Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 771 532 8223
email: e-mail: sosh34@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Лермонтов к,, 93/1
телефон: 62-10-07 факс: 8(7182) 62-10-52
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Т.А. Мигунова - сенбі с 9:00 до 11:00
Школьная форма: "за" и "против"?
Голосовать
б) "против" - 989
а) "за" - 509
Всего проголосовало: 1498
Смотреть результат
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектепте ішкі тәртіп ережесі мен оқушылардың тәртібі

                                               ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕСІ

                                                                                                           «Павлодар қ. №34 инновациялық үлгідегі жалпы орта білім беру мектебі»

мм Директоры

                                                                                           _____________________ Б.К.Айгожин                                                                                                                                        

«ПАВЛОДАР Қ. №34 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮЛГІДЕГІ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» ММ  ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕСІ

Мектепте оқу үрдісінің ұйымдастыру тәртібі

1.            Мектеп сабақтары мектеп директоры бекіткен кестеге сәйкес жүргізіледі.

2.            Сабақ ұзақтығы  45 минут.

3.            Қоңырау ұзақтығы санитарлық нормаға сәйкес мектеп директоры бұйрығымен анықталады. 

4.            Қоңырау бойынша оқушылар сабаққа кіріп, дайындалады.

5.            Таңғы жаттығу 7 сағат 55 минуттан басталады.

6.            Мектепте сабақтар 8 сағат 00 минуттан басталады.

7.            Қоңырау кестесі

      Мектептегі оқушылардың сабақтарға қатысуы және сыртқы келбетке қойылған талаптар

1.            Оқушы жолдан абайлап өтіп, жол жүру ережелерін ұстануы қажет.

2.            Қоғамдық көлікте оқушы тәртіп ережелерін және тиісінше қауіпсіздік шарасын сақтауы қажет.

3.            Оқушы мектепке сабақ басталуына 15-20 минут қалғанда келіп, таза әрі ұқыпты киінуі тиіс.

4.            Сыртқы киімді оқушылар гардеробта шешеді.

5.            Сыртқы киімнің қалталарында ақша, кілттер, жол жүру билеттері, басқа да құнды заттардың болуына тыйым салынған.

6.            Оқушы мектепте ұқыпты және шамданбаған шаш үлгісін ұстанып, өзімен таза қол орамалы мен тарақ болуы қажет.

7.            Оқушы жеке гигиенаны сақтауы қажет. Оқушы сыр келбеті жайында гардеробтан шыққан кезде кезекші мұғалім немесе әкімші бағалап, нағыз ережелерге сәйкес талаптар қояды.

8.            Сабақтан қалып қойған оқушыларды кезекші әкімші немесе мұғалім тіркеп, күнделікке қалып қойғаны жайында жазады. Қалып қойған оқушылар тек кезекші әкімшінің рұқсатымен ғана сабаққа кіре алады.

9.            Жүйелі түрде сабақтан қалатын оқушылар мектеп әкімшілігіне түсіндіру үшін шақырылады.

10.       Оқушыларды сабақтан жіберу мек мұғалімнің келісімімен мектеп директоры немесе кезекші мұғалімінің бұйрығымен жүзеге асырылады.

11.       Оқушылардың оқу кезінде мектептен шығуы тек сынып жетекшінің немесе кезекші әкімшінің жазба рұқсатымен жүзеге асырылады. 

12.       Бөтен тұлғалардың мектепте болуы тек мектеп күзеті мен кезекші әкімшінің рұқсатымен ғана бола алады.

13.       Сыныптан тыс шаралар жоспарланбаса,  сабақтар аяқталған кезде оқушылар 20 минуттан кейін мектептен кетулері тиіс. 

14.       Оқушы сабақтан қалса, сынып жетекшіге медициналық анықтама немесе ата-анасының түсініктемесін тапсыруы қажет.

15.       Оқушы себепсіз 3 күн сабақта болмаса, онда ол тек мектеп директоры атына ата-анасының жазба түсініктемесі негізінде ғана сабаққа келе алады. 

16.       Егер де мұғаліммен басқа келісімі болмаса оқушы босатқан сабақтарды барлығын бір аптаның ішінде өздігінен меңгеруіне жауапты.

17.       Оқушы сабақты босатса да мұғалімге босатқан сабағының есебін тапсырады және үй жұмысын орындайды.

18.       Оқушыны сабақтан босату үшін ата-ананың бірі мектеп директоры атына (3 күннен кем емес) өтініш білдіруі қажет. Осы кезде сабақтан қалған уақытты компенсациялау қажет, ол не өздік жұмысын жасап, не болмаса мұғалімменқалған уақыттан бұрын немесе одан кейін қосымша сабаққа баруы тиіс. Босатқан сабақтар үшін оқушы тиісінше бақылау жұмыстарын орындайды. 

