Сенім телефоны
8 771 532 8223
email: e-mail: sosh34@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Лермонтов к,, 93/1
телефон: 62-10-07 факс: 8(7182) 62-10-52
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Т.А. Мигунова - сенбі с 9:00 до 11:00
Твое настроение после посещения школной столовой?
Голосовать
Очень плохое - 11
Очень хорошее - 10
Хорошее - 5
Плохое - 5
Всего проголосовало: 31
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Психологтың ұсыныстары.

ҰБТ-ға дайындық бойынша психологиялық ұсыныстар
Сабаққа дайындалатын орын дайындаңыз : үстелдің үстіндегі артық
заттарды жинап, өзіңізге қажетті оқулықтар, тест материалдары, дәптер, қағаз, қалам, қарындаш және т.б. ыңғайлы етіп орналастырыңыз. Бөлмеңіздегі интерьерге сары және күлгін түсті (фиолетовый) енгізіңіз
(бұл түстер интеллектуалдық белсенділікті арттырады). Ол үшін осындай түстегі картинка немесе эстамп (суретші даярлаған баспалық форманың жеке мөртаңбасы) та жеткілікті. Сабақ кестесін құрыңыз. Ең алдымен өзіңіздің кім – «бозторғай»
немесе «жапалақ» екеніңізді анықтаңыз да, осыған байланысты таңертеңгі және кешкі уақыттарды өз деңгейінде пайдаланыңыз. Күнделікті дайындықтың жоспарын құра отырып, әр күнге не оқитынымызды, оның ішінде қандай тақырып, қандай тарау екенін нақты анықтау керек. Дайындықты ең қиын тараудан, бәрінен де нашар білетін материалдан
бастаңыз. Бірақ бұл Сізге қиын болса, онда өзіңізге қызықты және ұнайтын тапсырмалардан бастауға болады. Дайындық пен демалуды кезекпен орындаңыз: 40 минут дайындық,
одан соң 10 минут – үзіліс. Үзіліс кезінде ыдыс жууға, гүлдерді суаруға, жаттығулар жасауға, душ қабылдауға болады.(өзіңізге ұнайтын іспен айналысуға болады). Мүмкіндігінше әртүрлі басылымдағы тестерді көбірек орындаңыз.
Бұл Сізге тест материалдарының құрылымымен танысуға мүмкіндік береді. Тестпен жұмыс істегенде уақытты белгілеңіз, секундомерді
пайдаланып жаттығыңыз. (1 тапсырмаға 1,5 минут кету керек). Емтиханға дайындала отырып, ойша зор жеңістің, салтанаттың
(триумф) бейнесін елестетіңіз. Ешқашан тапсырманы орындай алмаймын деп ойламаңыз. Емтиханның алдында бір күнді ең қиын сұрақтарды қайталауға
қалдырыңыз.
Емтихан қарсаңында : Кештен бастап таза ауада қыдырыңыз, ұйықтар алдында душ
қабылдаңыз. Ұйқыңызды қандырып тұрыңыз. Емтихан тапсыратын жерге тестілеу басталудан 15 – 20 минут ерте
келіңіз.
Ескертпе!
Мазасызданудан қалай арылуға болады?
1. Тарықпаңыз. Есіңізде болсын, адамның ішкі жағдайы, көңіл- күйі
өзгермелі, депрессия мен мазасыздану күйлері міндетті түрде өтіп
кететініне әр уақытта сенуіңіз керек.
2. Қиындықтан құтқарушы құралыңыз сияқты ішімдікке немесе
темекіге ұмтылғаннан пайда бар ма? Өмірде одан да басқа денсаулыққа
зияны жоқ, депрессия мен мазасызданудан шығарылатын тәсілдер бар,
мәселен, жақсы әуен, достарыңызбен әңгімелесу, спорт, серуен, көңіл
көтеру т.б.
3. Көңіл - күйіңіздің нашар болуы неден екенін түсінуге тырысыңыз.
Мүмкін, бұл жағдай белгілі адамдармен талас-тартыспен, жеке
басыңыздың шешілмеген мәселелерімен, шаршауыңызбен немесе ұзақ
уақытқа созылған стресспен байланысты шығар. Мұндай жағдайларда
әсері ауыр тиетін нәрселердің болмауы жөн. Оларды ең болмаса азайтуға
немесе сол мәселелерге өзіңіздің қатысуыңызды төмендетуге міндетті
түрде тырысуыңыз керек. Оған шамам келеді деп өзіңізге - өзіңіз сеніңіз.
