Сенім телефоны
8 771 532 8223
email: e-mail: sosh34@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Лермонтов к,, 93/1
телефон: 62-10-07 факс: 8(7182) 62-10-52
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Т.А. Мигунова - сенбі с 9:00 до 11:00
Школьная форма: "за" и "против"?
Голосовать
б) "против" - 984
а) "за" - 507
Всего проголосовало: 1491
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ СТАНДАРТ. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІНІҢ СТАНДАРТЫ. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІН ОҚЫТУ ҰЙЫМЫ.

ГОСТ 12.0.004-90

УДК 658.382.3:658.386:006.354 Группа Т58  

МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ СТАНДАРТ. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІНІҢ СТАНДАРТЫ. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІН ОҚЫТУ ҰЙЫМЫ.

Жалпы ережелер

Occupational safety standards system. Organization of training for labour safety. General rules

ОКСТУ 0012  

Дата введения 01.07.91

    1. Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы үлгі ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 339-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және жұмыс берушілердің жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі бекітілген талаптарды орындауына және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауына бағытталған.

2. Жұмыс беруші қызметкерлерінің саны 50-ден асатын өндірістік ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсатында қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметін (бұдан әрі - Қызмет) құрады.

3. Ішкі бақылау еңбек жағдайларының жай-күйін қадағалауды ұйымдастыру, өндірістік бақылау деректеріне жедел талдауды жүргізу, қауіп-қатерді бағалау және анықталған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша талаптарға сәйкессіздіктерді жою жөніндегі шараларды қабылдаудан тұрады.

4. Қызмет өз жұмысында мемлекеттік еңбек инспекциясымен, басқа да мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен, ұйым қызметкерлерінің өкілдері және еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторларымен өзара бірлесіп әрекет жасайды.

2. Қызметтің негізгі міндеттері

5. Қызметтің негізгі міндеттері: 1) өндірісте қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау және қамтамасыз ету бойынша құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, оңалту, емдеу алдын-алу және өндірістік жарақаттану және кәсіптік аурулардың алдын-алу жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеу және жүзеге асыру; 2) өндірістік телімдердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау бөлігінде нормативтік құжаттарды әзірлеуді ұйымдастыру; 3) ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды, қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындауын ішкі бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

3. Қызметтің жұмыстары

6. Қызметтің: 1) ұйымдардың бөлімшелеріне кедергісіз кіруге, өндірістік, қызметтік және тұрмыстық бөлмелерді қарауға, есептермен, статистикалық және басқа да еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі құжаттармен танысуға; 2) жұмыс берушінің атынан өндірісте қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау жөніндегі алдын-алу, ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінде өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауруларды болдырмау жөніндегі алдын-алу іс-шараларының әзірленуіне және орындалуына, сондай-ақ ұжымдық шартқа сәйкес жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттемелерінің орындалуына ішкі бақылауды жүзеге асыруға; 3) ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің барлық қызметкерлеріне анықталған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бұзушылықтарды жою жөнінде шара қолдану туралы орындалуы міндетті нұсқаулар (1-қосымша) беруге және оларға жауап алуға; 4) өндірістегі жазатайым оқиғаларды зерттеудің, есепке алудың және оларға жол бермеу жөніндегі іс-шараларды орындаудың белгіленгентәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға; 5) ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінен қызметтің құзырына жататын мәселелер жөніндегі ақпаратты және материалдарды белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға; 6) ұйымда еңбек қауіпсіздігі жағдайының жай-күйін бақылауға, еңбекті қорғауды басқару жүйесін әзірлеуді, енгізуді және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге; 7) өндірістік учаскелерде еңбек жағдайларына жедел талдау жүргізуге, қатерлерді бағалауға және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қабылдауға; 8) ұйым басшыларына салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау бойынша жұмысын ұйымдастырылуын жақсарту жөніндегі ұсыныстар әзірлеуге және енгізуге; 9) ай сайын ұйымдарда өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың жай-күйі мен себептерін талдауды жүргізуге және олардың алдын-алу іс-шараларын әзірлеуге; 10) қолданыстағы Ережелердің талаптарына сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша ұйымның қызметкерлерін оқытуды, олардың білімдерін тексеруді ұйымдастыруға; 11) ұйымның еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және қызметкерлердің денсаулықтарына келтірілген өзге де зақымдарды зерттеудің және есепке алудың тәртібін сақтауын қамтамасыз етуге; 12) оқу бағдарламаларын келісуге және ережелер мен нормативтердің талаптарына сәйкес қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша, оның ішінде жаңа жабдықтарды және жаңа технологиялық процестерді енгізу кезінде оқытуға қатысуға; 13) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, салауатты және қауіпсіз еңбек пен тұрмыс жағдайларын жасау туралы, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемі туралы, денсаулық сақтауды жақсарту туралы мәселелерін талқылау кезінде ұжымдық шарт жасасу жөніндегі келіссөздерге қатысуға; 14) қабылдау комиссиясының өндірістік мақсаттағы салынған объектіні пайдалануға қабылдап алу жөніндегі жұмысына қатысуға; 15) ұйымды еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік-техникалық әдебиетпен қамтамасыз ету, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау кабинеттерін қажетті оқу құралдарымен, макеттермен, анықтамалық әдебиетпен, плакаттармен, техникалық құралдармен жабдықтау жөнінде шаралар қабылдауға; 16) кәсіпорын жетекшісінің тапсырмасы бойынша қызметтің құзырына жататын мәселелер жөніндегі қызметкерлердің хаттарын, өтініштерін және шағымдарын қарауға; 17) өндірісте кәсіптік аурулар мен жазатайым оқиғалардың алдын-алу жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ мүгедектерге арналған оңалту іс-шараларын әзірлеуге қатысуға; 18) құрылымдардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі жұмысында әдістемелік көмек көрсетуге; 19) мемлекеттік еңбек инспекциясының және өзге де мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бөлігіндегі шешімдерінің орындалуын; еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі ережелердің, нормалардың, стандарттардың енгізілуін; еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі ұйымның бұйрықтары мен өкімдерінің орындалуын; еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау кабинеттері жұмысының ұйымдастырылуын және де жұмыстың озық тәжірибесі енгізілуін; арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа жеке қорғану құралдарын сатып алудың, сақтаудың, жуудың, химиялық тазалаудың, кептірудің, шаңнан арылтудың, зиянсыздандыру мен жөндеудің ұйымдастырылуын; тиісті қызметтердің құрал-жабдықтарды, машиналар мен механизмдерді қажетті сынақтардан және техникалық куәландырулардан уақытында өткізуін, қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеу кестесінің сақталуын; еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі қолданыстағы нормалардың, ережелер мен нұсқаулықтардың, өндіріс процесінде еңбек қауіпсіздігі стандарттарының, сондай-ақ қайта құрылған өндірістік объектілердің жобаларының сақталуын ішкі бақылауды жүзеге асыруға; 20) жұмыс берушінің келісімі бойынша (немесе оның рұқсаты бойынша) ақпараттарды, мәліметтерді, бекітілген есептер немесе өзге де құжаттарды қағаз және электронды түрде немесе олардың міндеттеріне сәйкес көшірмелерін мемлекеттің еңбек инспекциясына ұсынуға; P070000720 21) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істейтін қызметкерлерді кезекті медициналық байқаулардан және тексерулерден өткізуді ұйымдастыру үшін кәсіптер мен лауазымдардың тізімін құрастыруда ұйымдардың бөлімшелеріне әдістемелік көмек көрсетуге; 22) еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестациялауды өткізуді басқа қызметтермен бірлесіп ұйымдастыруға міндетті.