ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мұғалімдерге арналған кеңестер
Мектеп психологының мұғалімдер ұжымымен жұмыс 1 сынып оқушылардың оқу үдерісіне бейімділігін жүзеге асыру Ата-аналар мен педагогтарға арналған кеңестер Жоғары сынып оқушыларын емтихан алдында дайындау жөнінде ұстаздарға кеңестер Түлектермен жұмыс Жас маманға кеңестер Жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсауының алдын алу. Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл-күйін және есте сақтауын дамытуға арналған психологиялық жаттығулар Ұялшақ және тұйық балалардың белсенділігін арттыру Ұялшақ және тұйық балалардың белсенділігін арттыру жүктеу Балаңыз түлек болса жүктеу Жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсауының алдын алу. жүктеу 1 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ҮДЕРІСІНЕ БЕЙІМДІЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ жүктеу Ата-аналар мен педагогтарға арналған кеңестер жүктеу Жоғары сынып оқушыларын емтихан алдында дайындау жөнінде ұстаздарға кеңестер жүктеу Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл-күйін және есте сақтауын дамытуға арналған психологиялық жаттығулар жүктеу
Оқушыларға арналған кеңестер
Есте сақтаудың кейбір заңдылықтары 1. Есте сақтаудың қиындығы оның көлеміне пропорционалды өседі. Үлкен үзіндіні оқыту қысқаға қарағанда тиімдірек. 2. Біркелкі жұмыста есіңде сақтағаның көп болса, онда түсіну де жоғары. 3. Бөліп оқыған, бірден оқығаннан жақсы. Бірден оқымай үзілістермен, аз-аздап оқыған жөн. 4. Жай ғана бірнеше рет оқығаннан гөрі, есіңде қалғанын қайталауға көп уақыт бөлген тиімдірек. 5. Егер көп және аз екі материалмен жұмыс істесең, көбінен бастағаның жөн. 6. Түсінде адам есте сақтамайды және де оны ұмытпайды. Жұмыс қабілетін қолдану шарты 1. Ақыл-ой мен дене еңбегін кезектестіру 2. Гимнастикалық жаттығуларды, яғни денені айналдыру, баспен тұру жаттығуларын жасаған дұрыс, өйткені ми жасушаларына қан жақсы жүреді 3. Көзді сақтау үшін, әрбір 20-30 минутта үзіліс жасау (кітаптан көзіңді СТРЕСС Қазіргі заманда жиі қолданатын, сәнді сөз. СТРЕСС – бұл адам ағзасының физикалық және психикалық тұрғыдан күштену қалпы. Біз оны әруақытта сезінеміз – сыныпта өзімізді тұрып таныстырарда, асқазанның ішінде қуыс бардай сезім болады, емтихан уақытында шексіз ашулану, ұйқысыздық. Болмашы стрестің өзі шарасыздыққа алып келеді. Стресс адам тіршілігінің ажырамас бөлігі. Дей тұрғанмен стрестің өте қауіпті жағдайларын ажырата білу керек. Стресті қалай жеңуге болады? Әдебиеттерде...
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Қымбатты қазақстандықтар! Құрметті Парламент депутаттары мен Үкімет мүшелері! Ханымдар мен мырзалар! Санаулы күндерден кейін біз азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басамыз. Бұл – тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді. Заманның беталысын өздеріңіз көріп отырсыздар. Аса күрделі, қиын кезеңге аяқ бастық. Жаңа қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаһандық ахуал біздің көз алдымызда өзгеруде. Алпауыт елдердің текетіресі мен өзара санкциялар алмасу дүниені тұйыққа қарай бастауда. Біздің басты экспорттық өнімдеріміздің дүниежүзілік нарықтағы бағасы еселеп құлдырады. Бүгінгі ахуал – біздің жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін уақыт тезі. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек. Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін деген...
