Тест
Тақырып: Фонетика (Дыбыстардың бөлінуі. Буын. Буын үндестігі.)
Морфология (Жұрнақ. Жалғау.)
1. Фонетика нені зерттейді ?
А) сөз мағыналарын зерттейді. В) сөз тіркесін зерттейді. С) дыбыстарды зерттейді.
2. Қазақ алфавитіндегі әріп саны:
А) 36 В) 42 С) 33
3. Қазақ тілінің төл дыбыстары:
А) л,о,с В) қ,ң,ә С) ұ,у,с
4. Тек жуан дауысты дыбыстар:
А) е, а В) ү, і С) ы, о
5. Жіңішке дауысты дыбыстары бар сөз:
А) құлақ В) дене мүшелері С) мұрын
6. Еріндік дауыстылардан тұрған сөздер:
А) жұрт, тозу В) көрімдік, сәйгүлік С) ұлы, томаға
7. Ұяң дауыссыз дыбыстар қатары:
А) в, б, г, ғ, ж . В) б, в, к, с, д . С) л, д, р, м, п.
8. Қ қандай дыбыс?
А) ұяң дауыссыз дыбыс ; В) қатаң дауыссыз дыбыс; С) үнді дауыссыз дыбыс.
9. Үнді дауыссыздан басталатын сөз:
А) зерек В) намыс С) емен
10. Марапатталады сөзіндегі буын саны:
А) алты В) жеті С) сегіз
11. Дұрыс тасымалданбаған сөз:
А) бал - апан В) күрес - ші С) ор – маншы
12. Жуан буынды сөздер:
А) қоңырау, сабақ В) терезе, гүл С) оқушы, мұғалім
13. Бітеу буынды сөздер:
А) мереке, үлгі, аула В) дәптер, мектеп, гүл С) сұлу, жұқа, кіші
14. Үндестік заңы неше түрге бөлінеді?
А) 2 В) 3 С) 4
15. Буын үндестігіне бағынбайтын сөз:
А) айлар В) жемқор С) жаздың
16. Үндестік заңына бағынбайтын қосымша:
А) –ған, -ген В) –қа, -ке С) –нікі, -дікі
17. Сөз құрамына жататын бөлшектер:
А) дыбыс, әріп В) буын, түбір С) түбір, қосымша
18. Түбір сөз:
А) ән В) әнші С) әнқұмар
19. Түбірлес сөздер:
А) төбе, есік В) өзен, көл С) қалам, қаламгер
20. -шы, -ші –жұрнақтардың түрі:
А) сөз тудырушы В) сөз түрлендіруші С) сөз құрамы
21. Жұрнақ жалғанған сөз:
А) жұмыста В) жұмысқа С) жұмысшы
22. Сөздерге жалғанатын тиісті жұрнақтарды белгіле.
Асық..., қи..., жағалас..., ұмыт... .
А)-ма,-па,-пе,-ме В) –па,-ма,-па,-па С)-па,-пе,-ба,-бе
23. Қалау райдың жұрнақтары:
А)-са,-се В)-ған,-ген С)-ғы,-гі
24. Тұйық жұрнақтың жұрнағы:
А)-шы В)-лы С)-у
25. Көптік жалғаулы сөз:
А) сызғыштар В) мамандық С) әжем
26. Көптік ұғым беретін сөздер:
А) дәптер, біз В) құм, қымыз С) қазақ, ақын
27. Тәуелдік жалғаулы сөз:
А) таңбасы В) шаңырақ С) күй
28. Шығыс септіктегі зат есім:
А) еттің В) жастыққа С) өмірден
29. Жалғаудың төрт түрі де жалғанған сөз:
А) аттанармын В) жазушыларымыздансың С) бақыттысыңдар
30. Жіктік жалғау жалғанған зат есім:
А) Ғылым таппай мақтанба.
В) Сен өз жігіттеріңе басшысың.
С) Ақыл азбайды, білім тозбайды.
Тест
Тақырып: Сан есім.Есімдік.
1. Сан есімнің сұрақтары:
А) неше? қанша? В) қандай? қай? С) кімнің? ненің?
2. Кому? Чему? Дұрыс аудармасын тап.
А) кімнің? ненің? В) кімді? нені? С) кімде? неде?
3. Сан есімнің тұлғасына қарай бөлінуін көрсет.
А) жинақтық, топтау; В) негізгі, туынды; С) дара, күрделі.
4. Есімдіктің түрі:
А) сұрау; В) көсемше; С) жинақтық.
