Сенім телефоны
8 771 532 8223
email: e-mail: sosh34@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Лермонтов к,, 93/1
телефон: 62-10-07 факс: 8(7182) 62-10-52
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Т.А. Мигунова - сенбі с 9:00 до 11:00
Вам нравится обучение в нашей школе?
Голосовать
А) да - 225
Б) нет - 69
В) не очень - 53
Всего проголосовало: 347
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Вирустық гепатит А алдын алу бойынша жадынама
Вирустық гепатит және оны алдын алу
Вирустық гепатиттер- бұл бақытсыз отбасы іспетті, құрамында кем дегенде бес мүше, вирустық гепатит (А, В, Е, С, D) бар. Олардың әр біреуінде симптоматика мен салдар, бір-бірінен өзгеше. Олар бес түрлі аурудың алғышарты болып табылады.А вирустық гепатит көне замандағы ойшылдар: «Жуылмаған қолды шауып тастау жөн» деп,- тектен-тек айтқан жоқ. А вирустық гепатитті фекалды-оральді яғни жуылмаған қолдар ауруы деп атайды. А вирустық гепатит ең көп тараған жұқпалардың бірі. А вирустық гепатитімен ең әуелі, мектепке дейін жастағы балалар ауырады. Қол жумай жемістерді, нан мен майды жеу, ойыншықпен ойнап, саусағын ауызғу салу салдарынан жұқпаға душар болады. Бірақ, бірнеше жыл бұрын,- Чехияда, жоғары сынып оқушылары, қаттырған құлпынайы мен кілегейі бар балмұздақты жеп, эпидемия тіркелген болатын. Зертханалық сараптаманың нәтижесінде аталған кілегейдің орнында өзі емес, мұздалған А гепатиті болып шықты. Ал, А гепатиттің вирустары өте өміршең, Солтүстік үйегінде де жансүгір. Ресейлік ғалым, вирусолог И.В.Шахгильдяннің пікірінше А гепатиті, ең «миірімді», өйткені оның салдарынан ауру асқынған созылмалы түрге айналмайды.Аурудың белгілері: Жоғары температура, әлсіздік, шаршаңдық, құсу. Баланың тері түсі сарғайса, онда жұқтыру қасиеті жойылады да бірнеше аптадан кейін А гепатитпен мәңгілікке қоштасады. Дәрігерлердің пікірінше, гепатиттің мұндай түріне шалдыққан бала, ауруханаға қарағанда, үйде емделгені абзал. Өйткені, үйде күтім де тамақ та жақсы болады. А вирустық гепатитті алдын алу Қымбатты аналар, қай заман болса да, А вирустық гепатитті алдын алудың ең оңтайлы түрі- «хош иісті сабын мен биязы сүлгі» екені ұмытпағайсыздар. Балаларыңыз тамақтанудың алдында қолын сабынмен жуып отыруын қадағалаңыз. Сондай-ақ көкөніс пен жемісті мұқият жуылып, желінсін. Балаңыз балабақшада біреудің түбегіне отырмауы жөнінде нұсқап, ақыл айтыңыз. Отбасыңызда біреу гепатитпен ауырып қалса, киімдерді, ойыншықтарды, ыдыс-аяқты хлораминмен өңдеп, жуыңыз. Естияр адамдар А гепатитімен әлдеқайда сирек ауырады. Бірақ, олар да ауруы мүмкін. Ресейлік ғалым, вирусолог М.С.Балаян А гепатиті вирусына қарсы жоғары сапалы вакцинаны ойлап тапты. Өкінішке орай, аталмыш вакцина қыруар көлемде әлі де шығарылмайды. Мұндай вакцина әсіресе әскерилерге, коммуналдық шаруашылық саласында жұмыс жасайтын қызметшілерге ауадай қажет. Мысалы, канализация желісін жөндеу үстінде вирусты жұғатын зор қауіп бар емес пе?! Е вирустық гепатит Е вирустық гепатит жұғу тәсілі бойынша А вирустық гепатитке жақын. Ал, Е вирустық гепатит, бөлек бір ауру екенін, 80-жылдары- М.