Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 771 532 8223
email: e-mail: sosh34@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қ., Лермонтов к,, 93/1
телефон: 62-10-07 факс: 8(7182) 62-10-52
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Т.А. Мигунова - сенбі с 9:00 до 11:00
Вам нравится обучение в нашей школе?
Голосовать
А) да - 229
Б) нет - 69
В) не очень - 53
Всего проголосовало: 351
Смотреть результат
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Рухани қазына» кіші бағдарламасын жүзеге асыруға арналған әдістемелік ұсынымдар

 

«РУХАНИ ҚАЗЫНА»  КІШІ  БАҒДАРЛАМАСЫН

ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР

«РУХАНИ ҚАЗЫНА»  КІШІ  БАҒДАРЛАМАСЫ

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) жобаны басқарудың әдіснамасына негізделеді, ол жобаның ұйымдық құрылымын құруды көздейді.

I. НЕГІЗІ ЕРЕЖЕЛЕР


Бағдарлама келесі арнайы жобалардан тұрады:

- "Туған жер"

- " Казахстанның сакралды географиясы",

- " Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет ",

- "100 жаңа оқулық",

- "100 жаңа есім",

- "Қазақ тілінің латын графикасына біртіндеп ауыстырылуы".

Бұл арнайы жобаларды жүзеге асыру төрт министрліктің (Білім және ғылым министрлігі, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігі, Ақпарат және байланыс министрлігі) құзыретіне кіреді. Басқару процестерін оңтайландыру үшін Бағдарлама төрт кіші бағдарламаға бөлінеді, олардың әрқайсысы сәйкес мақсатқа ие:

  • Білім және ғылым министрлігі -  «Тәрбие және білім».
  • Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі - «Атамекен».
  • Мәдениет және спорт министрлігі - «Рухани Қазына».
  • Ақпарат және байланыс министрлігі - «Ақпарат толқыны».
  • Бәсекелік қабілет;
  • Прагматизм;
  • Ұлттық бірегейлікті сақтау;
  • Білімнің салтанат құруы;
  • Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы
  • Сананың ашықтығы.

                       «РУХАНИ ҚАЗЫНА»  КІШІ  БАҒДАРЛАМАСЫ

Тарихтың өткен кезеңдерін қазіргі заманғы шындықпен байланыстыра отырып, біз үйлесімді болашақ өмірге қадам жасаймыз. Бүгін патриотизм тек рухани құндылық көрсеткіші емес, халықтың, қоғамның  жоғары моральдық рухын, тарихи жады, мәдени мұра, өз жерінің, салт-дәстүрлерін. байланыстыратын мықты іргетасы ретінде насихатталып, қаралады.. Халықтың мәдени ерекшелігі қоғамның тиімді дамуын қамтамасыз етуге қабілетті қуатты  және жасампаздық күшіне айналады.

Қазіргі уақытта базалық  принциптер мен отансүйгіштік құндылықтарына сүйенген жаңа әлеуметтік-мәдени ортаны қалыптастыру қажеттілігін, аймақтық тарих және мәдениетінің рөлін  ұғынуға қазіргі заманғы көзқарас талап етіледі.

Кіші отан жеке имиджін құру және дамыту, туған өлкесіне деген сүйіспеншілікті насихаттау қажет.

Кіші бағдарлама мақсаты: рухани құндылықтарына сүйене отырып, халықтың салт-дәстүріне, тарих, мәдениетіне қызығушылық пен құрметті ояту және  дамыту.

Мақсатиндикаторлары:

  1. Мәдениет саласының  қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін  арттыру;
  2. Мәдениет ұйымдарына (театрлар, кітапханалар, мұражайлар)келушілердің орташа санын  1000 адамға арттырып отыру;
  3. консервациялық және қалпына келтіру жұмыстары өткізілетін тарихи және мәдени ескерткіштерінің санын ұлғайту;
  4. Мәдениет ұйымдарына (театрлар, кітапханалар, мұражайлар) ішкі келушілер санын ұлғайту.

Мақсаттық индикаторларын өлшеу әдістері:социологиялық сауалнамалар, жергілікті атқарушы органдардың және статистикалық есеп беру

 

Базалық жобалар:

Кіші бағдарламаның түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу үшін мынадай Негізгі жобаларіске асырылатын болады:

  1. «Өнегелік құндылықтар»;
  2.     «Туған өлке мәдениеті»;
  3.     «Тарихи-мәдени мұра»;
  4. «Жергілікті туризм».

