ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Мектеп жетістіктері
2017 – 2018 оқужылындағы  мектеп оқушылары арасындағы   республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің қорытындысы туралы Қалалық олимпиаданың жүлдегерлері қазақ тілі мен әдебиет пәндерінен 11 «А» сынып оқушысы Мыржикова Аружан – І орын (пән мұғалімі Г.Ш.Жаменкенова), 8 «А» сынып оқушысы Қасен Фатима – ІІІ орын (пән мұғалімі Г.Қ.Сапина), ағылшын тілі пәнінен 10 «А» сынып оқушысы Ниярова Альмира - ІІ орын (пән мұғалімі Б.Қ.Жармағамбетова), орыс тілі пәнінен 10 «А» сынып оқушысы Ақылбекова Дариға - ІІІ орын (пән мұғалімі А.Б.Абуова), тарих пәнінен 9 «Б» сынып оқушысы Садуақас Самат және 8 «А» сынып оқушысы Табулдинова Бибігүл ІІІ орын (пән мұғалімі Ә.А.Жолаева).                        2016 – 2017 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ   ЖЕТІСТІКТЕР 2013 - 2014 оқу жылы бастауыш пен жоғарғы сыныптың 10 оқушысы қалалық олимпиаданың жүлдегерлер атағына ие болды. Мектеп оқушылары - жыл сайын қалалық оқулар, ғылыми жобалар конкурстарының; облыстық, республикалық, халықаралық интеллектуалдық марафондар мен олимпиадалардың жүлдегерлері. Биылғы жылы бастауыш сыныптың 1 оқушысы қалалық ғылыми жобалар конкурсында лауреат атанса, ортаңғы буын оқушысы облыстық ғылыми жоба...
2015-2016 оқу жылында атқарған жұмысының талдауы
№ 2 ЖОББМ-ің 2013-2014 оқу жылында атқарған жұмысының талдауы «№ 2 жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесінің жалпы сипаттамасы № 2 жалпы орта білім беру мектебі1965 жылдан бастап жұмыс істейді. Мектеп ғимараты 860 орындық. 2012 – 2013 оқу жылы мектептің жалпы білім беру жүйесінде күндізгі оқыту түрінде 15 бастауыш, 13 негізгі, 2 жоғары сыныптар болды. Мектеп екі ауысымда жұмыс істейді. Сабақ кестесі негізінен санитарлық-гигиеналық талаптарға және жұмыс оқу жоспарына сәйкес құрастылды. Мектептің педагогикалық ұжымы тілдерді қолдану мен дамыту жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірледі. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын, тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың талдауы жасалып, жылына екі рет қорытындысы директор жанындағы отырыстарда қаралады. Мектеп қажетті оқу – педагогикалық әлуетке ие болып отыр, оқу – тәрбиелік үдерісті іске асыруға барлық қажетті оқу – материалдық базасы бар, оның барлығы облыстық білім беру басқармасының нормативтік құжаттарына сәйкес атқарылады. Білім беру мазмұнын жаңарту - оқу жоспарының вариативтік бөлігі, жеке мектеп пәндері бойынша тереңдетіп оқыту, бейіндік оқыту арқылы іске асырылып жатыр. Мектепте мұғалімдердің педагогтік шеберліктерін...
Ұстаздар
  Бөлімді таңдаңыз:     - Мектеп әкімшілігі   - Бастауыш мектеп   - Математика, физика, информатика   - Қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиет, өзін-өзі тану   - Шетел тілі   - Тарих, география   - Биология, химия   - Денешынықтыру, ӨҚН, АӘД   - Технология, бейнелеу өнері, сызу, музыка     Мектепте жоғары біліктілікті мамандар жұмыс істейді. Педагогикалық ұжымда 61 адам бар.            
Мектеп кітапханасы
МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫ Біздің кітапхана мектеп негізін қалаған күннен бастап жұмыс істейді. Кітапхананың жетекшіcі Е.К.Тілегенова.     Мектеп кітапханасы ақпараттық-ағартушылық орталық және оқушылардың сүйікті орны болып табылады. Кітапхана мектептің барлық кешендерінің ішіндегі маңызды бөлімшесі болып табылады. «Сағынады ақынды сыздап жүрек» 2016жылы 20 қазан күні 7 А сынып оқушылары № 4 қалалық балалар кітапханасында «Сағынады ақынды сыздап жүрек» атты әдеби-саз сағатына қатысты. Әдеби кеш Мұқағали Мақатаевтың 85 жыл мерейтойына арналды. Кітапханашы Л.С.Мамбетова оқушыларды ақынның өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстырды. Балалар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, сонымен қатар әндерін тындады және ақынға арналған көрме ұйымдастырылды.     «Саз әлеміне саяхат» 2016 жылы 12 қазан С.Торайғыров атындағы Облыстық кітапханада «Саз әлеміне саяхат» атты шара өтті.Осы шараға біздің мектептің 6 «А»,6 «Ә», 6 «Б» сынып оқушылары қатысты. Кітапхана қызметкелері қазақ ұлттық аспаптар туралы мәлімет берді. Осы шараға Құрманғазы атындағы №1 музыка мектебінің ұстазы Тезекбаева Г. қатысты. Ол оқушыларға қобыздың пайда болу тарихын айтып, музыкалық композицияларды...
