Щетинин Сергей Васильевич
Дене тәрбиесі мұғалімі және АӘД ұйымдастырушы-оқытушысы. Тәрбие берудің мақсаты мен міндеттерін (осы жағдайда әскери-патриоттық) жүзеге асырады, оқушыларды тұлға ретінде қалыптастыру және дамыту үшін бағытталған оқу-танымдық белсенділікке тарту, еңбекке баулу, қоғамдық-саясаттық және спорттық-сауықтыру қызметін ұйымдастырады.
Джанкин Кайрат Кудайбергенович
Дене тәрбиесі мұғалімі. Жоғары санатты. Мұғалім дене тәрбиесін оқыту әдістемесінің барлық аспектілерін жақсы біледі. Кайрат Кудайбергенович оқу бағдарламасы материалының толық меңгерілуін қамтамасыз етуге тырысады. Мұғалімнің негізгі мақсаты - сабақ жоспарын құрастырғанда, тиімді нәтижеге жетуді көздейді, оқушыларды оқыту және тәрбиелеу үшін жағымды моральдық-психологиялық тұрғыдан жағдай жасайды. Кайрат Кудайбергенович өткізетін сабақтар алға қойылған мақсаттың орындалуымен, түрлі әдіс-тәсілдерді қолданумен ерекшеленеді.
Кожан Арайлым Бекетайкызы
Дене тәрбиесі мұғалімі. Жас маман, педагогикалық қабілеті бар мұғалім. ЖММ сабақтарына қатысады. Бастауыш сынып оқушыларының сабақтан тыс өткізілетін спорттық секциясында жетекшілік етеді.
Порывай Борис Леонидович
Дене тәрбиесі мұғалімі. Талантты педагог, оқушылар дене тәрбиесімен айналысуға тартып қана қоймай, сондай-ақ мұғалімдер арасындағы қалалық спартакиадасында жеңімпаз атанды. Жарыста бірнеше мәрте жеңіске жеткен.
Сороко Юрий Станиславович
Дене тәрбиесі мұғалімі. Бірінші санатты. Мұғалім дене тәрбиесін оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін жетік меңгерген. Сабақ түсіндіргенде оқу бағдарламасын әр оқушыға жеткізуге тырысады, саналы түрде тәрбиелейді, оқуға жауапкершілікпен қарайды. Мұғалім үшін сабақ жоспарын тиімді құрастыру, оқушыларды оқыту мен тәрбилеуде моральдық-психологиялық тұрғыдан жағымды жағдай жасау проблемасы өте маңызды болып келеді.
Хузин Ефим Альбертович
Дене тәрбиесі мұғалімі. Жас маман. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра алады, өзінің кәсіби ісін тиянақты орындайды, балалар оны сыйлайды.
Богомольская Ольга Александровна
Жеңіл атлетика бойынша жаттықтырушы, спорт нұсқаушысы. Жеңіл атлетика бойынша Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Спорт шеберіне үміткер.