Тәжірибемен бөлісу
    Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары 7 сынып (орыс т.) Сабақтан тыс іс-шарасы қазақ тілі пәнінен "Полиглот" «Коллаборативті ортаны құру – оқу үрдісіндегі өзара әрекеттесудің тиімді әдістерінің бірі» Нурпеисова Р.Ш. математика Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы. Накупова Б.Б. тарих «Қазақстан және Ресей» 5 сынып Жаркенова З.Б. русский язык. «Правописание корней с чередующимися гласными» Жангожина Э.Н. қазақ тілі «Мектеп үйірмелері» Валеулина А.М 6 санын қосу және азайту. 1 сынып Кусанова Р.Ж. биология «Өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануы. Тозаңданудың түрлері» 6 сынып Рахметова М.Б. химия «Горение, окисление. Оксиды».   Ашық сабақ Қадырхан Қ. 8 сынып тақырыбы "Қазақстанның қорықтары" Ашық сабақ Валеулина А.М. 1 сынып тақырыбы "Құлын мінген бала" Портфолио дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Машимов Б.Ш. Ашық сабақ Кадирхан Х. 7 сынып тақырыбы "Еуразия материгі" Ашық сабақ Қарасартова А.Т. 2 сынып тақырыбы "Бұлбұл мен Тоқылдақ Шона...
Кітапхана жаңалықтары
Жаңа оқу жылына дайындық: Жазғы каникул күндері мектеп кітапханасында жаңа оқу жылына дайындық қызу жүргізілді. Кітапхана белсенділері кітап қорын жаңа оқулықтарды қабылдауға дайындады.   Кітапханамен танысу: Бірінші сынып оқушылары кітапхана табалдырығынан алғаш аттады. Олар мектеп кітапханашысымен, кітапхана талаптары мен ережелерімен танысты. Балапан бүлдіршіндер үшін «Менің бірінші кітаптарым» атты көрме ұйымдастырылды.   Кітапхана белсенділері: Мектеп оқушылары кітаптар мен оқулықтарын сақтау мақсатында, кітапхана белсенділері сыныптар бойынша рейд жүргізді.   Қазақстан халықтарының 20-жылдығына арналған, «Тату отбасы» атты іс-шарасы: Біздің кітапханада Қазақстан халықтарының 20-жылдығына арналған, «Тату отбасы» атты іс-шара өтті.       Күзгі демалыс: Күзгі демалыс кезінде оқушылар кітапханада өткен іс-шараларға белсенді қатысты. Олар білімдерін көрсетіп, танымдарын кеңейту үшін «Ертегілер әлемінде», «АВС» ойындары, «Кітапты тап», «Балалар кітабының парақтары» сайыстары, викториналар өтті.     "Бір ел-бір кітап" науқаны     Тұңғыш Президент күні 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президент күні. Бұл мерекеге орай кітапханада өткен іс-шарада 8 сынып оқушылары ҚР Тұңғыш Президентінің өмірлік жолымен танысты. Кітапханада Қазақстан Президенті, оның еңбектері туралы...
Оқушыларға кеңестер
Кітап туралы ережелер: Кітаптың мұқабасы бүлінбес үшін, оны қаптап ал Тамақ ішіп отырғанда кітап оқыма, кірлетіп аласың Кітап арасына қалам мен басқа да жуан заттарды салма, оның түбі жыртылады Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме, оның бұрыштары жыртылады. Кітап беттерінің арасына қыстырғыш жасап ал. Кітап беттерін жыртпа, кітапқа сурет салма, оған жазба, кітапқа сиямен де, қарындашпен де ешбір белгі салма. Кітапты майыстырып, бүктеме, оның беттері жыртылады. Кітаптың мазмұны мен аңдатпасын қолдан. Есіңе сақта: кітап - сенің ең жақсы досың мен серігің. Оны сақта! Оқу ережелері: Кітапты жақсы оқу үшін күніне 10-15 минуттан кем оқуға тырыспа Жатып оқыма, өзіңе ыңғайлы отырысты таңда Кітап оқу кезінде бөгет болатын заттарды алып тастап, теледидарды өшіріп қой, әйтпесе бар еңбегің жоғалар Дауыстап оқып, асықпа. Егер уақытқа қарай берсең, оқығанның мағынасын ұмытасың. Басты кейіпкерлердың әрекеттеріне назар салып, олардың істерін талдап, нәтиже шығар . Оқыған кітаптардың кейіпкерлерінен жақсы әдеттер мен істер жасауға үйрен.