Мектеп кітапханасының ережесі
МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1.1. Орта білім беретін ұйымның  кiтапханасының (әрі қарай мектеп кітапханасының) пайдаланудың үлгі қағидалары орта білім беретін ұйымның  кітапханасы туралы ереже негізінде әзірленді. 1.2. Мектеп кiтапханасын пайдалану қағидалары – оқырманның кітапханамен өзара қарым-қатынасын бекітетін құжат және оқырмандарға қызмет көрсетуді  ұйымдастырудың жалпы тәртiбiн, кітапхана қорына қолжетімділік тәртібің, оқырмандар мен кітапханашының құқықтары мен мiндеттерiн белгiлейдi. 1.3. Кітапхана білім беру үдерісінің барлық қатысушылары – мектеп әкімшілігіне, педагогика ұжымына, оқушылар мен ата-аналарға (әрі қарай оқырмандарға) жеке және өздігінен білім алу жұмысы үшін кітапхана және ақпарат-библиографиялық  қызмет көрсетудiн дәстүрлі нысандары мен әдістерін пайдалана отырып білім беру және педагогикалық ақпаратқа еркін қолжетімділікті ұсынады. 1.4. Кітапхананың жұмыс режімін орта білім беретін ұйымның ішкі еңбек  тәртiбi қағидаларына сәйкес мектеп директоры белгілейді. 1.5. Оқырман-оқушыларға қызмет көрсетудің саралы тәсілін қамтамасыз ету үшін оқушылардың жекелеген топтарына сыныптарымен белгілі бір күндерді (сағаттарды) бөлу арқылы кітапхананың жұмыс кестесі әзірленеді. 2. Кітапхананы пайдалану...
Кітапхана қоры
Кітапхананың кітап қоры: Кітап қоры – 53846 экз. Оқулықтар – 38329 экз. Қазақ тілінде – 17270 экз. Эл.оқулықтар – 83 экз. Кітапхананың көрсеткіштері: Оқырмандар саны - 696 Кітап беру саны - 12662 Келушілер саны – 4,8 Мерзімді баспа 2015 ж Барлығы - 24 Қазақ тілінде - 18 Орыс тілінде - 6 Газет - 9 Журналдар – 15
Жаңа кітаптар
ЖАҢА КІТАПТАР 1. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 1-15 том. - Алматы,2011. 2. Дениз Райан. Ауа райы. 1 деңгей. - М:Махаон,2011. Өсімдіктер мен саңырауқұлақтар. Жабайы табиғат. Теңіз жағалауы. Жәндіктер және өрмекшілер. Құстар.Аң баласы қалай аталады. Үлкен мысықтар. Кемелер. Машиналар. Музыкалық аспаптар. Күш және қозғалыс. Ұлы Қытай қорғаны. Викингтер. Қорғандар. Теңіз қарақшылары. 3. Дениз Райан. Қанаттылар. 2 деңгей. – М:Махаон,2011 Адам. Троя арғымағы. Иттер. Қазыңдылар. Шөлдер. Пирамидалар. Аюлар. Машиналар мен механизмдер. Климат. Тастар. Үндістер. Ежелгі Рим. Жыңғылдар. Теңіздер тереңінде. Акулалар. 4. Роберт Коул. Мумиялар. 3 деңгей. – М:Махаон,2011 Ұшу. Помпеи. Титаник. Айдағы Адам. Сәулет кереметі. Кесерткелер. Күн жүйесі. Динозаврлар. Ежелгі Греция. Мұздардағы өмір. Жер. Өнертабыстар. Табиғат құбылмалылығы. Маржанды кедертастар. Бүркеніш. 5. Роберт Коул. Экология. 4 деңгей. – М:Махаон,2011 Ацтектер мен майялар. Экстремалды спорт. Қуат. Жерсілкінулер. Жұлдызды аспан. Жанартаулар. Ұлы Жібек жолы. Алтын іздеу жолында. Хайуанаттар әлемінде. Жәндіктер дүниесі. Жануарлардың аууы. Материктер мен мұхиттер. Ақпарат және байланыс. Шабуылдау және қорғаныс. Беймәлімге сапар. 6. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс: Энциклопедиялық аңықтамалық.\Бас ред.Б.Ө.Жақып. – Алматы:Қазақ...