С.Балаян дәлелдеді. Ол нағыз ғалымға сай, сол кезде әлі анықталмаған гепатит түрмен өзін-өзі жұқтырды. Бұл нақты, А вирустық гепатиті емес екені, айдан анық болатын. Өйткені зерттеушінің, аталған гепатитке қарсы иммунитет өндірілді. Дәрігерлер, әріптестің халін бақылай отыра, тұңғыш рет аурудың сипаттамасын жазды. Статистикалық мәлімет бойынша Е вирустық гепатитке шалдыққандардың көбі ер адамдар. Е вирустық гепатит жүкті әйелдер үшін өте кауіпті. Е вирустық гепатитті алдын алу Орта Азия мен Қазақстанда Е вирустық гепатитті алдын алу үшін, тек қайнаған суды ішу қажет. Өйткені ыстық судағы Е вирустық гепатитінің жұқпалары өліп, жойылады. Эпидемия немесе Е вирустық гепатиті тіркелген жерінен аулақ жүргеніңіз жөн. Егер симптомдар байқалса, дереу дәрігерге қаралу қажет. Ауруханаға жатудан бас тартпаңыз. Е вирустық гепатитінің жұқпалары үшін Оңтүстік-шығыс Азия (Үндістан, Бирма, Қытай), Африка, Орталық Америка ең қолайлы мекен. В вирустық гепатит ХХІ ғ. В вирустық гепатиттің қатері ЖТҚА індетінен де кем болмауы мүмкін. Тек ЖТҚА індеті сирек, ал, В вирустық гепатит кең таралған. Аталған індетпен 20-40 аралығындағы жастылар жиі ауырады. Әдетте, В вирустық гепатит тіс дәрігердің немесе гинекологтің сәтсіз емінен, сондай-ақ зарарсызданбаған «шприцтік гепатиттен» пайда болады. Жұқтырудың өзге жағдайлар: шаштаразда, сән салонында және басқа да тұрмыстық қатынас арқылы. Сонымен қатар, В вирустық гепатиті нашақорлар мен гомосексуалистер арасында кең таралған. В вирустық гепатитті алдын алу В вирустық гепатитті алдын алу үшін біреудің тіс щеткасын, косметикалық құралдарын, ұстарасын пайдаланбаңыздар! Және кездейсоқ жыныстық қатынасында мүшеқапты пайдаланудыұмытпаңыздар! Аяулы ханымдар, жүктілікті жоспарлаудыңалдында, өз денсаулығыңызды тексеріп, сауығыңыз! Қымбатты жасөспірімдер, татуировкаларды, сырға және т.б. жасатқыңыз келсе, онда репутациясы мінсіз косметикалық салондарына барыңыз. Құрметті халайық, спирт, вирустарды жойып, өлтірмейді, сондықтан да тұрмыстық құралдарды, медициналық құрал-сайманды мұнымен сүртпеңіз. В вирустық гепатитті алдын алудың ең сенімді кепілі- вакцинация!!! D вирустық гепатит D вирустық гепатит «кейде» В вирустық гепатитпен «қосарлап жүреді». Бұл екі вирус бір-бірін қостап тұрады. В вирустық гепатитпен күресіп, D вирустық гепатитпен мәңгілікке қоштасуға болады. Қос вирусты алдын алу әдісі ұқсас. D вирустық гепатитті алдын алу D вирустық гепатитті алдын алуын оқымас бұрын, әуелі В вирустық гепатитті алдын алуын оқыңыз. Содан соң, екеуінің әдістері бір екенін түсінесіз. С вирустық гепатит «Миірімді жендет» деп С вирустық гепатитті осылайша атайды. Клиникалық С вирустық гепатит жеңіл өтеді. 100 адамнан-1 ғана өлім. Бірақ, бауырдың асқынған, созылмалы ауруына жиі әкеп соқтырады. Ауру,- сары ауруының айқын белгілерімен өтуі мүмкін. Дерттің ең негізгі симптомы- шаршаңдық. Ауру көлемінің 50% жуық қан құйылуынан жұғады.