Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
ЗАРЛАНДЫМ
ЗАРЛАНДЫМ (Әңгіме) Роман деуге болады мұның өзі, Фельетон тәртібінше әрбір сөзі. Құрылған надандарға мысал - айна Не шара соқыр болса көңіл көзі. Қаны бір, мұны оқыған қарындастар, Қалып тұр қараңғыда ғазиз бастар. Өзі мас, көңілдері тас болмаса, Ағызар, халін аяп қанды жастар. Иесі білім - өнер туысқаным, Жан қиып жұртың үшін ту ұстадың. Тез, жылдам, бар шамаңша ұмтылып қал, Барады отқа күйіп туысқаның. Күл болып, қарасы өшіп жойылған соң, Артынан не болады қуысқаның? I Сахарада өмір кешіріп жүрген қазақ балалары үш түрлі жолда болады. Біріншісі: жасынан бір ауыз ғылым оқымаған, әліпті таяқ цеп те білмейтін, айуан секілді ішіп-жеп, мал бағып, өсек аңқып, айтуға ауыз шошитын неше түрлі бұзық мінездері мен қараңғылықта күнін өткізіп барады. Екіншісі: бұрынғы «аян», молда, надан - қожа ишандардың жолымен кетіп, атсаң оқ, айтса сөз өтпейтін миларын шатастырған қияли болады. Нұры шашылды деп біліп, қуанышымыз қойынға сыймайды. Бұрын мұндай жақсылықты мың ұйықтасаң, түсімізде бір көре алмай, мың иіскесек, бір сезе алмай жүрген сорлы басымыз - ай, енді несін  сұрайсың! Көңіліміз тасып, қайратымызды асып, күн сайын ілгері басып, қараңғыдан жарыққа қарай ұмтылып, надандықтың туманы серпіп тастап алды-артымызға қарамай зырқыратып бара жатқанда, надандықтан болған бір кісіге...
АДАСҚАН ӨМІР
АДАСҚАН ӨМІР (поэма) Сезімнің сыртқа шықпас түсі бар ма? Оны жасырар адамның күші бар ма? Біреу күй, біреу пішін, біреу сөзбен, Көрсетпейтін жүректің іші бар ма? I МЕН БАЛА Мен сәби мейрімді ана құшағында, Ақ мамасын сүйемін, құшамын да: Алтын ана жек көрер шамасы жоқ; Былғанам ба, мейлі құсамын ба. Мен ұжмақ періштесі, көңілім таза, Қандай нәрсе білмеймін: бәле, қаза. Еркімнің ұйғарғанын істеуіме, Ұғынбаймын ешкімнен бар деп жаза. Қастық деген не нәрсе: көрінген дос; Қайғы деген не нәрсе: көңілім хош; Алдау, күндеу, айла не, мен білмеймін, Жүрегімде түпкір жоқ сүюден бос. Мен білмеймін: жалыну, жағынуды, Ресім, ұлық, құдай деп табынуды, Өз еркімнің қылығы өзіме жөн, Айтшы маған не нәрсе жаңылуды? Кәпір жоқ, мұсылман жоқ, мал мен адам Бәрі де айырмасыз бауыр маған. Пайда зиян, ұят немен білмеймін Менің үшін сөз һәм жоқ деген жаман. Менде жоқ: мынау орыс, мынау қазақ, Не мақтау, не кемсіту, қорлау, мазақ - Бай, кедей, cay, кем-кетік бәрі бір бәс, He нәрсе айтшы: кәрілік, ауру, азап? Мен білмеймін: не нәрсе өлім деген, Қорқу деген, көму деген, көрің деген. Тамағыма пышақ таяп тұрған жан да, Күлуден басқа жауап алмас менен. Күн сайын жазғытұрым шыққан гүлдей, Жақсы түрге кіремін өзім білмей. Сондықтан көңілім шат, жүзім нұрлы, Күліп сәуле шашамын жазғы...