Виртуалды қабылдау
Құрметті web-сайтының қонақтары! Мектеп сайтына қош келдініздер! Сіз бұл жерде сайтқа келушілердің сұрақтарымен таныса аласыз немесе өзіңіз сұрақ қоя аласыз. Сіздің өтінішіңіз қараусыз қалмайды. 2009 жылғы 26 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Заңы күшіне енді. Осыған байланысты, көпшілік алдында сөйлеген сөзде немесе бұқаралық ақпарат құралдарында адамның жеке өмірі туралы, оның жеке және отбасы құпиясын құрайтын азаматтардың құқықтарына және заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін мәліметтерді оның келісімінсіз таратуға тыйым салынады. Иесі бүркемеленген өтініштер сондай-ақ қарауға жатпайды. Иесі бүркемеленген өтініш болып ол бойынша авторын белгілеу мүмкін емес, қолтаңбасы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушінің пошталық мекен-жайы жоқ өтініш табылады. Жоғарыда аталған талаптар бұзылған жағдайда мұндай өтініштер оларды орналастыру құқығынсыз жойылады. Осыған байланысты, толғантқан мәселелеріңіз бен сауалдарыңызды сындарлы және әдепті баяндауды өтінемін. Құрметпен Надежда Бакубаевна Асылбекова, №2-мектеп директоры
Қабылдау кестесі
Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке сұрақтары бойынша қабылдау К Е С Т Е С І Мектеп директоры : Надежда Бәкібайқызы Асылбекова Сейсенбі : сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Жұма: сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін  
Сіздерге, ата-аналар!
Құрметті ата-аналар, оқушылар! Сіздерді демалысты қызықты өткізуге 2017 жылғы маусымның 2-сі мен 22-сі аралығында мектеп жанындағы «Күншуақты қала» лагеріне шақырамыз. Лагерь  бағдарламасында Сіздерді қызықты ойындар, қозғалмалы эстафеталар, интеллектуалды сайыстар күтеді, психологтерпсихологиялық тренингтер өткізеді, информатикакабинеті компьютер ойындарына шақырады.Әскери бөлімге, мұражайларға, театрларға саяхат, бассейнде сауықтыру жоспарланған. Келіңіздер! Барлықтарыңызды лагерьде демалуға шақырамыз.   Төлемақысы 100% - 6000 теңге, 50% - 3000 теңге             Ата-аналар, оқушылар назарына ! 2017 жылы наурыздың 17-18 күні біздің мектебімізде 1-11 сыныптар арасында ата-аналар жиналысы өтеді, уақыты 18 сағат 00 минут.   Мектеп әкімшілігі. Ата – аналар, түлектер назарына!   2016 жылғы ТҮЛЕКТЕР НАЗАРЫНА! ЖОО (ВУЗы) түсуге құжаттар тапсыру мерзіміне назар аударыңыздар. Шығармашылық мамандықтарды (сурет, сызу, өлең, дене шынықтыру, АӘД) таңдаған мамандықтарға құжаттар тапсыру мерзімі 2016 жылғы 01- шілдеге дейін. Педагогикалық мамандықты таңдаған түлектерге 2016 жылғы 04- шілдеге дейін. Педагогикалық мамандықтарға...
Мектеп психологінің беті
    Ахметжанова С.М. - І санатты мектеп психологі   Жас жеткіншекке жадынама «Егер де сен қандай да бір қиын жағдайға душар болсаң»   Егер де сен қандайда бір қиын жағдайға душар болсаң, есіңде болсын шешілмейтін жағдайлар болады. Шешілетін жолдар әрқашанда бар, тек қана соны таба білу керек. Егер біздің ұсынып отырған кеңестерімізді пайдалаңсаң, сен сол қиын жағдайдан, өзіңе үлкен шығын келтірмей, шыға аласың. 1 кеңес. Қиын жағдайға түсіп қалсаң үрейге немесе күйзеліске түспе. Жағдайыңа өзің анық талдау жасауға тырыс. 2 кеңес.Осы қалыптасқан жағдайды кім жасады соны анықта. Егер өзің болсаң, барлық жауапкершілікті өзіңе ал. Жақсылап ойлан? Тағы да қай жерден? Қандай қауіп болуы мүмкін. 3 кеңес. Осы қалыптасқан жағдай туралы кімге ашық айта аласаң, соны ойла. 4 кеңес. Өзіңнің қиын жағдайыңмен жалғыз қалмауға тырыс. Өйткені айналаңа өтірік айтуға мәжбүр боласың. Өтірік – бұл сен үшін тағы да қиын жағдай. 5 кеңес. Өзіңнің құпияңа сақ бол. Нақты көмек бере алмайтын, бірақ саған жаны ашитын жолдасыңа өзіңнің жағдайыңның шешуін жүктеме. Саған одан жеңілдік болмайды. 6 кеңес. Саған нақты көмек көрсете алатын, өмірлік тәжірибесі мол жасы үлкен адамнан көмек сұра. Егер ол сенің ата-анаң немесе...