 

         «Өнегелік құндылықтар»Базалық  жобасы

Мемлекет басшысы айтқанындай: "Ұлттық-мәдени тамырларына сүйенбесе, жаңғырту  ауада қалқып қалады".

Мәдени-ұлттың генетикалық кодының негізі ретінде қоғамдақұндылық бағдарлар мен адамгершілік идеалдарды қалыптастыру қажеттілігі туындады.Базалық жобаның негізгі міндеті болып табиғатқа және қоршаған әлемге ұқыпты қарау,рухани бай салт-дәстүрлерді сақтау мен насихаттау,рухани байыту арқылыжоғары адамгершілік қасиетін қалыптастырутабылады.

Адамның мінез-құлық моделін өзгерту жөніндегі нақты, түсінікті іс-әрекеттер қажет. Адамның табиғатпен, өзінің "Мен" және қоғаммен үйлесімділігін табу үшін, қоғам көзқарасының жүйесін қалыптастыру қажет.

 

Қорытынды көрсеткіштері:

  1. Демеушілік және қайырымдылық жобалардың санын арттыру;
  2. Тұрғындардың әлеуметтік-экологиялық жаупкершілік деңгейін   

      көтеру;

Жобаның түйін оқиғалары(ЖАО бюджет шеңберінде):- Қарт адамдарға,аға буынғақұрмет пен көмекті насихаттауды дамытатын ерікті қозғалысының әлеуметтік-бағдарлы моделдерін жүзеге асыратын «Ұрпақтар диалогы» жобасы;

-    Бағалы кітаптар, суреттер, тарихи құжаттар, материалдық мәдениет заттарды ерікті түрде беруді  ұйымдастыратын, елдің барлық  аймақтарын қамтитын қайырымдылық және демеушілік акциялары;

-  Барлық  өңірлерде  әлеуметтік  нысандардың құрылысын және жөндеуді ұйымдастыру: жобаға демеушілік  қаражат есебінен,  оның ішінде, шет елде табысқа қол жеткізген отандастарды тарта отырып, спорттық, мәдени-демалыс ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру   кешендері (ДСК);

        -  Ел аймақтарында өлке дамуына үлес қосқан танымал адамдар, ақсақалдар, қайраткерлердің өмір тарихы мен естеліктеріне арналған «Естелік кітаптарын» басып шығару;

- "Рухани бай салт-дәстүрлердің жалғастырушылары" кешенді жобаны жүзеге асырудағы  дәстүрлі мәдениет, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды насихаттайтын фестивальдарды ұйымдастыру;

- «Таза көше», «Таза ауыл» акциясын ұйымдастыру;

-  аумақты көгалдандыруға «Тал күні» акциясын ұйымдастыру;

-  рекреациялық объектілер, табиғи қорықтар, су айдындары, өзендерді; тазалауғаэкологиялық сенбіліктер ұйымдастыру;

-  рекреациялық объектілер, табиғи ландшафттар, табиғат ескерткіштері туралы  фото- и видеоматериалдардың аймақтық, қол жетімді ақпарат базасын құрастыру.

 Мемлекеттік органдар-қоса атқарушылар  :ҰЭМ, ҚАРЖЫМИНІ, ЭМ, АШМ, ҚР ДІАҚМ, МАМ, ЖАО.

  1.  «Туған өлке мәдениеті» базалық жобасы.

Бүгінгі күні мәдениет пен мәдени әлеуеттін дамуы негізгі басымдықтарын қатарына жатады. Жалпыұлттық және әлемдік мәдени мұраның сақталуын қамтамасыз ету және байытудағы аса маңызды жетістік критерийлерінің бірі ретінде мәдениеттің даму деңгейі, тиімді жұмыс істейтін мәдени институттар инфрақұрылымы мен тетіктері болып табылады.

Базалық жобаның негізгі міндеті: мәдени аймақтардың ерекшеліктерін синтездеу негізінде елдің біртұтас мәдени кеңістігін дамыту.

Қорытынды көрсеткіштер:

  1. Мәдениет ұйымдарына адамдардың  кіру санын арттыру;
  2. ғылыми-зерттеу жобаларының саны;
  3. Өңірлер бойынша археологиялық, этнографиялық, фольклорлық және т. б. экспедициялар санын ұлғайту;
  4. Өлке тарихы бойынша мұрағат құжаттарынсандық форматқаауыстыру;
  5. Қалпына келтірілген мәдени құндылықтардың,мұражай заттарының саны.