КЕДЕЙ
КЕДЕЙ (поэма) Все, что существует в мире, есть результат, известных действий, условий и среды. Человек может творить эти условия, что и отличает его от животных. На этом основано все, что изобретено человеческим умом. Отсюда цель моего произведения может быть, пожалуй, ясна. 1919. Султанмахмут ҚЫЗМЕТІ ҺӘМ АЯНЫШ XAЛІ I Күзгі түн, шөптің басын қырау көмген, Ызғар шашып, бұлт мынау жерге төнген. Қарадағы, итпен бірге қой күзетіп, Мен ояу, ел ұйқыда, оттар сөнген. Ұзақ түн, жолдасым жоқ иттен басқа, Бүтін киім менде жоқ жаурамасқа. Бір бүтін, кірсіз киім кигенім жоқ, Туғаннан, міне, шықтым талай жасқа. Өкпемнен барады өтіп күзгі суық, Бір жағынан қышытып, биттер буып. Бит жеген ескі күпі жабағысы, Жөргекке оралғанда іштен туып. Бұл битке сонан бері денем азық, Көбінесе сондықтан да жүрмін азып. Туысымен көргенім бәрі бейнет, Тумай жатып қылып ем қанша жазық?! Жұрт айтады: "Еңбек қып, ерінбесең, Маңдай термен ас тауып адал жесең. Қызмет қылған байыңнан алғыс алсаң, Ол сені алдап, арбап, кетсе де есең. Сонда сен көгересің", — дейді халық, Көп өмір өтпеді ме бұған нанып? Ес біле басталғаннан бері қарай Бір күн тыныш жаттым ба ұйқым қанып? Адамға аса қымбат балалық шақ, Ойға кіріп, шықпайтын сор менен бақ. Қозы қуып, бұзауға құрық салып,...
Жас жүрек
Жас жүрек   Жас жүрек, қайда сенің ыстык қаның; Тап мұндай мұздауыңның айтшы мәнін? Тәтті үміттің қиялы сәуле беріп, Ұйықтатпайтын толқынның жойдың бәрін. Қызған темір жатқандай көкіректе, Сыймайтын мезгіл қайда қанға, жаным? Нанғыштық, құлай сенгіш, тәтті үміттен Бұл күнде, айтшы, неге бет бұрғаның?.. Жиіркеніп, көргің келмей өзіңді-өзің, Қамығып неге осынша құрыды әлің? Әлде сенің кең жайлау жазың жоқ па? Шалқар көл, қиқу салған қазың жоқ па? Жел жетпес, қолда қыран, алтын дабыл, Құс-аңды құтқармайтын тазың жоқ па? Әлде алдында жүрмей ме сылаң қағып, Даланың еркелері үкі тағып. Табиғат өксімей ме әдемі үнмен, Бозторғаймен қосылса әнге салып. Сен сонда ұқпаймысың оның сөзін, Көмір деп ойлайсың ба қара көзін? Мағыналы сол қара көз бір жалт етсе, Жынданбауға етерсің қалай төзім. Жас жүрек айтты сонда: сөзіме нан, Сол себептен ішімде жылы емес қан; Шындық, достық таппадым, сандал қағып Өмір бойы алдандым тапқанымнан. Бүгінге адасудан көз ашпадым, Не нәрсені көздесем, тап баспадым; Дүниеден басқа рақат тілемеймін, Кеш, арым, мен білместің адасқанын.
Шәкірт ойы
Шәкірт ойы Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып, күн болам! Қараңғылықтың көгіне, Күн болмағанда, кім болам? Мұздаған елдің жүрегін, Жылытуға мен кірермін! Еңбек, бейнет тарауы Рақатқа сарқылар. Қыздырып күннің қарауы Надандық теңізі тартылар. Орны отайып көгерер, Қызығын жайлап ел көрер. Тұрмыс, тағдыр - бірі де Бұл мақсаттан бұра алмас; Қаһарман, Рүстем, Әлі де Бұрам деп жолда тұра алмас. Сыланған жардың күлісі, Алдандырмас бірісі.
