Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Адрес: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білімнің жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасымалдауды қамтамасыз ету

Павлодар қаласы әкімдігінің

2012 жылғы 15 маусымдағы 

№ 914/19 қаулысы        

 

«Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білімнің жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасымалдауды қамтамасыз ету»

мемлекеттік қызмет регламенті
                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      

1. Жалпы ережелер

1. Осы регламент Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы «Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы» № 336 қаулысымен бекітілген (бұдан әрі – Стандарт)  «Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білімнің жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасымалдауды қамтамасыз ету» мемлекеттік қызмет көрсету стандартіне сәйкес әзірленді (бұдан әрі – Стандарт) және мемлекеттік қызмет көрсетудің тетіктерін айқындайды.  

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрі: автоматтандырылмаған

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру туралы» Заңының 6-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы «Білім беру ұйымдары желілерінің кепілдендірілген мемлекеттік нормативті бекіту туралы» № 1256 қаулысының 2-тармағы 2) тармақшасына сәйкес   көрсетіледі.

4. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білімнің жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасымалдауды қамтамасыз ету туралы анықтаманы беру немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап берумемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаға (бұдан әрі – Тұтынушы) көрсетіледі.

      6. Осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет мемлекеттiк мекемелерiмен (бұдан әрi – Уәкілетті органдар)   көрсетіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі:

      1) мемлекеттік қызметті алу үшін жүгіну (өтініш түскен мерзімнен бастап 5 күн ішінде) 5 жұмыс күнін құрайды;

      2) өтініш беруші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты (тіркеу кезінде) - 30 минуттан аспайды;

      3) өтініш беруші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты 30 минуттан аспайды.

      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету оқу жыл бойы көрсетіледі:

      1)          белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен сағат 9.00 - ден 18.00 -ге дейін;

      2)  қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

     

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiндегi әрекет
(өзара әрекеттiлiк) реттiлiгiнiң сипаттамасы

      10. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы стандарттың 11 тармағында көрсетiлген құжаттар тiзбесiн ұсынады.

      Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы белгiленген үлгiдегi өтiнiштi толтырады және өкiлеттi органның маманына құжаттарды тапсырады.

      Уәкiлеттi органның маманы өтiнiштердi тiркеу журналына тiркеу нөмiрiн берiп, өтiнiштi қабылдау күнiн және қызметтi ұсыну күнiн көрсетiп құжаттарды қабылдау туралы жазбаны енгiзедi.

      11. Құжаттарды тапсырғаннан кейiн тұтынушыға белгiленген үлгiдегi қажеттi құжаттарды алғандығы туралы қолхат берiледi.

      12. Тұтынушыға мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн жеткiзу тәсiлiн әкiмдiктiң маманы белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес әкiмнiң қолымен және мәрiмен расталған, стандарттың 6-қосымшасына сәйкес бiлiмнiң жалпы бiлiм беру ұйымдарына (бiлiм беру ұйымдарын көрсете отырып) тегiн тасымалдауды қамтамасыз ету туралы қабылданған анықтама негiзiнде асырады. Тұтынушы жеке өзi жүгiнген кезде өтiнiштiң келiп түскен сәтiнен бастап 5 күн өткен соң әкiмдiктiң маманы бередi.

      Анықтама беру туралы мәлiмет стандарттың 7-қосымшасына сәйкес анықтаманы есепке алу кiтабында тiркеледi.

      13. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiне келесi ҚФБ қатысады:

      1) өкiлеттi органның маманы (ҚФБ 1);

      2) ауылдық округ, ауыл, кент әкiмi  немесе Павлодар қаласы білім беру бөлімінің бастығы (ҚФБ 2).

      14. Әрбiр әкiмшiлiк iс-әрекеттiң (рәсiмнiң) орындалу мерзiмiн көрсете отырып, әрбiр ҚФБ әкiмшiлiк әрекеттерiнiң (рәсiмдерiнiң) өзара әрекеттестiгi мен реттiлiгiнiң мәтiндiк кестелiк сипаттамасы осы Регламенттiң 2 қосымшасында келтiрiлген.

      15. ҚФБ мен мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде әкiмшiлiк әрекеттердiң логикалық реттiлiгiнiң арасындағы өзара байланысты бейнелейтiн сызбалар осы Регламенттiң 3 қосымшасында келтiрiлген.

 

3. Мемлекеттiк қызмет  көрсететiн
лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi

      16. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiн бұзғандығы үшiн лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған жауапкершiлiкке тартылады.