Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ата-аналарға арналған

Ата-аналарға кепілдемелер Денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу

Әр түрлі жастағы баланы оқытуда үлкен рөл ата-аналары мен отбасының басқа мүшелеріне жүктеледі. Балаға келесі бағыттар бойынша ата-анасының көмегі міндетті түрде қажет:

- Қозғалыс, физикалық күш, координация - Қолын пайдалану, қол-көз қозғалысының координациясы, - Сезім мүшелері, әсіресе көру, есту және дәм сезу, - Сөйлесу, тындау және айтылғанды ұғу, - Күле білу, ойнау қабілеті , - Өзіне қызмет көрсеті дағдылары.  

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды арнайы оқытуда үй тапсырмасын орындау кезеңдері.

1. Дамуының әртүрлі облысында Сіздің балаңыз нені орындай алады және нені орындай алмайтынын бақылаңыз.

2. Бала нені қиындықпен орындайтынын белгілеп қойыңыз. 3. Оны қандай дағдыға баулу керектігін шешіңіз. (бұл туралы отбасының барлық мүшесі білуі тиіс.) 4. Әр жаңа дағдыны кішкене деңгейлерге бөліп тастаңыз. Көпті бірден баладан күтпеңіз.  

«Ерекше» баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға арналған 15 ереже

- Балаңызды ешқашан басқа балаларға ұқсамайды деп аямаңыз. - Балаңыздан өзіңіздің махаббатыңыз бен мейіріміңізді аямаңыз, бірақ отбасында басқа да мүшелер барын ұмытпаңыз. - Баланы міндеттемелер мен мәселелерден шектемеңіз. Барлық істі онымен бірге шешіңіз. - Балаға шешім қабылдауда еркіндік беріңіз. - Өзіңіздің сырт келбетіңіз бен мінез-құлығыңызды бақылаңыз. Бала сізбен мақтан тұтсын. - Балаға «жоқ» деп айтудан қорықпаңыз, егер оның қылығы шектен шығып кетсе. - Баламен жиі сөйлесіңіз, теледидар, радио сізді алмастыра алмайтынын есте сақтаңыз. - Балаға құрдастарымен сөйлесуде шектеу қоймаңыз. - Достарыңызбен кездесуден бас тартпаңыз, оларды қонаққа шақырыңыз. - Педагогтар мен психологтардан жиі кеңес сұраңыз. - Көп оқыңыз, көркем әдебиетті. - «ерекше» балалары бар отбасыларымен араласыңыз. Тәжірибемен алмасыңыз. - Өзіңіздіңді күйзеліске апармаңыз. Балаңыздың ауру болып туғанына сіз кінәлі емессіз. - Балаңыздың өскен соң жеке тұратынын есте сақтаңыз. Оны болашақ өмірге дайындаңыз, ол туралы айтыңыз.