Оқушылардың сабақтағы тәртібі

1.            Оқушылар міндетті түрде сабаққа үй тапсырмасын орындап алып келеді.

2.            Мұғалім сыныпқа кірген уақытта оқушылар тұрып амандасады.

3.            Мұғалім оқушыны жауап беруге шақырған кезде, ол  тақта алдына шығып, баға қою үшін мұғалім алдына күнделігін беруі міндетті.

4.            Мұғалім ғана орнынан тұрмай жауап беруге рұқсатын бере алады.

5.            Оқушы жауап берген кезде қатты дауысын шығарып, түсінікті, асықпай, өз ойын дұрыс жеткізуіне тырысуы қажет.

6.            Сабақ кезінде көшіру және сыбырлар айтуға болмайды, ол оқу материалын дұрыс меңгеруіне бөгет болады.

7.            Жауап беремін деген оқушылар қолын көтерулері міндетті. Басқа қылықтармен өзіне назар аудартуға болмайды.

8.            Оқушылар мұғалімнің түсіндіргенін және жолдастарының жауаптарын мұқият тыңдап, шуламай, сөйлемей, басқа нәрселермен айналыспай, бөгет жасамаулары тиіс.

9.            Сабақ барысын бұзған әрекет дөрекі тәртіп бұзушылыққа жатады. Оған кінәлілер мектеп әкімшілігі тарапынан тәртіптік жазаға ұшырайды.

10.       Өз әректімен сабаққа бөгет жасайтын оқушыны мұғалім сәйкесінше жұмыс өткізу үшін кезекші әкімшіге жібереді. Мектеп әкімшілігіне міндетті түрде барулары тиіс. 

11.       Оқушылар мұғалім ескерту жасағанда уақытылы және тәнік әсер етуі қажет.

12.       Сабақтан өз еркімен кетуге тыйым салынған. Сыныптан шығуға тек қана мұғалім рұқсат бере алады, оның өзі сабақ басталғаннан кейін 20 минут өткен соң, бірақ қоңырауға бес минут қалғанда емес.

13.       Оқушылар белгіленген кабинеттерде Еңбек қорғау ережелерін біліп, сақтаулары тиіс.

14.       Оқушылар тапсырмаларды күнделіктеріне толық әрі түсінікті етіп жазулары тиіс.

15.       Өз денсаулығын сақтау мақсатында партадағы өзінің отырысына, бас еңкішіне назар аударуы тиіс. 

16.       Ауыздағы сағыз – дөрекі әдеттің белгісі, сабақ кезінде оны қолдануға болмайды.

17.       Сабақ аяқталғаны туралы қоңырау мұғалім үшін арналған. Тек мұғалім ғана сабақтың аяқталуы жайында хабарлап, сыныптан кетуге рұқсат бере алады. Сыныптан кеткен кезде өзінен кейін оқу орнын ретіне келтіреді.

Оқушылардың қоңыраудағы тәртібі

1.            Кабинетті желдету үшін оқушылар үзіліс кезінде дәлізге шығулары тиіс. 

2.            Оқушылар мектептегі тәртіпті сақтау бойынша өз міндетін атқаратын кезекші мұғалімдерінің, мектеп бойынша кезекшілерінің және  мектеп қызметкерлерінің талаптарына бағынуы тиіс (кезекшілік ережесін қарау).

3.            Жарақатқа және мүлікті бұзуға әкелетін, сонымен қатар басқаларға демалуға бөгет жасайтын әрекеттер жасауға болмайды.

4.            Оқушы үзіліс кезінде өз жұмыс орнын тазалап, сыныптан шығып кетуі тиіс.

5.            Сынып бойынша кезекші мұғалімге келесі сабаққа кабинетті дайындайды.

6.            Оқушыларға үзіліс кезінде баспалдақтар мен қабаттарда жүгіруге болмайды; еденде және терезе алды тақтайына отыруға болмайды.

Оқушылардың оқу құжаттары

1.            Әрбір оқушы сабақ кестесіне сәйкес сабаққа қажетті заттарды алып келуі тиіс, оқушы күнделігін мұғалім сұраған кезде міндетті түрде беруі тиіс.

2.            Оқушы оқу аптасы аяқталған кезде ата-анасына қол қою үшін беруі тиіс.

3.            Күнделікке жазылған қорытынды бағалары мен ескертулерін сол күні ата-анасына қол қоюға беруі тиіс.

4.            Күнделікте жазылған бағаларды немесе ескертулерді өзгертіп, өшіруге, сонымен қатар одан беттерді жыртуға үзілді-кесілді болмайды.