Жобаның түйін оқиғалары(ЖАО бюджет шеңберінде):

-жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, мұражай-қорықтардың және т. б. үшін зерттеу жұмыстарын жүргізу және экспедиция, ономастика, топонимика, фольклор, әдет-ғұрып, салт-дәстүр ескерткіштерін зерттеу, өлкенің археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу, геоақпараттық картографиялау үшін гранттар бөлу;

-   ғылыми-зерттеу институттарын, Жоо-ның арнайы этнографиялық   

    экспедиция әлеуетін пайдалана отырып, материалдық емес мәдени  

    мұраны өңірлер бойынша жинауды ұйымдастыру;

  •   Республикалық  "Ұлы дала елінің тарихы"  (фотокөрмелері және    

  шебер-сыныптарымен бірге)  мұражай фестивалін ұйымдастыру;

  •  "Музейдегі бір күн" жобасы аясында оқушылардың мұражай    

  қызметкерлерімен кездесулерін ұйымдастыру, оқушыларды  мұражай    

  ішінде экскурсия өткізуге үйрету;

  •   "Ұлы дала сазы" акция аясында республикалық театрлар мен    

  концерттік ұйымдардың өңірлер бойынша атақты адамдардың   

  қатысуымен   гастрольдік   сапарларын   ұйымдастыру;

      -     мәдени құндылығы  бар  музей заттарын реставрациялау,3D- 

            модельдерін құру;

      -   "Мұрағаттар сөйлейді" жобасы аясында Қазақстан және өңірлердің 

            тарихы бойынша  сандық  форматқа көшірілген мұрағаттық

            құжаттарды, тарихи деректі ақпаратты алғаш рет жариялау,  

            мұрағаттық жинақтарды арнайы  бөлінген электрондық интернет-  

            ресурстарында,  соның ішінде түрлі нысанда  БАҚ-та орналастыру;

Республикалық және өңірлік мәдениет ұйымдарда дайын бұйымдарды сатуға арналған алаңдары бар қолөнерлік шебер сыныптарды (қыш, зергерлік, тоқыма, ұстахана ісі және т.б.) жүргізе отырып, республикалық қолөнер шеберлерінің "Шеберлер ауылы" фестивалін тұрақты негізде өткізу.

Мемлекеттік органдар-қоса атқарушылар: ҰЭМ, ҚАРЖЫМИНІ,  

ЭМ, БҒМ, СІМ, МАМ, ЖАО.

«Тарихи-мәдени мұра» базалық жобасы.

Қазақстан әлемдік өркениет қазынасына енген бірегей мәдени құндылықтардың иегері болып табылады. Осыған орай, қазіргі заманғы мультимедиялық  құралдарды ескере отырып, міндетті тұрде  кешенді зерттеу және мәдени мұраларды, соның ішінде   аймақтық деңгейде, кең көлемде насихаттау.   

Базалық жобаның негізгі міндеті:аймақтардың тарихи-мәдени мұраларын зерттеу, сақтау және насихаттау.

Қорытынды көрсеткіштері:

  1. QR кодыорнатылған ескерткіштер үлесін ұлғайту.
  2. Маңызды тарихижәне мәдениет ескерткіштерітуралы  түсірілгенғылыми-танымал фильмдер;

3.Аймақтарда  жаңадан  анықталған ескерткіштердің саны және оларды жергілікті маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштер тізіміне қосу.

Жобаның түйін оқиғалары (ЖАО бюджет шеңберінде):

-республикалық және жергілікті маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштердің техникалық жай-күйі мен фотоматериалдарын зерделей отырып, толық түгендеу және жекелеген аудандар бойынша "Тарихи және мәдениет  ескерткіштер жинағы" атты  ғылыми  басылымның  шығарылуы;

  • археология (archaeology.kz)   интернет-порталын  құру, осы бағыт бойыншабарлық деректерді әзірлеу және орналастыру;
  • Қазақстанның  тарихи-мәдени мұрасы, апатты тарих және мәдениет ескерткіштері бойынша геоақпараттық деректер базасын құру және жыл сайын қосымша қаржы  құралдарын авариялық-құтқару жұмыстары, жергілікті және республикалық маңызы бар ескерткіштерді қайта жаңғырту және консервациялауға бөлу, интернет-порталына  орналастыру;

