Сенім телефоны
8 771 532 8223
email: e-mail: sosh34@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Лермонтов к,, 93/1
телефон: 62-10-07 факс: 8(7182) 62-10-52
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Т.А. Мигунова - сенбі с 9:00 до 11:00
Даволен ли ты сегодня школьной столовой?
Голосовать
Не даволен - 9
Очень хорошо - 7
Хорошо - 7
Очень плохо - 7
Всего проголосовало: 30
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Әскерге дейінгі жас бозбалалар үшін ақпарат

Әскери есеп және шақыру учаскесіне азаматтардың тіркелуі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" № 859 Қаулысының 11 тармағына сәйкес тіркеу жылында 17 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары жыл сайын қаңтар айынан бастап наурыз айына дейін шақыру учаскесіне тіркеледі. Ол азаматтарды әскери есепке қабылдау мақсатында, олардың санын анықтау үшін, әскери қызметке жарамдылық деңгейін білу үшін, жалпы білім деңгейін орнату, алған мамандығын және физикалық дайындық деңгейін білу мақсатында жасалады. Барлық айтылған Қазақстан Республикасы азаматтарын шақыру учаскесіне тіркеу бойынша әрекеттер олардың тұрақты тұрғылықтыбойынша немесе уақытша (3 айдан көп мезгілімен) мекен жайы бойынша өткізіледі .

Шақыру учаскесіне тіркелуге шықырылған әскерге дейінгі жас бозбалаларға

ЖАДЫНАМА

Шақыру учаскесіне тіркеуге келген кезде өзімен бірге болу қажет: 1. Төлқұжат, жеке куәлік немесе туу туралы куәлік. 2. Аттестат (білім туралы куәлік немесе анықтама). 3. Тұрғын үйді пайдалану шаруашылығынан немесе ауылдың әкімінен тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы,айы, мекенжай және ата-ана, бірге тұратын және бөлек тұратын аға-іні, әпке-қарындастарының немен айналысатыны жазылуымен отбасы жағдайы туралы анықтама. Анықтамада отбасы мүшелерінің мүгедектер тобы (егер ондайлар болса) туралы мәлімет болу тиіс және олардың алатын зейнетақыларының (жәрдемақы) көлемі туралы. 4. Жұмыс (оқу) орнынан анықтама, жұмыс істейтіндердің -лауазымы, мамандығы, қашаннан бері жұмыс істейтіні, ал студенттердің (оқушылардың) -нешінші курста (нешінші сыныпта) оқитыны туралы көрсетіліп тұру міндетті. 5. Жұмыс немесе оқу орнынан мінездеме . 6. 3х4 см көлемінде (бас киімсіз сурет) төрт фотосурет. 7. Нормативтер мен спорт дәрежелерін (егер болса) тапсырғаны туралы растайтын анықтамалар мен куәлік 8. Жүргізуші куәлігі (егер болса).

Әкімшілік жауапкершілік

Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" Кодексінің 647 бабы әскери есеп бойынша азаматтардың міндеттерін орындамау үшін әскери есепте тұруға міндетті, себепсіз мезгіліне сай әскери басқарманың жергілікті органдарының шақыруы бойынша келмеген азаматтар жауапкершілікке тартылады. Осы сияқты құқықбұзушылық үшін бес айлық есеп көрсеткіштері көлемінде жауапкершілік қарастырылған. "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" кодексінің 648 бабы медициналық куәландыруынан немесе әскери есеп немесе шақыру комиссиясы азаматтарын кою бойынша комиссия бағыты бойынша бас тартуы үшін жауапкершілікке тартылады. Көрсетілген жағдайда әкімшілік жауапкершілік әскери міндеттілерге бес айлық есеп көрсеткіштері көлемінде айыппұл салынады, әскерге шақырғандарға - ескерту немесе үш айлық есеп көрсеткіші көлемінде айыппұл қарастырылады.