Оқушыларға қойылған бағалар

1.            Мұғалім өткен бағдарлама материалдарымен қарастырылған оқу түрі жұмысына баға қойып, сол күні оқушыға оны жеткізеді

2.            Берілген пән үшін оқушының білім баға критерийі бағдарламамен анықталады.

3.            Белгіленген мерзімде орындалмаған жұмысты «қанағаттандырылмаған» деп есептелуіне болады

4.            Баға нәтижесі ағымдағы кемінде үш баға негізінде қойылады.

Оқушыларға тыйым салынады:

1.            Арақ-шарапты, темекіні, наркотикалық және токсикалық заттарды қолданып, әкелуге

2.            Өртке әкелетін кез келген заттарды қолдануға

3.            Қарым-қатынасты шешу үшін немесе бопсалау үшін дене күшін қолдануға, бір-бірін итеруге, заттарды лақтыруға, шулауға.

4.            Өз өмірі мен денсаулығына және өзгелерге қауіпті әрекеттерді жасауға

5.            Басқа оқушыларға және мектеп қызметкерлеріне әдепсіз, дөрекі сөздерді айтуға

6.            Сабаққа қатысы жоқ нәрселерді әкелуге

7.            Мектепке шемішке әкелуге

8.            Мектепке сіріңке, оттық, тесетін және кесетін заттарды, газ баллондарын, мылтықты (соның ішінде газды, пневматикалық, имитациялық), ойын карталарын әкелуге

9.            Өзіне, денсаулығы мен өміріне зиян келтіретіндей және мектеп мүлкіне зияна тиіп кететін әрекеттер жасауға.

10.       Жиһаздар мен қабырғаға жазуға, мектеп жиһазын, кабинет жабдықтарын және басқа да мектеп мүлкін бүлдіруге, тырнауға болмайды.

11.       Мектепке тиесілі кітаптар мен құралдарға жазуға, кітап бетін жыртуға.

12.       Мектеп территориясында және мекемеде қоқыс тастауға болмайды,қоқысты тек қоқыс тастауға арналған жерге тастау қажет.

13.       Сабақ кезінде ұялы телефондарды, плеерлер, электрондық ойындар және т.с.с. қолдануға.

14.       Оқу сабақтары кезінде мектеп дәлізінде болуға

15.       Ойынға арналмаған жерлерде, баспалдақтарда жүгіруге.

16.       Оқушылар жүрген жерде кептеліс жасауға.

17.       Мектептен немесе сабақтан сұранбай кетуге.

18.       Мұғалімнің рұқсатынсыз кабинеттерден кілтті алу, сыныптарда жабылып, өз бетінше әйнектерді ашуға.

Оқушылардың тәртібіне жалпы талаптар

1.            Мектеп оқушылары үлкендерге сыйластықпен қарау қажет, педагогтарға «сіз» деп және толық аты мен әкесінің атын атауға міндетті.

2.            Оқушылар үлкендерге, үлкен оқушылар кішілерге, ұлдар қыздарға жол берулері тиіс.

3.            Оқушылар мектептен тыс өзін дұрыс ұстап, мектеп атына кір келтірмеулері  қажет. 

4.            Мектеп оқушылары сөйлеу мәдениетіне назар аударып, ана тілі тазалағын сақтаулары қажет.

5.            Оқушылар мектеп мүлкін ұқыпты ұстап, өзінің мүлкімен қоса, өзгенің де мүлкіне ұқыптылықпен қараулары тиіс.

6.            Оқушылар есіктерді қатты жаппай, ойнамай, ұқыпты қараулары жөн.

7.            Оқушылар Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң түрде сақтаулары міндетті.

8.            Мектеп бойынша кезекшілерге немесе мектеп қызметкерлері ескертулеріне дұрыс жауап беру керек, мектеп бойынша кезекші немесе мұғалімнің бірінші талабы бойынша тегі мен оқитын сыныбын айтулары қажет.

9.            Үлкендермен сөйлескен кезде дөрекі мінез-құлық танытпай, қолын қалтада ұстамай, дұрыс сөйлеуі қажет.

10.       Оқушылар мектеп мүлкін бұзғанға жауапты (соның ішінде ата-аналар арқылы материалдық жауапкершілікке тартылады)

Тәртіптік бұзушылықтар

Тәртіптік бұзушылықтар деп мектепте оқушылар Тәртіп ережелерін бұзу әрекеті есептеледі. 

