Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Адрес: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Радуга» экологиялық бағыттағы мектеп жанындағы сауықтыру лагері
 
4 маусым  - Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік рәміздер күні
 
    Бүгін ерекше күн. Мемлекеттік рәміздер – елдіктің белгісі, тәуелсіздіктің нышаны.
   «Радуга» мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагері балалары үшін тәрбиешілер екі бөлімнен тұратын шара дайындады. Біріншісінде Мемлекеттік рәміздер туралы слайд бағдарламасы көрсетілсе, екіншісінде балалар «Сен Мемлекеттік рәміздерді білесің бе?» атты викторинлық сұрақтарға жауап берді. Шара соңында оқушылар өз отрядтарына елтаңба ойлап тапты.
 
 
 
 
 
«Радуга» мектеп жанындағы жазғы
сауықтыру лагерінің ашылуы
 
«Таңғажайыптар елінде» сайыстық бағдарламасы
В школе кончены уроки
Перешли вы в старший класс.
Полежать на солнцепёке
Приглашает лагерь вас.
Дождь не страшен и жара,
Отдыхать пришла пора!
 
   2014 дылғы 1 маусымда № 40 ЖОМ ММ «Радуга» мектеп жанындағы лагерінің ашылуына арналған салтанатты жиын өткізілді. Балалар жаз туралы тақпақтар айтып, би биледі. Тәрбиешілерімен және отрядтағылар бір-бірімен танысты. Содан соң балалар «Таңғажайыптар еліне» саяхатқа аттанды. Саяхат барысында суретшілермен, музыканттармен, полицейлермен кездесті. Түрлі мамандық иелері балаларға тапсырмалар дайындап қойыпты. Олар берілген тапсырманы қызығушылықпен орындады. Сайыс соңында балаларға тәтті дәм таратылды.
 
 
 
 
2 маусым – Орман күні
 
    «Радуга» мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагері нің жұмысы экологиялық бағыт бойынша құрылған. 2 маусымда Орман күні мерекесі атап өтілді. Балалар бұл күні орманды мекендейтін жанауарлар кейпінде киініп келіпті. Әр отряд орман жануарларын, Мыстан кемпірді сомдады. Мыстан кемпір бұл ретте мейірімді «орман қорғаушысы» ретінде келіпті. Балалар экологиядан өз білімдерін көрсете білді. Орманды қорғау баршаның міндеті екендігін түсінді. Шара соңында табиғи материалдан жасалған заттар көрмесі ұйымдастырылды.