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920)
Сұлтанмахмұт Торайғыров-көрнекті қазақ ақыны-демократ. 1893 жылы 29 қазанда Көкшетау облысының Қызыл-Тау ауданында дүниеге келген, 1920 жылы 21 мамырда сол жерде қайтыс болған. Төрт жасынан бастап Сұлтанмахмұт Павлодар облысының Баянауыл ауданында тұрды. 13 жасынан бастап өлең жаза бастады. Оны мәдени орталықтарда оқуға деген құштарлық жеңді, ол көп оқыды, заманауи толыққанды білім алуға ұмтылды. Алайда, ол жұмысты бастауға мәжбүр болды - алдымен мектепте мұғалім, содан кейін 1913 жылдың күзінен бастап Сұлтанмахмұт алғаш рет ақын, публицист және эссеист ретінде сөз сөйлеген "Айқап" қазақ журналының редакциясының хатшысы. 1914 жылдан бастап тағы да Баянауыл мен Катонқарағайда мұғалім болып жұмыс істейді, 1916 жылдың күзінде Томск қаласындағы курстардан сабақ алады. Осы жылдары Торайғыровтың жазушылық сенімі жетіліп келеді." Шындықты іздеу жолына түсіп, мен шегінбеймін, барлық сынақтардан Өтемін, шаршауды жеңемін, қателіктерден Өтемін. Бірақ мен ойлағаныма адал боламын", - дейді ақын. 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін ол халыққа жақын болуға ұмтылып, Семей қаласына келеді. Ол сол кездегі қазақ қоғамының барлық зиялылары сияқты қуанышты сезіммен қамтылған. "Мен қараңғылықты халқымның басына шашатын күн болғым келеді". Сұлтанмахмұт бостандықтың таңы келді және әр халық өздігінен сауығып, өз...
Айқап
1911-1915 жылы Троицк қаласында басында айына бір рет, кейіннен айына екі рет шығып тұрған. 1-2 мың данамен 88 нөмірі жарық көрген. Алғашқы редакторы - М.Сералин. "Айқап" қазақтың қоғамдық санасының оянуына және ұлттық мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан. Журналда қазақ ауылдарындағы оқу-ағарту жұмыстары, әйел теңдігі, отырықшылық өмір салтына көшу, сонымен қатар Мемлекеттік Думаға қатысу жөніндегі саяси мәселелер көтерілді. Журналды шығару жұмыстарына Ә .Ғалимов, С.Торайғыров қатысқан. Журналда А.Байтұрсынұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Б.Майлин, Б.Өтетілеуов, С.Көбеев, Н.Құлжанов, т.б. сияқты белгілі жазушылар белсенді қызмет атқарған. Абай, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин өлеңдерімен қатар халық ауыз әдебиетінің шығармалары, шығыс, орыс және еуропа әдебиетінің туындылары жарияланған.
Дін
Дін   Дін деген — өтірікке нану деген, Көңілге енбес қиял алу деген. Қиямет күн ғарасат майданына Өлген адам тіріліп бару деген. Хор қызын жиырма бестен алу деген, Мәңгілік, өлмей-жітпей қалу деген, Өлмейтін, қартаймайтын жайға апарып, Пендесін басқа күйге салу деген. Дозақта күнәлілер жану деген, «Кәпірді» зор азапқа салу деген. Мұсылманнан басқаның бәрі иттей боп, Өшпес от, бітпес бейнетте қалу деген. Бұл — молданың өтірігіне сену деген, Жетегіне соқырдың еру деген. Алдамшының алдаған сөзіне еріп, Қолда барын сыпырып беру деген. Өлген адам тіріліп келу деген, Қартаймай, өлмей тірі жүру деген, Жақындық жоқ, ұйқы мен тамағы жоқ, Мәңгілік ұзақ өмір сүру деген; Жұмаққа қазақ қана кіру деген, Ол сырды қожа-молда білу деген — Ежелгі надандықтың кесірі ғой, Ғылымға бой ұсынбай іру деген. Миға кірмес өтірік сөз емес пе, Мұның бәрі — бос мылжың үру деген.   Сарыбас   Жалаң бас, жалан аяқ, жыртық дамбал Кір көйлек, қомыт күпі, шидем шалбар. Сары үрпек, көгілжім көз, оңі жүдеу, Қу мойын, аш қабырға аңғал-саңғал. Жарық қол, қара табан, жалақ ерін, Толтырған кеудесіне кайғы-шерін. Жеті атасы кұлдықта күн өткізген, Кірме деп кемітетін ата-тегін. Ата-анасы қартайып, жасы жеткен. Кедейлік жас күнінен тентіреткен. Кірсіз киім, дәмді асты...