Тәртіптің дөрекі бұзушылықтары деп ауыр жағдайға әкеліп соғатын нәтижесі есептеледі, олар:

- оқушылардың, қызметкерлердің немесе мектепке келген адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келген жағдайда;

- мектеп, оқушы, қызметкерлер және мектепке келген адамдардың мүлкіне зиян тигізген жағдайда;

- оқу үрдісін үзген жағдайда, мектеп жұмысының білім мекемесі ретінде шырқын бұзған жағдайда.

Мектеп мұғалімдеріне қойылатын талаптар

1.            Мектепте де, мектептен тыс та моральдық норманы сақтап, тәртіп жағынан үлгі болу.

2.             Жұмыста сынып жетекші болса да, болмаса да сабаққа 20 минут қалған кезде келу.

3.             Ереже мен нұсқаулықтарға сәйкес қарастырылған қауіпсіздік техникасы бойынша, өндірістік тазалық сақтау және өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын қатаң түрде сақтау, жарақаттанған кезде және басқа да жағдайлар жайында жедел түрде әкімшілікке хабарлау. 

4.            Вахтада оқу кабинетінің кілтін уақытында алып, сабақ аяқталғаннан кейін қайтарып беру.

5.            Сынып журналын бірінші сабақта мұғалімдер бөлмесінен алу; сыныпта соңғы сабақ өткеннен кейін сынып журналын мұғалімдер бөлмесіне қайтару.

6.            Сабақты қоңыраумен бастап, қоңыраумен аяқтау, оқу уақытын дұрыс пайдалану. 

7.            Бүкіл оқу жылына күнтізбелік-тақырыптық жоспар, онда өткізілетін күні мен сабағы көрсетілуі тиіс, оқу күні кестесі бойынша әрбір сабаққа, сонымен қоса арнайы курсқа және сынып сағаттарына күнделікті сабақ жоспары болуы тиіс

8.            Мұғалімдерге және оқушыларға арналған жоспар бойынша барлық шараларға сабақ кестесіне қарамастан қатысу.

9.            Мектеп директоры орынбасарларының бұйрықтарын нақты және мерзімінде орындау.

10.       Мектеп директорының барлық бұйрықтарын орындау, бұйрықпен келіспеген жағдайда еңбек дауы бойынша комиссиясына арыз беру.

11.       Ауырып қалған жағдайда мұғалім әкімшілікті оқу күні басталмай жатып ескерту, емделіп болғаннан кейін оқу күні аяқталмай, жұмысқа шығатын күннен бұрын ескерту, жұмысқа бірінші күні шыға сала, уақытша жұмысқа қабілетсіз екендігі жайында қағаз көрсету.

12.       Сынып жетекші оқушыларды қарсы алу керек, оқу үрдісіне дайындықты өткізу (гардеробта кезекшілік ету, сабақ кестесінде өзгертулерді нақтылау, болмаған оқушыларды және олар не үшін болмағаны жайында анықтау).

13.        Сынып жетекші тәрбие жұмысы жоспары мен кестеге сәйкес тәрбие іс-шарасын және сынып сағаттарын өткізу.

14.       Тәрбие жұмысы жоспары бүкіл оқу жылына бір рет құрастырылады.

15.       Сынып жетекші тәрбие жұмыс жоспарына сәйкес сыныптан тыс тәрбиелік жұмысты атқарады, сонымен қатар оқу жылында төрт рет сынып сағаттарын өткізеді.

16.       Сынып жетекші аптасына бір рет күнделік тексеруге және күнделікке баға қоюға міндетті.

17.       Сабақ сайын электрондық журнал ЭОЖ-ны толтыру, оқушыларға баға қою

18.        Мұғалім киім формасы мектеп жарғысында  көрсетілген талаптарға сай болуы тиіс.

19.       Жұмыс орнын, жиһазын, жабдықтар мен құралдарды таза әрі ұқыпты ұстау, мектеп мекемесінде тазалықты сақтау.

20.       Мектеп мүлкін сақтау, материалдарды ұқыпты қолдану, электроэнергияны, жылу мен суды рационалды шығындау.  

Педагогикалық және мектептің басқа да қызметкерлеріне тыйым салынады:

1.            Жұмыс кестесі мен сабақ кестесін өз қарауымен өзгертуге.

2.            Сабақ ұзақтылығын және олардың арасындағы үзіліс қоңырауын қысқартып, ұзартып немесе сабақ болдырмауына.

3.            Оқушыны сабақтан шығаруға.

4.            Мектеп ұжымы мүшелерін және оқушыларды қорлауға.

5.            Сабақтарда бөтен тұлғалардың қатысуына.

6.            Сабақ кезінде әлдебір себептермен кабинеттен шығып кетуге.

7.            Мектеп мекемесінде темекі тартуға.