5. Есептік сан есім:
А) бесінші; В) жиырма; С) алтау.
6. Өздік есімдігі:
А) әрқайсы; В) олар; С) өзіміз.
7. Септік жалғауы бар сан есім:
А) бірінші; В) төртеуден; С) алтаудан.
8. Сұрау есімдігі:
А) ешбір; В) қайдан; С) әне.
9. Реттік сан есімнің сұрағы:
А) нешінші? В) нешеу? С) неше?
10. Болымсыздық есімдігі:
А) сен; В) бәрі; С) ешқайсысы.
11. Күрделі сан есім:
А) төрт; В) он бір; С) екі.
12. Белгісіз есімдігі:
А) мұны; В) мынау; С) біраз.
13. Мақалдағы сан есімнің түрін тап. Ағайын-алтау, ана-біреу.
А) жинақтық; В) бөлшектік; С) болжалды.
14. Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті таңда:
... бағдарламаның негізгі мақсаты-Қазақстан халқының тұрмысын өркендету.
А) неше; В) бұл; С) өзім.
15. Сойлемді аяқта: Алпыс минут дегеніміз-... .
А) он сағат; В) алпыс секунд; С) бір сағат.
16. Есімдік пен зат есім тіркесі:
А) биік тау; В) жаңа жыл; С) осы кітап.
17. Қазақстанның облыс орталықтарының саны:
А) 12 В) 14 С) 13
18. Тиісті есімдікті тап: Асқар, Абай, Айгүл-... біздің үйге келеді.
А) ешкім; В) кім; С) бәрі.
19. Бөлшектік сан есім:
А) елуінші; В) үшеу; С) бестен екі.
20. Дұрыс тіркескен сөз:
А) менің кел; В) маған кел; С) мені кел.
21.Дұрыс аудармасын белгіле: Пять минут шестого.
А) Алтыдан бес минут кетті. В) Алтыға бес минут бар. С) Бестен бес минут кетті.
22. Жіктеу есімдігі:
А) сіз; В) ешкім; С) бәрі
23. Аптаның бірінші күні:
А) сейсенбі; В) дүйсенбі; С) жұма.
24.Мақалдың ішінен есімдікті белгіле. Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
А) бол В)cұлтан; С) өз.
25. Сан есімді тап.
А) мың; В) алтын; С) теңге.
26. Тиісті есімдікті қой:
... сабақ оқыдым.
А) олар; В) мен; С) ол.
27. Күрделі сан есім:
А) алты; В) төртеу; С) үш жүз.
28. Кімнің көйлегі?-деген сұраққа жауап бер.
А) оның; В) сенде; С) саған.
29. Жетіге дейін саналатын сан есімнің тобы:
А) болжалдық; В) реттік; С) жинақтық.
30.Күрделі есімдіктер қатары:
А) күллі, барша, тегіс; В) өзім, өзді-өзі, өздеріңіз; С) әркім, қайсыбір, ешқашан.
ТЕСТ « ҚОСЫМША»
1. Табыс жалғаулы сөзді табыңыз .
A) Алтыбақан тебу .
B) Бес арыс .
C) Екі мың тоғыз жүз .
D) Үзілісті күту .
E) Жиырма бес процент .
2. Тәуелдік жалғаудың ІІ жағында жекеше тұрған сөзді табыңыз .
A) Достарым.
B) Досың.
C) Достарыңыз.
D) Досы.
E) Достарымыз .
3. Шығыс септігінде тұрған сілтеу есімдігін табыңыз .
A) Осылардан.
B) Осылармен .
C) Осылардың.
D) Осыларға.
E) Осыларды .
4. III жақта келген тәуелді сөз.
A) Балаларым.
B) Жағулы.
C) Қаламы.
D) Балаң.
E) Баламды .
5. Атау септігінде тұрған сөзді табыңыз .
A) Әкемде.
B) Әкемді.
C) Әкем.
D) Әкеммен.
E) Әкемде .
6. Барыс жалғаулы сөзді табыңыз .
A) Әжесін,әкесін .
B) Әжемнің,әкемнің .
C) Әжеме,әкесіне .
D) Әжемде,әкемде .
E) Әкемнен .
7. Барыс септігінде тұрған сөзді табыңыз .
A) Босағасына.
B) Қылышы.
C) Көкте.
D) Қаланы.
E) Қаласында .
8. Жалғаулы сөзді табыңыз .
A) Балапан .
B) Өнерпаз .
C) Билетте .
D) Балажан .
E) Балалы .