4. Өзіңізді терең ойландыратын, толғандыратын мәселелерге қайталап
соқпауға тырысыңыз. Өмірдің үйреншікті ырғағына түспеген жаңалықтар
ендіруге тырысыңыз.
5. Ең басты мәселе: бойыңызды мазасыздық сезімі кернеп жүрген
кезде, оның себептерін жою туралы маңызды шешімдерді қабылдамаңыз.
Мұндай жағдайда өзіңіз теріс бағалап жүрген мәселелер бұрмаланған
қалыпта қабылданған болуы мүмкін. Жылдам, асығыс қабылданған
шешім қызбалықпен қате әрекет жасауға алып келуі ықтимал. Оқиғаның
мән-жайына, мәселенің негізіне толық түсінгеннен кейін өзіңіздің
жіберген қатеңізге қатты өкініп, кінәні сезінуден айыға алмай қиналасыз.
6. Таныстарыңыздың, достарыңыздың арасында әңгімелесу кезінде
бейтарап, өзіңізге қатысы жоқ тақырыпта сөйлескен жөн. Өз мәселелеріңіз
туралы «ойламауға» тырысыңыз. Әйтпесе, өз жағдайыңыздан шыға алмай,
уайым - қайғыға беріліп жүресіз.
7. Көңіл - күйіңіздің қолайлы сәттерінде сіздің өміріңізде болған
жағымды кездерді, бақытты уақыттардың майда - шүйделеріне дейін еске
түсіріп, қайтадан бастан өткізгендей сезімге бөленіңіз.
8. Менің алдымда тұрған барлық проблемаларды шешуге шамам
келеді деген ұсынысым сіз үшін жетекші екенін ұмытпаңыз.
Емтихан кезінде және емтиханнан кейінгі іс-әрекеттер
туралы ұсыныстар
1. Емтиханға бір күн қалғанда еш нәрсемен айналыспаңыз. Егер сіз бір
нәрселерді жаттап үлгермесеңіз, солай қоя салыңыз. Демалып, көңіліңізді көтеріңіз, таза ауада қыдырыңыз.
2. Емтихан алдында жақсылап ұйықтап алыңыз.
3. Міне, сіз аудиторияның жанындасыз.Тынышталыңыз! «Мен тынышпын» деп бірнеше рет қайталаңыз.
4. Ойларыңызды жинақтап, эмоцияларыңызды реттеңіз.
5. Аудиторияға «Барлығы жақсы болады» деген сеніммен кіріңіз.
6. Жақсылап отырып, арқаңызды тік ұстаңыз. «Менде барлығы жақсы» деген пікірді ұстап, оны асықпай бірнеше рет қайталаңыз.
7. Қобалжуды жеңетін тыныс жолдарына арналған жаттығулар жасаңыз: Жайлы отырыңыз; Мұрын арқылы терең дем алыңыз (4-6 секунд).
8. Тестілеу кезінде қажетсіз сұрақ қоймау үшін, зейін қойып тыңдаңыз.
9. Жан-жағыңызға көңіл аудармай, зейін тұрақтылығына тырысыңыз.
Сіз үшін тек тестті орындау уақыты және тапсырма берілген бланкі маңызды. Тапсырманы соңына дейін оқыңыз. Тапсырманы бірінші сөздерінен түсінікті деп ойлап қалып, аяғын өзім ойлап табам деп асығыстыққа жол бермеңіз.
10. Өзіңізге сенімді сұрақтарға жауап беруден бастаңыз. Сонда сіз жұмыс жасауға дайын боласыз. Кез келген сұраққа жауап бере аласыз, тек ойларыңызды жинақтаңыз.
11. Келесі тапсырмаға көшкенде, алдыңғы тапсырманы ұмытыңыз, олар бір - біріне ұқсамайды.
12. Шегеру әдісін пайдаланыңыз! Сәйкес келмейтін жауаптарды ретімен сызып тастаңыз.
13. Егер сіз жауап беруде күмандансаңыз, өзіңіздің интуицияңызға сеніңіз !
14. Өз жұмысыңызды тексеріп шығуға уақыт қалдырыңыз. Қателерді байқау үшін көзіңізбен жүгіртіп өтіңіз.
15. Барлық тапсырманы орындауға тырысыңыз.