Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 771 532 8223
email: e-mail: sosh34@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қ., Лермонтов к,, 93/1
телефон: 62-10-07 факс: 8(7182) 62-10-52
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Т.А. Мигунова - сенбі с 9:00 до 11:00
Школьная форма: "за" и "против"?
Голосовать
б) "против" - 982
а) "за" - 507
Всего проголосовало: 1489
Смотреть результат
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Педикулезді алдын алу бойынша жадынама
Педикулезді алдын алу бойынша жадынама Жеке және жалпы гигиенаны сақтау: денесін үнемі жуу (аптасына 2рет), іш киімдерді және төсек-орынды ауыстырып отыру; төсек-орынды жоғары температурада жуу, ыстық өтекпен киімдерді, әсіресе тігістерді үтіктеу, өйткені ол жерлерге биттер жұмыртқасын салады. · Жеке тарақты басқа адамдарға бермеу. · Бит пайда болмас үшін шүйде аймағына және құлағының артына лаванда және шай ағашының сұйықтығын жағу. · Педикулезбен қайта зақымдалмау мақсатында қолданылған киімдерді қайнату (көбінесе сүлгілерді, бас киімдерді, төсек-орынды, капюшон мен жағасы бар киімдерді, жұмсақ ойыншықтарды). 12. Биттің бар-жоғын тексеру үшін, басты ақшыл матаның үстіне тарап көру қажет. · Түнде басты сүлгімен орамай, шашты жақсылап фенмен кептіру қажет. Шат педикулезі (фтириаз)- гениталидың (шат, ұма, шап аралық) шаш бөлігін, анальды тесік жандарын, қолтық астындағы шаштарды зақымдайтын терінің паразитарлы ауруы. Қатерлі топқа: қарулы шиеленіс аймақтарында үйсіз, қашып жүрген адамдар, бас бостандығынан айырылған мекемелерде айыбын өтеушілер, казармада тұратын әскери адамдар, монша және кір жуатын жердің қызметкерлері, сексуалды қызмет көрсететіндер және басқалары. Шат битімен зақымдалу жолдары: шат педикулезімен ауыратын адаммен жыныстық қатынас, науқастың терісімен жақын жанасуда, бөтен адамның киімін кию, жалпы монша, сауна немесе душтық бөлмеге барғанда. Шат битінен құтылу әдістері · механикалық-биттерден шашты қыру арқылы құтылу · химиялық-күшті инсектицидті препараттар (Педиллин, Медифокс және басқ.) көмегімен биттерге әсер ету. Бұл әдіспен 1 сағат ішінде бір рет өңдеген соң, паразиттерді толық жоюға болады. Фтириаздың алдын-алу: жеке гигиена ережелерін орындау, бөтен адамның киімін, төсегін, заттарын қолданбау, ретсіз сексуалды қатынастан қашу, үнемі төсегін жуып, үтікпен өтектеу. 2. Халі ауыр науқастар күтімі принцптері Науқас күтімі – емдік үрдістің бөлінбейтін бөлігі, ол науқас зардабын азайтуға бағытталған және емге басым жағдайды жасайтын іс-шаралар кешені. Дұрыс ұйымдастырылған күтім емнің, ауру болжамының тиімділігін анықтайды, сондықтан «ем» және «күтім» түсініктерін шектемеу керек. Күтім – науқастың түрлі қажеттіліктерін қанағаттануына көмектесу: тағамда, сусында, жуынуында, қозғалысында, физиологиялық қажеттіліктерінде. Күтім сапасы емнің және ауру болжамының тиімділігінің көзі болып табылады. Науқас күтімі емнің негізгі тиімді бөлігі болып табылады. Күтім бойынша іс-шаралар көлемі ауру ағымынан, ауырлығынан, науқастың жастық- жыныстық айырмашылығынан, психикасынан және басқада факторларға байланысты болады, сонымен қатар күтімді орындау тәсілдері нақты науқасқа ғана арналуы қажет. Күтім шарттары: · Қауіпсіздік (науқас жарақатының алдын алу) · Құпиялылық · Науқас сезім абыройын сыйлау (науқас келісімі, оңашалануды қамтамасыз ету) · Науқаспен және оның отбасы туыстарымен тиімді қатынасу · Науқас дербестігін мадақтау · Жұқпалы аурулар қауіпсіздігі Ауруханада науқас күтімін мейірбике жүзеге асырады, кейбір жағдайда кіші медициналық қызметкер немесе науқас туысыда қатысады. Науқас денсаулығына жауапты ретінде дәрігер күтімнің бар қыр-сырын білуі тиіс. Науқас күтімінің негізгі екі бағытын анықтайды: жалпы күтім және арнайы күтім. Жалпы күтім ауру түріне байланысты емес және қорғау режиміне, науқас психикасын қорғау, аяу шарттарына сәйкес құралады. Оған бөлменің санитарлы тәртібін сақтауды, науқасқа ыңғайлы жағдай жасауды (жайлы төсек), гигиеналық тазалықты орындауды (науқас киімімен, төсек жаймасын ауыстыруға, туалетті жүзеге асыруға, термометрияда, тамақтануда, физиологиялық қажеттіліктерін атқаруда көмектесу және т.б.), науқас жағдайының өзгерістерін бақылауды, сонымен қатар, асқыныстардың алдын алу іс-шараларын жүргізуді талап етеді.   Арнайы күтім – тек нақты бір ауруларда жүргізілетін күтімнің арнайы іс-шаралары – хирургиялық, гинекологиялық, жұқпалы ауруларда және т.б. Мысалы, науқасты урографияға немесе басқа рентгенологиялық зерттеу әдістеріне дайындау. 2.1 Науқас күтімі кезінде төсек жаймасын ауыстыру Стационарда жағдайы ауыр науқастардың күтім іс-шарасының ең міндетті және күрделісі, бұл төсек жаймасын ауыстыру. Қозғалуға тыйым салынған жағдайы ауыр науқастардың төсек жаймасын ауыстыру өте сақтықпен орындалып, жақсы көңіл-күйге және терінің инфицирленуінің қаупін алдын алуға, ойық жараның дамымауына әрекет етуі керек. Іс-шараны жасар алдында таза төсек жайма жиынтығын (жайма, жастық тысы, көрпе тысы) және лас төсек жаймасын салатын қап дайындау қажет. Науқасқа іс-шараның барысын түсіндіріп, келісімін алу міндетті. Науқас жағдайын және одан келетін көмек қабілетін бағалау. Қолды гигиеналық әдіспен жуып, бір реттік қолғап пен алжапқыш киеді. Науқастың аз физикалық күш жұмсауы үшін төсек жаймасын ауыстыруға екі адам қатысуы қажет. Жайма матрасты тек үстінен және жан-жағынан ғана жаппай, сонымен қатар дөңбек жағын да жабуы керек. Жайма жиектерін салбыратпай барлық жағынан матрас астына бүктеп салады. Лас жайманы клеенкалы қапқа жинайды және палатадан алып кетеді. Кір жуатын бөлмеге дейін төсек-жаймасы арнайы бөлмеде (лас төсек - жаймасы) немесе арнайы бакта, контейнерде сақталуы қажет.