Психологиялық қызмет көрсету
Талапкерлермен жұмыс істейтін мамандар мен ата-аналарға арналған психологиялық кеңестер «Отбасы – сүйіспеншілік пен жылулықтың қайнар көзі» Отбасылық тәлім-тәрбие баланың қоршаған ортаны қабылдау негізін құрайды. Отбасындағы баланың дамуындағы маңызды рөлі, баланы өмірдегі әлеуметтік шартқа даярлау, білімді игеру, икемділік, дағды және даярлықты қалыптастыру отбасына қатысты. Әр отбасы бұл қызметті оның әлеуметтік және әлеуметтік психикалық қалпына, психологиялық-педагогикалық грамматикасына тәуелді атқарады. Қоғам алдында отбасының тәрбие оптимизациясы және оның қоғамдық тәрбиемен байланысын нығайту тұжырымдамасы тұрады. Жеке тұлғаның қалыптасуы қоғамдық детерминацияалды индивидте іске асатыны сияқты әлеуметтік іс-әрекет процесінде соңынан жүреді. Әлеуметтік шарт және онымен байланысты тура сенімділік немесе жанама түрде адамның психикалық дамуына әсер етеді. Әлеуметтік шарт және онымен байланысты тура сенімділік немесе жанама түрде жеке тұлғаның психикалық дамуына әсер етеді. Ата-аналар арасындағы қарым-қатынас жағдайлары – балаларды тәрбиелеудегі түрлі амалдардың көзі. Ата-аналардың мақсаты:
- Ортақ шешімге келу, бір-бірін көндіру. Ымыраға келетін жағдай туындаса, міндетті түрде, екі жақтың талаптары қанағаттандырарлықтай болуы керек. Ата-ананың бірі шешім қабылдайтын болса, міндетті түрде, екіншісінің ойын ескергені жөн.
- Бала ата-аналардың сөзге келіспеушілігін көрмегені дұрыс, яғни мұндай мәселелерді баланың қатысуынсыз шешу керек.
- Шешім қабылдау барысында ата-аналар бірінші орынға өз көзқарастарын емес, баланың пайдасын қою керек.
- Оқушыны қабылдау, яғни баланы қарапайым өз күйінде қабылдау.
- Эмпатия (уайым, қайғы жеу) – ересек күрделі мәселелерге бола көзімен қарайды, оның ұстанымына бой түзейді.
- Болып жатқан іске қатысты ересек адамның тарапынан объективті қатынас.
- Баланың жас ерекшелігіне сай ақыл айта білу маңызды болып табылады. Шынын айтқан баланы жазаламау керек. Түсіндіріп ескерту берген дұрыс. Балаға сын айтқанда ешқашан оның жеке басын кемітуге болмайды, ескертуді іс-әрекетіне қатысты айту керек.
- өзінің сарқылмас мүмкіндігінің бар екені;
- осы мүмкіндіктері мен белсенділігін дамытуға құлшыныс білдіру;
- өзінің өмірлік жоспарын жүзеге асыру үшін қайсар мінезді және барынша жетілген ерік-санасы болуы керек.