"Жас ұлан" рәміздері
Флаг «Жас Ұлан» Жас ұландар әні Әні мен сөзін жазған: Ұ. Ж. Жаналиева Біз ұланы қазақ елінің Туған жерін, сүйген Отанын. Әке жолын, ана мейірімін, Бойға жиған қасиетін. Қайырмасы: Жас ұлан, қалыспа! Қырандай қарышта. Еліміздің абройын Асқақтатып әлемге Нық ұстайық байрағын! Көп білуге ұмтыламыз Өнер, білім, ғылымға. Кеудемізде ар мен намыс Жетелейді бізді алға. Қайырмасы: Жас ұлан, қалыспа ! Қырандай қарышта. Еліміздің абройын Асқақтатып әлемге Нық ұстайық байрағын!
Положение "Жас ұлан"
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ «Жас Ұлан» БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1.1. «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі(бұдан әрі – «Жас Ұлан») Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады. 1.2. «Жас Ұлан» - өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым. 1.3.«Жас Ұлан» өзінің қызметін шығармашылық, спорттық, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен және мемлекеттік мекемелермен бірлесе жүзеге асырады. 1.4.«Жас Ұлан» өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңнамасы және басқа да нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық актілерді басшылыққа алады. 2. МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 2.1. «Жас Ұланның» мақсаты: - өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру. 2.2.«Жас Ұланның» міндеттері: - Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру; - балалар мен...
Үйірмелер, секциялар
ПӘНДІК № Үйірмелер Өткізілу орны Өткізу күндері Өткізу уақыты Сыныптар Жетекші 1. Ұлттық дүние таным 21 кабинет бейсенбі 10.55 1 «А» сынып Б.Ж.Сейітова 2. Ұлттық дүние таным 28 кабинет сенбі 9.55 1 «Ә» сынып Ж.Б.Ерімбетова 3. Ұлттық дүние таным 30 кабинет сенбі 10.55 1 «Б» сынып Ғ.Н.Жақыпбекова 4. Ұлттық дүние таным 24 кабинет сенбі 9.55 1 «В» сынып Ж.А.Жетібаева...
Күзгі каникул кезіндегі жұмыс жоспары
Күзгі демалыс уақытына № 2 ЖОББМ-ның жұмыс жоспары 2017-2018 о.ж. № Мазмұны Сынып Уақ. Оқушылар саны Жауаптылар 31.10.2017 1 Кесте бойынша үйірмелер мен секциялар жұмысы 1-11 сын. 10.00 -13.00   Үйірмелер мен секциялар жетекшілері 2 ҰБТ-ға дайындық 11 сын. 10.00 13 Пән мұғалімдері 3 ОЖСБ-ға дайындық 9А, Ә, Б сын. 10.00 79 Пән мұғалімдері 4 Футбол 4-9 сын 10.00 Оқушылардың қалауы бойынша Бихиянов С.А. 5 Баскетбол 8-9 сын 17.00 Оқушылардың қалауы бойынша Тезекбаев Қ.Қ.   01.11.2017 1 «Жас ұлан», «Жас қыран» балалар ұйымының отырысы 2-7 сын. 11.00 15 «Жас ұлан», «Жас қыран» мүшелері аға вожатый 2 ҰБТ-ға дайындық 11 сын. 10.00 13 Пән мұғалімдері 3 Кесте бойынша үйірмелер мен секциялар жұмысы 1-11 сын. 10.00 -13.00   Үйірмелер мен...
Ұлы Отан соғысы
    9 мамыр Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне және 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған іс-шаралар жоспары   № Іс-шара тақырыбы Әдісі, түрі Мерзімі, уақыты, орны Сынып Жауапты 1 «Патриот» айлығын өткізу Әскери-патриоттық айлық науқан 1.05-25.05.18ж   Ә.С. Мұхаметжанова А.Қ.Сатыбалдин 2 «Ән-Жеңістің серігі» Әскери-патриоттық саптық ән байқауы 3.05.2018ж 12.00 5-8 А. С. Мұхаметжанова С.М. Ахметжанова А.К.Сатыбалдин   Г.С.Естаева 3 «Ұланымыз Ұлы елдің» Мәнерлеп оқу сайысы 04.05.2018ж 11.00 2-4 Сынып жетекшілер, Г.С.Естаева 4 «Есте қалу үшін» Ерлік сабағы 5.05.2018ж 13.30 6 «А» C.К.Жүнісова...
Бейінді лагерь
«Күншуақты қала» лагері
буклет
 Презентация1жүктеу
Салем, мейірімді жаз!