Телефон доверия
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Адрес: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Балалар мен ата-аналарға арналған жадынама

       Құрметті оқушылар !Назарларыңызға: «Павлодар театрланған» атты ойын-саяхат слайдын ұсынамыз.БұлПавлодар қаласының
Жүсіпбек Аймауытов атындағы театрының мерейтойына  арналған.

       Құрметті оқушылар !Назарларыңызға: «Павлодар театрланған» атты ойын-саяхат слайдын ұсынамыз.БұлПавлодар қаласының
Чехов арындағы драма театрының  мерейтойына  арналған.

 
 

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы

 

           «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы бойынша 2020 жылы Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы. Шығыс ғұламасы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына  орай Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы таңдалды.

Баршаңызды осы кітаптарды оқуға шақырамыз!

            Қазақстанда  республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді.  Акцияның  мақсаты – жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге, ана тілге мұқият қарауға, оқу мәдениетін қолдау және дамыту мен сауаттылық бағдарламасын арттыруға, рухани мұраны сақтауға және оқуға деген жәрдемдесу болып табылады.

     1.  Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы - қазақтың көркем прозасын жоғары деңгейге көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетикалық талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Төрт томдық романның әр кітабының құрылымы мен стилінің бірін-бірі қайталамауының өзі де жаңалық еді. Бірінші кітап жас Абай қызықтаған жастық романтикасына негізделіп, оның ел тіршілігімен танысып, ашылуын бейнелесе, екінші кітап ақындыққа, ойшылдыққа бетбұрысты танытады. Мұнда жастық романтикасының орны, адамдар арасындағы тартыс айтылады. Үшінші кітап Абайдың өз ортасынан бөлініп шығып, туған халқымен табысуын, халыққа бетбұрысын танытса, төртінші кітапта Абай жолының кеңейіп, қалаға, далаға тарауын, оның үлкен қоғамдық күшке айналуын көрсетеді..

       2. Әнуар Әлімжанов «Ұстаздың оралуы» романы – орта ғасырарда өмір сүрген Ұлы ғалым Әл-Фарабидің тарихи бейнесін жасаған.

«Бір ел-бір кітап» акциясы бойынша кітапханада жыл бойы тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылған.