![](http://goo.kz/media/img/photogallery/545715ba968a5.jpg)
Сәлем Балақай!
Бүгінде «Балақайдың» есігі жаңадан келгендеге айқара ашылды. Тәрбиешілер балаларға барлық ғылымның сырын үйретеді: математика, тіл дамыту, денешынықтыружәне т.б. Бүлдіршіндер санауды, қиуды, шаблондарды жүргізуді, шұжық жапсыруды, суретке қарап әңгіме айтуды үйренеді.
![](http://goo.kz/media/img/photogallery/544b39ded3d75.jpg)
Қош бол, Балақай!
![](http://goo.kz/media/img/photogallery/544b385c48da5.jpg)
![](http://goo.kz/media/img/photogallery/53747d752f276.jpg)
Наурыз – Шығыс елінің бүкілхалықтық мейрамы. Ұлыстың ұлы күні. Оны шығыс елі мыңдаған жыл бұрын жыл басы мерекесі ретінде тойлап, ерекше күн ретінде атап өткен. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша қастерлеп, жыл сайын атап өтеді.Осы мерекені №40 ЖОМ жанынан ашылған»Балақай» шағын- орталығында «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» деген қанатты сөз аясында атап өтті. 20- наурыз күні өтілген шараға ата-аналар жаппай жиналды. Ақ дастархан жайып көрініс көрсетті.Жалпы, наурыз мерекесі бірліктің, татулықтың, бақыттың мерекесі. Сондықтан бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын адам болмайды.Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпаққа жақсы өнегеден үлгі.
![](http://goo.kz/media/img/photogallery/515538c446119.jpg)
![](http://goo.kz/media/img/photogallery/515538d3ac174.jpg)
28-желтоқсан күні № 40 ЖОМ «Балақай» шағын-орталығында «Кел, Жаңа жыл!» атты ертеңгілік өтті. 2013 –нші «Жылан» жылын қарсы алуға, балалар мен бірге ертегі кейіпкерлері келді. Олардың ішінде «Орман аюы» бірінші болып балаларға көтеріңкі көңіл сыйлады. Шыршаның түбінде ұйықтап жатқан аюды балалар ән айтып, билеп оятып алады, оянған аю балалармен бірге ойындар ойнады.
Жаңа жыл мерекесіне балалар «Аққала», «Орманда шырша туыпты», «Кел, кел, Жаңа жыл!» сияқты әндер айтып, би биледі.
Жаңа жыл мерекесінің басты кейіпкерлері Аяз атамен Ақшақарды қарсы алған балалар өте қуанышты болды. Аязатаға балалар өздері дайындаған өлеңдерін оқып беріп сыйлықтар алды. Сонымен қатар Аязата түрлі кейіпкерлер болып киінген балаларға да сыйлықтар берді.
Шараға ата-аналар да белсенді қатысты. Балаларының ең сүйікті кейіпкерлері болып киінуіне және ең тәтті сыйлықтар алуына ат салысты.
«Бізге күз не әкелді?» атты көкөністерден жасалған заттар көрмесі
ұйымдастырылды
Қазан айында біздің шағын –орталықта «Бізге күз не әкелді?» атты көкөністерден жасалған заттар көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты қүздің сыйынан, яғни көкөністер мен жемістерден және ағаш бұталары мен жапырақтарды қолдана отырып әртүрлі заттар жасау. Ата-аналар бұл іске шығармашылықпен кірісіп әрқайсысы ерекше бір зат көрсеткісі келді.Көрме жоғары деңгейде өтті.
Қазан айының соңында көрменің нәтижесін шығарылды.Барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. Олар Масгут Ерасылдың ,Айгазинов Исламның, Мендыбаева Асемгульдің, Абельдинова Ажардың, Тлеулинов Дарханның және Каламов Қайнардың ата-аналары.
Күз мерекесі
7 қарашада №40 мектептің шағын-орталығында «Күз мерекесі» атты бүлдіршіндер ертеңгілігі өтті. Ертеңгілік балаларға арналған ойын-сауық түрінде өткізілді. Балалар биледі, ойнады,жаттаған өлеңдерін, әндерін айтты. Оларға мерекеге «Күз» ханшайымы қонаққа келді. Балалар қонақтың алдында алдын ала дайындалған сәбіздің, орамжапырақтың, пияздың және басқа костюмдерімен өнерлерін көрсетті. Сондықтан да балалар күз мерекесін өте жақсы көреді, бүлдіршіндердің дайындалғаны сонша жақсы болар ма «Күз» ханшайымы оларға «күз сыйынын» сыйлыққа тәтті нарттай қызыл алмалар таратты. Мереке қатты ұнады, себебі мерекеден алған әсерлерін көпке дейін бір –бірімен бөлісті.
Жеңіс күнін жылда тойлап,
Жеңіс әнін жылда айтамыз.
Бақытты болсын балалар,
Соғысты сүймес адамдар.
Өркендей берсін қалалар,
Гүлдене берсін далалар.
Хотим под мирным небом жить,
И радоваться и дружить!
Хотим, чтоб всюду на планете,
Войны совсем незнали дети!
Бүгін «Дельфиндер» тобында ҚМҰҚ пәнінен
Ашық сабақ өткізілді
Тақырыбы: Ғажайып математика.
Санаймыз, ойнаймыз,
Сандарды тандаймыз.
Білеміз, үйренеміз,
Сандар әлеміне үңілеміз.
Кім санау біледі
Сол алғыр келеді.
Бүгін « аралар » тобындатіл дамыту пінінен
ашық сабақ өткізілді
тақырып: келді көктем тағыда.
Жерді жапты көк кілем,
Ондай кілем жоқ, білем