Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Шағын орталықтың әдістемелік жұмысы
МДҰ қызметінің тұжырымдамалық негіздері
Мектепке дейінгі балалаық шақ – әр бір адамның өміріндегі бірегей кезең. Ересектердің міндеті – әр бір бүлдіршін үшін оның қабілеттіктерін ашуға қажетті жағдайлара жасау, оның өмірін қызықты және мазмұнды ету, құрдастарымен және ересектерімен қарым-қатынас жасауға үйрету, білім берудің оңтайлы бағдарғысын белгілеу. Әр бір балаға және отбасыға қолдау және өз уақытында жеке, аумақтық қолжетімді көмек көрсетуге қабілетті мамандарды біріктіретін, ұстанымдық жағынан жаңа үлгідегі МДҰ құру заманауи қоғамның дәйекті қажеттілігіне айналып келеді.
Мұндай тәсілдің өзектілігі көптеген отбасылар балаларды сапалы оқыту мен тәрбиелегуге мұқтаж болып отырған жағдайларда арта түседі.
Стратегиялық мақсаты: баланың психологиялық-денелік жағынан салауатты, құзіретті, қатынас байланыстық және шығармашылық дағдыларды меңгерген, қоршаған дүниеде барабар өмір сүруге қабілетті, сергек және еркін ойлай білетін жеке тұлғасын қалыптастыру.
Міндеттері:
- жасы кіші балаларды тәрбиелеу мен оқыту үдерісін сапалық ресурстық қамтамасыз ету;
- МДҰ дамуының тетіктерін жасау және олармен қамтамасыз ету;
- МДҰ дүниежүзілік стандарттармен уақыт талаптарына сәйкес келетін дамытушы заттық-кеңістіктік және білім беру ортасын қалыптастыру;
- МДҰ –да білім беру үдерісін жаңғырту;
- мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істейтін педагогтердің кәсіптік құзіреттілігін арттыру;
- МДҰ басқарудың үдерісін демократияландыру;
- білім беру үдерісіне қатысушылардың бәріне субъект-субъектілік өз ара әрекет ұстанымдарын енгізу;
- балаларды сапалы тәрбиелеу және оқыту мақсатында мемлекеттік билік, ҒӨБ, әлеумет өкілдерімен әлеуметтік әріптестікті дамыту;
- өңірдің білім беру кеңістігінен лайықты орын иелену;
- кентте, ауданда, облыста жоғары рейтингке қол жеткізу.
Девизі:«Әр қашан сүйіспеншілікпен-қарсы аламыз, ал мақтанышпен-шығарып саламыз!»
Мақсаткерлігі:балалық шақтың құндылықтарын: таңдауды, сенімді, қарым-қатынас жасауды сақтау.
Жетекші функциясы: бүлдіршіннің жеке тұлғасын әлеуметтендіру.
Өзекті идеясы: бәрі де балалақы шақтан басталады!
Біздің құндылықтар: балалар, отбасы, денсаулық, бақыт пен рахым.
Біздің ұстанымдар:
- Адамгершілік;
- Балалар, ата-аналар, педагогтардың құқытарын құрметтеу;
- Балаларға деген сүйіспеншілік;
- Сенім;
- Ашықтық;
- Бірге қуанып-күйінушілік пен ынтымақтастық;
- Табысқа қарай ұмтылушылық.
МДҰ өз дамуында бағдарға алатын басты нәтиже,- түлектің жеке тұлғасы.

Педагогикалық кеңестер

Сабақтың тақырыбы:

Ғажайып математика

Сабақтың мақсаттары:
  1. Өткен тақырып бойынша пішіндер, салыстыру, санау, топтау дағдыларын ойын арқылы дамыту.Тура және кері санауға үйрету.
  2. Ойлау, есте сақтау, еске түсіру,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
  3. Балаларды ұжымшылдыққа, тапқырлыққа,ізденімпаздыққа,ұқыпты-лыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Қайталау, пысықтау сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес (саяхат-сабақ)
Қолданылатын әдістер: Жалқылау әдісі, оқушыны ойландыру, сұрақ-жауап, жаттықтыру,
Көрнекілік: Қонақтар,геометриялық пішіндер,суреттер.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, көркем әдебиет,бейнелеу
Сабақ барысы: Мұғалімнің әрекеттері Оқушылардың әрекеттері
Ұйымдастыру кезеңі Балалар келген қонақтармен сәлемдесіп алайық. Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды қаламыз, Жарқырайды қаламыз. Қайырлы таң балалар! Қайырлы таң қонақтар! Сәлемдесу Балалар жарты шеңбер болып тұрады.Қимыл қозғалыстарын жасайды.
Іздену ұйымдастырушы - Балалар бүгін сендердің математикадан алған білімдеріңді ойындар арқылы тексеремін. Ал сендерді бізге қонаққа келген қонақтар және топқа тапсырма ала келген Гүлім. Балалар Гүлім өзінің ормандағы гүл бағынан адасып кетіпті, ол гүл баққа жету үшін, біз Гүлімнің әкелген тапсырмаларын орындай алсақ, Гүлімге ормандағы гүл бағына жетуіне көмектесеміз. Көмектесеміз бе? Көмектесеміз .
( 1- тапсырма) Ормандағы ағаштар қандай пішіндерге ұқсайды? -Жақсы балалар. Геометриялық пішіндерді ата? Олардың түстері қандай ? Неге үшбұрыш дейміз? Дөңгелектің бұрышы бар ма?

Суретке қарайық, қандай пішіндерден құрастырылған?

Бос орынға тиісті пішіндерді сал. Әр суретте қанша геометриялық пішін көресің? Сана. Жақсы балалар, біз Гүлімнің геометриялық пішіндерге арналған тапсырмасын орындадық. . (2-тапсырма) Гүлім сандарын шашып алып, енді ретімен жинай алмай отыр.Ретімен жинауға көмектесеміз бе? Дидактикалық ойын « Ретсіз сандар Жоғалған сандарды ретімен қой. / тақтада сандар ретсіз шашыратылып ілінеді, балалар сол сандарды өсу және кему ретімен орналастырады. Балалар 10-ға дейінгі сандарды тура және кері санауды хормен айтып шығады. Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай балалар, Үп –үлкен боп өседі ( 3-тапсырма) Көршісін тап ойыны. Әр суретті сана және тиісті цифрларды шеңбер ішіне жаз. Тақтада суретпен жұмыс. (4-тапсырма) Санамақ айту
Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек сопақша, Өйткені оның үш бұрышы бар. Жоқ. Балалар орындарында тұрып қимыл қозғалыстарын жасайды. Иә,көмектесеміз.
Қорытынды Біз нені үйрендік? Кімге ормандағы гүл бағына адаспай жетуіне көмектестік?

- Жарайсыңдар, балалар Гүлім бағына жеткеніне қуанышты, Ал бүгінгі сабақта аса белсенділік танытып, дұрыс жауап берген балаларға Гүлімнің алғысы ретінде мынандай сыйлығы бар екен. Осымен сабағымыз аяқталды. Гүлім мен қонақтарға Сау болыңдар деп айтайық.

Сау болыңдар, балалар!
Санауды, геометриялық пішіндерді, салыстырдық. Гүлімге