Сенім телефоны
8 771 532 8223
email: e-mail: sosh34@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Лермонтов к,, 93/1
телефон: 62-10-07 факс: 8(7182) 62-10-52
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Т.А. Мигунова - сенбі с 9:00 до 11:00
Школьная форма: "за" и "против"?
Голосовать
б) "против" - 984
а) "за" - 507
Всего проголосовало: 1491
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қабылдауға арналған құжаттар

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға

қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызмет берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 жұмыс күні;

    бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау үшін:

    бірінші сыныпқа – 1 маусым мен 30 тамыз аралығында;

    оқудың күндізгі нысанына – 30 тамыздан кешіктірмей.

2. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

3. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру

демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз

кезек тәртібінде көрсетіледі.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

    1) өтініш;

    2) туу туралы куәлігінің көшірмесі;

    3) денсаулық паспорты;

    4) 2 данада 3х4 см өлшеміндегі фотосурет.

6. Шетелдік және азаматтығы жоқ көрсетілетін қызметті алушылар өздерінің мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар мынадай құжаттардың бірін ұсынады:

    1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;

    2) азаматтығы жоқ адам – азаматтығы жоқ адамның жеке куәлігі;

    3) босқын – босқын куәлігі;

    4) пана іздеуші – пана іздеуші адамның куәлігі;

    5) оралман – оралман куәлігі.

    Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.