9. Жатыс жалғаулы сөзді табыңыз .
A) Дайында .
B) Әсемнің .
C) Бесігінде .
D) Іспетті .
E) Қолдам .
10. Жатыс септігінде тұрған сөзді тап .
A) Сөреде.
B) Сөрені.
C) Сөренің.
D) Сөреден.
E) Сөремен
11. Жіктік жалғаудағы II жақ, көпше түрде сөзді табыңыз .
A) Барамыз .
B) Барасыздар .
C) Барады .
D) Барасыз .
E) Баруға .
12. Жіктік жалғауы нені білдіреді?
A) Қимылдың орындалғанын .
B) Меншіктілікті .
C) Көптік ұғымды .
D) Бағыт мағынасын.
E) Жақтық мағынаны.
13. Жіктік жалғауының І жағында тұрған сөзді табыңыз .
A) Адамсың .
B) Адамсыз .
C) Адам .
D) Адаммын .
E) Адамға .
14. Жұрнақ арқылы жасалған сөзді табыныз .
A) Мақтаншақ. .
B) Ықыласпен .
C) Тауды .
D) Өзіннің .
E) Көлге .
15. Жұрнақ жалғанған сөзді табыңыз .
A) Сандықша
B) Кітаптар .
C) Жерлерге .
D) Дәстүрмен .
E) Адамда .
16 Зат есімнен сын есім жасап тұрған жұрнақты табыңыз
A) Мақтаншақ ,ашпалы
B) Таудай, түнгі
C) Үлкендеу, кішілеу .
D) Ақсақ, жастық .
E) Сұлу қыз .
17. Етістіктен жасалған туынды зат есімді табыңыз .
A) Суарды, жайлады .
B) Батырлық, асхана.
C) Сөйлем, соғыс.
D) Үлкендік, командир.
E) Кітап, оқушы.
18. Ілік жалғаулы сөз бен тәуелді сөз тіркестерің дұрыс қолданылмай тұрғанын табыңыз .
A) Сендердің үйлерің .
B) Алматы қаласы .
C) Сәуле тамағы .
D) Бала қиялы .
E) Ақын арманы.
19. Ілік септігінде тұрған сөзді табыңыз .
A) Оқушы жауабы.
B) Кітап оқыдым.
C) Жол бойы әңгімелесті.
D) Көлге дейін.
E) Әңгіме тында.
20. Қосымшаның дұрыс жалғанып тұрғанын табыңыз .
A) Баланыкы .
B) Қазір .
C) Ананыкы
D) Еркелік.
E) Атанықы .
21. Қосымшасыз тұрған түбір сөзді табыңыз .
A) Ой.
B) Атадан.
C) Әкедей.
D) Ауылдас.
E) Бұрғы .
22. Көмектес септгіндегі сөзді табыныз
A) Ол әжесінен рұқсат сұрады
B) Адам еңбегімен бағаланады
C) Жасымда ғылым бар деп ескермедім
D) Әкені,шешені сыйлаңдар
E) Еңбекке баулу
23. Көптік жалғаулы сөздерді көрсетіңіз .
A) Оған, сен, мені .
B) Саралар, кітаптар, тастар .
C) Келемін, менмін, оқисың .
D) Кітабым, кітабың, қызы.
E) Сөйлем, көшірме, оқушы .
24. Көптік жалғаулы сөзді көрсетіңіз .
A) Саяжай .
B) Жоғарғы кеңес .
C) Баршаларыңызға .
D) Оқысын, жетер .
E) Дикторға .
25. Мына сөздерден тәуелдік жалғауын табыңыз .
A) Барсам .
B) Балам .
C) Мүлдем .
D) Барам .
E) Бардым .
26. Мына сөздердің қайсысына көптік жалғауы дұрыс жалғанбаған?
A) Гүлдер.
B) Құрттар.
C) Тойлар.
D) Студенттер.
E) Бірнеше кісілер
27. Табыс жалғауын табыңыз .
A) Қатысты .
B) Озды .
C) Тыныштығын
D) Жалғады .
E) Сөйледі .
28. Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз .
A) Сезім
B) Көрдім
C) Киім
D) Айттым
E) Төрін .
29. Туынды сөз жасап тұрған қосымшаны көрсетіңіз .
A) Түн-де .
B) Түн-дік .
C) Түн-нен .
D) Түн-нің .
E) Түнге .
30. Туынды сөзді табыңыз
A) Еңбекпен
B) Еңбектен
C) Еңбекші
D) Еңбегін
E) Еңбекті