Телефон доверия
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Адрес: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Жазғы демалыс

Қымбатты балалар

Жаз деген көктемнің жалғасы

Пісетін бұл кезде балбырап өрігі

Миізі  алмасы

Жазды ыстық сүйеміз

Сайрандап жүреміз

Суына шомылып

Күніне күйеміз!

 

Сіздерді  бізбен бірге мектеп жанындағы  сауықтандыру  лагеріне демалуға шақырамыз

2014 жылдың 2 маусымынан  20 маусымға дейін

барлық сұрақтар бойынша  мектептің тәрбие бөліміне хабарласыңыздар

 


Жайдары жаз-2013

 

         Асыға күткен жаз да келді. Біздің №42 мектеп те маусымның 25 –нен бастап   ІІ маусымды да бастап кетті. Біздің лагерьге көбінесе  балабақшаны тәмамдап мектепке баратын және 1-3сынып  оқушылары  жинақталды. Бұл ІІ маусымның жұмыс жоспарына тоқталатын болсақ,  таңертеңгілік күн жаттығудан және таңертеңгілік астан басталады. Оқушылар түскі асқа дейін қаламыздың көрікті де әдемі жерлерін,мұражайларына экскурсия жасап, тамашалайды. Оқушыларымыз даярлық топтарынан келгендіктен, бос уақыттарында қолдарын шынықтыру мақсатында сурет салады, жазу жазады.

             Жаз мезгіліндегі бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өзін қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондықтан ұстаз – тәрбиешілерге оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттаудың, үйретудің мәні зор. Бос уақыт дене және ақыл-ой қызметін тынықтыратын, қарым – қуатты жетілдіретін іс-әрекетке жұмсалуы жөн. Әйтсе де тыныға жүріп, ойын барысында балалардың шынығу – шыңдалу мәселесімен қатар, түрлі бағыттағы іс-шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды.Әрине тәлімгер мамандар балалалардың көңілдерінен шығып, демалыстарын көңілді, әрі тиімді өткізуіне барларын салуда.  Лагерьдің аға тәрбиешісі Касымканова А.С  түстен кейінгі уақытта балалармен бірге  КВН, әр баланың  икеміне байланысты ән айтқызып, би билетеді. Мектептің спорт жаттықтырушысы әртүрлі ойындар, жарыстар ұйымдастырады. Психолог,кітапханашы , мектеп мед.бикесі оқушылармен кеңес жұмыстарын жүргізеді.

             Ә.Е.Беғалинова

 


Қымбатты балалар

 

Жаз деген көктемнің жалғасы

Пісетін бұл кезде балбырап өрігі

Миізі  алмасы

Жазды ыстық сүйеміз

Сайрандап жүреміз

Суына шомылып

Күніне күйеміз!

 

Сіздерді  бізбен бірге мектеп жанындағы  сауықтандыру  лагеріне демалуға шақырамыз

 

 «Күн шуақты дала»

Құрметті ата-аналар!!!

 

Сіздердің  балаларыңызды бізбен бірге мектеп жанындағы  сауықтандыру  лагеріне демалуға шақырамыз

 

 «Күн сәулелі дала»  

 

1 кезең –  3 маусымнан 21 маусымға дейін

2 кезең  –  24 маусымнан  13 шілдеге дейін

15 күндік жолдаманың  бағасы

бір балаға  – 4980 теңге

 

барлық сұрақтар бойынша 52-60-30 телефоны бойынша  мектептің тәрбие бөліміне хабарласыңыздар

 

Лагерь әкімшілігі

Бекітемін

М.Әуезов атындағы № 42 ЖОМ

____________И.Ж.Төргелдинова

Ата-аналардың сұранысы және оқушылардың демалысын ұйымдастыру негізінде 2013 жылғы жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің сауықтыру демалысын және бос уақыттарының қамтылуын ұйымдастыру

БАҒДАРЛАМАСЫ

Бағдарлама төлқұжаты

Негіздеме

Ата-аналардың сұранысы және оқушылардың демалысын ұйымдастыру негізінде 2013 жылғы жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің сауықтыру демалысын және бос уақыттарының қамтылуын ұйымдастыру бағдарламасы

Негіздеме

Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясын,  балалардың түрткілеу, қорғау және дамытуды қамтамасыз ету туралы Дүниежүлік декларация, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» заңын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы» Заңын, Қазақстан Ресубликасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы» заңын жүзеге асыру.

Разработчик программы

2013 жылғы жазғы демалыс кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің сауықтыру демалысын және бос уақыттарын ұйымдастыру бойынша «М.Әуезов атындағы № 42 жалпы орта мектебі» ММ комиссия құрамын құрды.

Мақсаты

«Күнсәулелі дала» бағдарламасы аясында жазғы демалыс кезеңінде оқушылардың сауықтыру демалысын және бос уақыттарын қамтамасыз ету, тұлғаның шығармашылық және интеллектуалдық мүмкіндіктерін дамыту.

Міндеті

•оқушылардың сауығу демалыстарын, бос уақыттарын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды өткізу;
•жетім балаларды, ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларды, аз қамтылған отбасы балаларын, тубвиражды балаларды жазғы сауығу демалыстарын және бос уақытпен қамтылуын қамту; 
•девианттық мінез-құлықты жасөспірімдердің, МІБ есебінде, КТЖБ есебінде тұрған балалардың жазғы сауығуын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;
•оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
•тәртіп мәдениетіне, азаматтық өзіндік сана сезімдеріне, СӨС дағдыларына тәрбиелеу;
•оқушылардың қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, ғылыми, техникалық, көркем шағармашықы, сорт, туризм және өлкетану, тағы да басқа танымдық жұмыстардағы білім, білі, дағдыларын кеңейту;
•қоғамдық пайдалы жұмыстарда оқушылардың икемділіктерін қалыптастыру үшін жағдайлармен қамтамасыз ету, экологиялық ой-өрістерін кеңейту.

Орындалу мерзімі

•2013 жыл маусым-тамыз

Қаржыландыру ағымы

Бағдарламаның қаржымен қамтамасыз етілуі жыл сайын жергілікті бюджет есебінен қарастырылады, сондай-ақ, ата-аналар мен басқа да қосымша тартылған қаражаттар.

Болжалды нәтиже

·Ата-аналардың сұранысы және оқушылардың демалысын ұйымдастыру негізінде 2013 жылғы жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің сауықтыру демалысын және бос уақыттарының қамтылуын ұйымдастыру бағдарламасы;
•Оқушылардыңғылыми-танымдық, шығармашылық, спорттық-туристік жұмыстардың дамуына бағытталған жұмыс жүйесін жетілдіру; 
·Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларды, аз қамтылған отбасы балаларын, тубвиражды балалардың, девианттық мінез-құлықты жасөспірімдердің, МІБ есебінде, КТЖБ есебінде тұрған балалардың сауығу демалыстары мен бос уақыттарын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;
·Қайырымдылық сезімдеріне тәрбиелеу, әсемдікті көре білу;
·Спорттық нормативтерін, дене тәрбиесі мен спортқа деген сүйіспеншіліктерін жоғарылату мақсатында спорттық қабілеттерін дамыту;
·Түрлі жастағы балалардың арасындағы достықты және әріптестікті бекіту;
•Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, балалардың өмірін қызықты әлеуметтік-мәдени оқиғалармен толықтыру; 
·Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өзіндік бастамаларын және бала белсенділігін  дамыту.
·Атриоттық сезімдерін, туған табиғатты аялау сезімдерін қалытастыру;
•Әрбіреуінің өзін-өзі жетілдіру.  
•Педагогтардың шығармашылық өсуі.