Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182) 31-87-43
email: sosh32@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Ленин к., Панфилов көшесі 65
65-31-22, 31-87-43
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі: 15:00-18:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ата - аналар сіздерге

photo-main Ата-аналарға арналған бала тәрбиесіне қажетті кеңестер

  1. Баланың міндетті түрде өздігінен орындайтын жұмыстары болуы қажет. Сіз тек осы жұмыстардың орындалуын қадағалауыңыз керек.
  2. Мейлі қаншалықты тиянақты әрі жылдам орындасаңызда, балаға жүктелген жұмыстарды өзіңіз орындауға тырыспаңыз.
  3. Балаңызды тыңдауды үйреніңіз.Шыдамды болыңыз, балаңыздың сөзін бөліп, оның ойын өзіңіз аяқтауға тырыспаңыз және баланы асықтырмаңыз.
  4. Балаңызға өз көзқарасыңызды тықпаламаңыз. Өзіңіздің нұсқаңыздың дұрыс екенін дәлелдермен түсіндіріңіз.
  5. Баланың кез-келген қалауын орындауға асықпаңыз.
  6. Балаға өзінің іс әрекетін түсіндіруді үйретіңіз. Яғни бала ең алдымен ойланып содан соң ғана шешім қабылдауды үйрену керек. Ең жақсысы өзі сенімсіздік танытқан мәселелерде ата-анасымен кеңесуге болатынын білуі қажет.

  Ата - аналарға арналған 10 кеңес

  1. Балам өзім секілді, немесе өзім ойлағандай болады деп күтудің қажеті жоқ. Оған өзі секілді болуға көмектес.
  2. Балаға жасаған еңбектерің үшін ақы сұраушы болма. Сіз оған өмір сыйладыңыз, ол басқаға өмір сыйлайды, ол тағы біреуге, бұл адамзат сапарының ұлы жолы осылай жалғаса береді.
  3. Өзіңнің өкпе - ренішіңе баланы араластыра берме, әйтпесе қартайғанда ол қылығыңның ащы дәмін татуың мүмкін. Не ексең, соны оратыныңызды ұмытпаңыз!
  4. Баланың мәселесіне бей - жай қарауға болмайды. Әркім өмірде әліне қарай күреседі. Сіз тапқан жолды бала таба алмауы мүмкін, өйткені онда тәжірибе жоқ.
  5. Баланың көңілін ешқашан қалдырмаңыз!
  6. Адам өміріндегі ең қызықты кездесу, баламен кездесу, оған үлкен дайындық керек, себебі сіз өзіңіздің ертеңгі күніңізбен кездесіп тұрғаныңызды ұмытпаңыз!
  7. Балаңызға қолыңыздан келмей тұрған нәрсені істей алмадым - ау деп қиналмаңыз. Ал қолыңыздан келіп тұрғанда істемесеңіз, онда сіздің қиналуыңыз әбден орынды. Бастаған істі аяғына дейін жеткізбесеңіз, онда ештеңе істемеген болып шығасыз.
  8. Бала өміріңді билейтін әмірші емес, тіршілік сыйлаған өмірдің қымбат қазынасы, сіз осы қазынаны көздің қарашығындай сақтауға, дамытуға және оның жүрегіне шығармашылықтың алауын жағуға міндеттісіз. Бала - әке мен ананың махаббатын сақтайтын алтын қойма.
  9. Басқаның да баласын жақсы көріп үйрен. Өз балаңа істемейтін нәрсені басқаның баласына да істеме!
  10. Балаң дарынсыз, жолы болмайтын болса да және есейіп кетсе де жақсы көруге міндеттісіз. Онымен қарым - қатынас жасағанда қуануға тиістісіз, өйткені оның сізбен болған әр күні мереке.

Ата-аналарға ұсыныс Мектепке дейінгі бала даму және танып білу қабілеттерінің мүмкіншіліктеріне зор ие. Балада дүниені танимын және зерттеймін деген негіз салынған, сол мүмкіншіліктерді дамытуда көмек көрсетіңіз. Өткен уақытыңызды аямаңыз, кейін ол көптеп қайтарылады. Мектеп табалдырығын аттағанда балаңыз өз күшіне сенімді болады, оқу ол үшін қиын болмай, қуаныш қана әкеледі, сізде оның үлгеріміне алаңдамайтын боласыз. Сіздің жігеріңіз тиімді болу үшін, мына кеңестерді қолданыңыз:

  1. Оқу барысында бала зерігіп кетпесін. Егер бала көңілді оқыса, ол жақсы оқитын болады. Қызығушылық – мотивациялардың ең жақсысы, ол балаларды шығармашылықты тұлғалар етіп шығарады және ақыл-ой сабақтарынан қанағат алады.
  2. Жаттығуды қайталаңыз. Баланың ақыл-ой қабілетін дамыту уақыт пен тәжірибеде айқындалады. Егер де небір жаттығу келіспей жатса, үзіліс жасаңыз, кейін қайтып келсеңіз де, не басқа жеңілдеу тәсілге көшсеңіз болады.
  3. Жеткіліксіз жетістіктерге жетпей жатса не алға ештеңе жылжымаса үрейленбеңіз.
  4. Шыдамдылық танытыңыз, асықпаңыз, баланың ақыл-ойын бөліп тастамайтын, басқа жағынан назар аударатын жаттығуларды бермеңіз.
  5. Сабақта балаға деген бір өлшем болу керек. Бала шаршап, айналшақтап, не көңілсіздеу болса жаттығу жасамай-ақ қойыңыз. Баланың шыдамдылығын байқап және сабақты дайындағанда әр кез сайын аздап қана уақыт мерзімін қосып отыру керек. Кей кезде өзіне ұнайтын істерімен айналысуға мүмкіндік беріңіз.
  6. Мектепке дейінгі бала қайталай беретін, бірқалыпты, нақты уақытымен ғана берілетін сабақтарды қабылдамайды. Сондықтан ойын түрінде өткізген жөн.
  7. Балада қатынас жасаудың машықтарын дамытыңыз, бірлесіп істеуді, ұйымшыл болуды, басқа балалармен достасып кетуіне, олармен жетістіктерді және қиыншылықтарды бөлісуге үйрету керек, бұның бәрі ертең мектепке барғанда әлеуметтік атмосферада керек болады.
  8. Немқұрайлы баға бермеңіз, ылғи да сүйемелдеп отырыңыз, жиі балаңызды шыдамдылығы мен жетістігі үшін мақтап отырыңыз. Басқа балалармен оның әлсіздігін салыстырмаңыз, оның өзіне деген сенімділігін қалыптастырыңыз. Ал ең негізі, баламен оқыған сабақты ауыр еңбек түрінде қабылдамаңыз, керісінше қуанып, ләззат алыңыз, күліп-ойнап жүрсеңіз жақсы болады. Баламен тіптен дос болу мүмкіншілігі туғанын есіңізге сақтаңыз.

Сонымен, сіздерге жетістіктер, өзіңіздің, балаңыздың мүмкіншіліктеріне сенімділік тілейміз!