Астана 20-жылдығынының бекітілген логотипі және ұраны
Жаңа логотип символикалық түрде Самрұқ құсының шеңбер жасап тұрған қанатын сипаттайды. Шеңбер барлық көне дінде аспан көкжиегін білдірген. Кез келген табиғат көзінің энергия ең көп шоғырланған орны болады. Күн – жылу мен тіршілік көзі. Сол сияқты елордамыз Астана да шуағын елімізге шашып тұр. Шеңбер іспетті қанат Астананың құрылыуы мен дамуына еліміздің барлық тұрғынының үлес қосып жатқанын бейнелейді.