Сенім телефоны
8 771 532 8223
email: e-mail: sosh34@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Лермонтов к,, 93/1
телефон: 62-10-07 факс: 8(7182) 62-10-52
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Т.А. Мигунова - сенбі с 9:00 до 11:00
Вам нравится обучение в нашей школе?
Голосовать
А) да - 225
Б) нет - 69
В) не очень - 53
Всего проголосовало: 347
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жіті ішек инфекциясын алдын алу бойынша жадынама
Жіті ішек инфекцияларының алдын алу
Жіті ішек инфекциялары (ЖІИ) – адам ағзасына ауыз қуысы арқылы еніп, асқазан-ішек жолдары арқылы таралып, дәреттің бұзылуларын туғызатын жіті инфекциялық аурулар тобы. Бұл топқа сальмонеллез, дизентерия, сонымен қатар эшерихиоз, тағамдық токсикоинфекциялар, шартты–патогенді қоздырғыштардан туындаған жіті гастроэнтериттер жатады. Ауру дене қызуының көтерілуі, іш өтудің жиілеуі мен сұйықталуы, іштің ауыруы түрінде жедел басталады. Жүрек айнуы мен құсу да жиі кездеседі. Аурудың ағымына қарай нәжіспен және құсу кезінде ағзаның сұйықтық жоғалтуына байланысты сусыздану белгілері байқалуы мүмкін: әлсіздік, шөлдеу, зәр шығарудың азаюы, ентігу. Аурудың алдын алу: - ас ішерде, даладан келгенде және дәретханадан кейін қолды жуу; - жазғы уақытта крем қосылған асты байқап жеу; - көкөніс пен жемістерді жақсылап жуу; - қайнатылған су немесе минералды суды ғана ішу; - тез даярланатын дайын тағамдардан бас тарту.