-       Аймақтар бойынша маңызды тарихи және мәдениет ескерткіштері туралы  ғылыми-танымал фильмдер түсіру;

  • тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау және пайдалану саласында құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру жөнінде халықаралық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен, соның ішінде ЮНЕСКО-ның ЖАО өкілдері үшін семинар-тренингтер өткізу;
  • туған өлкенің ескерткіштерін насихаттау ұйымдастыру үшін жоғары сынып оқушыларына  кешенді шаралардыұйымдастыру;
  • тарих және мәдениет ескерткіштерінде QR-кодтар регламенттерін әзірлеу, орналастыру;
  • "Ботай", "Бозоқ", "Бегазы", "Шілікті" және т. б. ескерткіштер базасында

ашық аспан астындағы мұражай құру;

  • Мемлекеттік органдар-қоса атқарушылар: ҰЭМ, ҚАРЖЫМИНІ, БҒМ, МАМ, ЖАО.

4. «Жергілікті туризм» базалық жобасы.

Туған өлкені зерттеу және туризм бір-бірімен тығыз байланыста.Без достоверной и разнообразной краеведческой информации невозможно выполнение экскурсионных разработок и туристских маршрутов.Анық, шынайы  және әртүрлі өлкетану ақпараты болмаса, экскурсиялық әзірлемелер және туристік маршруттарды орындау мүмкін емес. Сондықтан, рухани,мәдени, этнографиялық,аймақтық,экономикалық және білім беру құрамдас бөліктерді біріктірген аймақтық туризм бағдарламаның басты бағыттарының бірі болуы міндет.

Базалық жобаның негізгі міндетіболып жүйелі ішкі туризмді дамыту табылады.

Қорытынды көрсеткіштері:

  1. Ел өңірлері бойынша ұйымдастырылған, соның ішінде балалар-жасөспірімдер туризмы бойынша,туристік экскурсия саны.
  2. Автомобиль, кемпинг туризмы үшін әзірленген маршруттарсаны.
  3. Тарих және мәдениет ескерткіштерібойынша жергілікті маршруттар саны.
  4. Туристік объектілердізерттеужәне  насихаттау бойынша ұйымдастырылған іс-шаралар саны.

          Жобаның түйін оқиғалары (ЖАО бюджет шеңберінде):

  • еліміздің өңірлеріне  таратуға арналған  жол көрсеткіштері, жұмыс режимі  және прейскурантын көрсете отырып,  көрікті жерлер мен нақты орынға бару  туристік карталар, буклеттерді жасақтау;
  • оқушылар үшін мәдени және туристік экскурсия, тарихи-мәдени көрікті жерлер, археологиялық қазба жұмыстары жүріп жатқан өңірлері, табиғат ескерткіштеріне саяхат ұйымдастыру, соның ішінде астанадан аймақтарға және аймақтардан астанаға келуі-шығуы;
  • тарих және мәдениет ескерткіштеріне, соның ішінде, отбасылық, кемпинг, керуен саяхаттары және  жергілікті туристтік маршруттарды құру, ЖАО сайттарына ақпаратты орналастыру;

Мемлекеттік органдар-қоса атқарушылар: ҰЭМ, ҚАРЖЫМИНІ, БҒМ, ЭМ, АШМ, МАМ, ЖАО.

Қаржы ресурстары:

Кіші бағдарламаның қаржы ресурстарына қажеттілігі  жүзеге асатын жобалардың  сәйкестендіру  және талдау  қорытындысы бойынша анықталады.

Эксперттік қолдау:

Мақсаттық топ: азаматтық қоғам, соның ішінде ғылыми-педагогикалық және ата-ана қоғамдық кеңестері. Эксперт кеңесінің ұсынуы бойынша қосымша арнайы эксперт топтары құрылады.

Сыртқы байланыс стратегиясы:

Бағдарламаның сыртқы байланысы ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігі, ҚР СІМ, басқа да қызығушылық көрсеткен мемлекеттік органдармен, МАМині и ҮЕҰ арқылы жүзеге асады. Контентті әзірлеу және оны толтыру, жалпы тұжырымдамасы бар жобаларды алға жылжыту, сондай-ақ медиа-жоспарды жасау  кіші бағдарламаның уәкілетті органы арқылы жүзеге асады.