас жасауға, оны тәрбиелеуге және баланың білім алуы мәселелерін және бала үшін басқа да маңызды мәселелерді шешуге қатысуға құқығы бар. 

Бала бірге тұратын ата-ана, егер мұндай қарым-қатынас жасау баланың дене және психикалық денсаулығына, оның адамгершілік дамуына зиян келтірмесе, баланың екінші ата-анасымен қарым-қатынас жасауына кедергі болмауға тиіс. 

2. Ата-аналары бөлек тұрып жатқан жағдайда балалардың тұратын жері  мен заңды мекен-жайы ата-аналарының келісімімен белгіленеді. 

Келісім болмаған жағдайда ата-аналардың арасындағы дауды балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып сот шешеді. Бұл орайда сот баланың ата-аналардың әрқайсысына, аға-інілері мен апа- сіңлілеріне (қарындастарына) үйірлігін, баланың жасын, ата-аналардың адамгершілік және өзге де жеке қасиеттерін, ата-аналардың әрқайсысы мен баланың арасында орын алған қатынастарды, олардың дамыту және тәрбиелеу үшін балаға жағдай жасау мүмкіндігін (ата-аналар қызметінің түрі, жұмыс режимі, материалдық және отбасылық жағдайы және басқа да осындай жағдайлар) ескереді.

3. Ата-аналар баладан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқығын жүзеге асыру тәртібі туралы жазбаша түрде келісім жасасуға құқылы. 

Егер ата-аналар келісімге келе алмаса, ата-аналардың (олардың біреуінің) талап етуі бойынша дауды қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен сот шешеді. 

4. Соттың шешімі орындалмаған жағдайда кінәлі ата-анаға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шаралар қолданылады. 

Сот шешімі қасақана орындалмаған жағдайда баладан бөлек тұратын ата-ананың талап етуі бойынша сот баланың мүдделерін негізге алып және баланың пікірін ескере отырып, баланы соған беру туралы шешім шығара алады. 

5. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың өз баласы туралы тәрбиелеу, медициналық ұйымдар мен басқа да мекемелерден ақпарат алуға құқығы бар. 

Ақпарат беруден ата-ана тарапынан баланың өмірі мен денсаулығына қатер болған жағдайларда ғана бас тартылуы мүмкін. Ақпарат беруден бас тартуға сот тәртібімен дау айтылуы мүмкін. 

69-бап. Ата-аналардың басқа адамдардан балаларын талап етуге құқығы

1. Ата-аналар заң немесе сот шешімі негізінсіз баланы өз қолында ұстап отырған кез келген адамнан оны қайтаруды талап етуге құқылы. Дау туындаған жағдайда ата-аналар өз құқықтарын қорғау үшін сотқа шағымдануға құқылы. 

Бұл тараптарды қарау кезінде сот баланы ата-анасына беру баланың мүдделеріне сай келмейді деген қорытындыға келсе, баланың пікірін ескере отырып, ата-анасының талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.

2. Егер сот ата-анасының да, бала қолындағы адамның да оның дұрыс тәрбие алуы мен дамуын қамтамасыз етуге жағдайы жоқ екендігін анықтаса, сот баланы қорғаншы және қамқоршы органның қамқорлығына береді.