Памятка по соблюдению мер безопасности при эксплуатации отопительной печи
"Есірткіге тәуелді болма!" ата-аналар мен өскелең ұрпаққа арналған жадынама
Балаңыздың қауіпсіздігі сіздің қолыңызда!
Балаңыздың қауіпсіздігі сіздің қолыңызда!  Қауіпсіздік техникасы бойынша бейне нұсқаулықтың сілтемелері https://youtu.be/zeTqKKoM28M https://youtu.be/tH4Bx7r9-MA https://youtu.be/DcLIcoAEjjw https://youtu.be/py2aHXwRbbw https://youtu.be/Gk2HiVXjx_U https://youtu.be/7BbWwWVXoYc https://youtu.be/7qvLF0dIf44
Барлығының назарына!!!
   
Профилактика правонарушений
Жадынамалар мен ұсыныстар тұлғаның жыныстық қолсұғылмаушылығы бойынша
Состав попечительского совета
Состав ПС по ООШ № 32 г.Павлодара 2020-2021 уч.год   № ФИО Место работы, должность Телефон Дом адрес Примечание 1 Ныгманов Уалихан Еркенович ИП «Серке» 87059870180 п.Ленинский ул.Карьерная-                Пред. ПС 2 Жайдакбаева Райгуль Кунашевна ЗДВР ООШ № 32 87054659558 П.Ленинский Ул.Макаренко-117 Секретарь ПС 3 Дюсембекова Мунира Сапарбековна Зам. Акима п.Ленинский 87013394533 П.Ленинский ул.Панфилова-96 Член ПС 4 Кистаубаев Арман Бижанович Инспектор ОДН 87472570779 П.Ленинский ул.Отырар-18/4 Член ПС 5 Ибраев Берик Амангельдиевич ИП « Ибраев Б.А.» Руководит....
Приказ о создании попечительского совета ГОО
«Согласовано»                                                                                                                                      «Утверждаю» Директор...
«Жас мұғалімдер мектебінің»
«Жас мұғалімдер мектебінің» жұмыс жоспары   № Сабақ тақырыбы Өткізу мерзімі Жауапты тұлғалар 1 «Жас мұғалімдер мектебін» ұйымдастыру.          Жас мұғалімдерді мектеп дәстүрімен таныстыру   Дөңгелек үстел «Жас мұғалімнің алғашқы мәселелері». Педагог-тәлімгерлерді тағайындау.           Жас мұғалімдер кеңесінің төрағасын және мүшелерін таңдау және бекіту.           «Жас мұғалімдер мектебінің» жұмыс жоспарын бекіту           Нормативтік құжаттармен танысу, пән бойынша оқу-әдістемелік материалды (КТЖ, ҚМЖ) дайындау          Заманауи оқу сабақтарының қашықтық форматтағы әдістемелік негіздері, оларды өткізуге қойылатын талаптар.Күнделік, Онлайн-мектеп, ZOOM білім беру платформаларымен танысу және олармен жұмыс жасау.          Тақырыптық және сабақ жоспарларын әзірлеу бойынша ұсынымдар....
Республикалық пәндік олимпиаданың мектеп кезеңінің қорытындылары 7-11 сыныптар
Итоги школьного этапа Республиканской предметной олимпиады среди учащихся 5-6 классов   Предмет Парал лель Всего участ вовало ФИ призеров Класс Кол.  баллов Место Қазақ тілі 5 11 Амангельдинов Амирхан 5а 29 1       Амангельдинов Амирхан 5а 28 2       Жантемирова Камила 5ә 26 2       НығыметЖаннұр 5в 25 2       Жастлек  Дінмұхаммед 5в 24 2       Амантай...
Home page
Welcome to school Muzafara Alimbaeva     Our address: 140008, Pavla Vasilieva street, 17/2
Состав Попечительского совета