Мектеп формасы
"Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына сәйкес орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасы енгізіледі. Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді. Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, біріңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады. Мектеп формасы Қыздар 1. Көк түсті белдемше; 2. Ақ қыздар жейдесі; 3. Көк түсті кеудеше.   Қосымша 1. Қара белдемше; 2. Водолазка.   Ұлдар 1. Көк түсті костюм-шалбар;    2. Ақ жейде;  3. Көк түсті кеудеше;   Қосымша 1. Водолазка.    
ОЖСБ
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу жөніндегі нұсқаулық ЖҮКТЕП АЛУ Тестілеу кезінде өзіңді қалай ұстау керек психологиялық ұсыныстар ЖҮКТЕП АЛУ ОЖСБ қосымша сабақтар кестесі ЖҮКТЕП АЛУ ОЖСБ алдын ала тестілеудің нәтижелері ЖҮКТЕП АЛУ Жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды ұйымдастыру және өткізу ЖҮКТЕП АЛУ ОЖСБ-ға қатысушылардың жадынамасы (арнайы бланкіде тестілеу) ОЖСБ-ға қатысушылардың жадынамасы (компьютерлік тестілеу әдісі) 1. Жалпы ережелер 1. Осы нұсқаулық «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды (бұдан әрі - ОЖСБ) ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін анықтайды. 2. Нұсқаулық меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарында жүзеге асады. 3. Білім беру ұйымдарындағы ОЖСБ-ның міндеттері:      1) білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеуді жүзеге асыру;      2) оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау;      3) білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметінің сапасына салыстырмалы талдау жасау болып табылады.      4. ОЖСБ-ны өткізу мерзімін білім...
Онлайн режимінде тестілеу
                     
EXPO-2017
EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада өткізу – Қазақстанның негізгі ірі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы бастама Мемлекет басшысына тиесілі. 2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске ресми түрде Қазақстан Республикасының өтінімі тапсырылды. Сол сәттен бастап біздің республикамыз Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу құқығы үшін сайлау қарсаңы науқанына ресми түрде кірісті. 2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы болып өтті. Жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы бейнеүндеуі жолданды. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Астана жеңіп шыққан жағдайда, жобаның табысты жүзеге асырылуы үшін барынша күш-жігерін жұмсайтынына кепілдік берді. Біздің Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған. 2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана жеңіске жетіп, EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын ретінде таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ....
Бейне галереясы
Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер [embed]https://youtu.be/4DE1N1GQAOU[/embed] Күзгі Ханшайым мен Ханзада 6 "Б" сыныбы [embed]https://youtu.be/dvGq0z6NrZA[/embed] Күзгі Ханшайым мен Ханзада 7 "А" сыныбы https://youtu.be/Pot-zE-fXUM Күзгі Ханшайым мен Ханзада 8 "Б" сыныбы [embed]https://youtu.be/DRhzhXcOdYQ[/embed] Күзгі Ханшайым мен Ханзада 9"А" сыныбы [embed]https://youtu.be/z2QhpITGB_A[/embed] Күзгі Ханшайым мен Ханзада 9 "Б" сыныбы [embed]https://youtu.be/8NHDlhWrfDc[/embed] Наурыз мейрамы [embed]https://youtu.be/6cCCnl3AVTk[/embed] [embed]https://youtu.be/VHEvkoEUfVo[/embed] [embed]https://youtu.be/iEYc8_V837A[/embed] [embed]https://youtu.be/x6ZV7BQX8V4[/embed] 9 мамыр - Жеңіс күні [embed]https://youtu.be/JW7N5pqqjQI[/embed] Қош бол бастауышым! [embed]https://www.youtube.com/watch?v=tS9C-MV7EFI[/embed] [embed]https://www.youtube.com/watch?v=45VQ6r1IKD4[/embed] [embed]https://youtu.be/AmUJl-HVdEU[/embed] Соңғы қоңырау [embed]https://youtu.be/ppdlrxuNW2U[/embed] [embed]https://youtu.be/EPuGlNLzP7k[/embed]
Мектепішілік «Балбұлақ» деңгейлік курс
ҚР жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курстың бірінші бетпе-бет кезеңін аяқтап оралған Мектеп басшысы Ажар Төкенқызы мектептегі тәжірибе кезеңінің алғашқы кезеңі - Мектепішілік «Балбұлақ» деңгейлік курс бітірген мұғалімдер қоғамдастығымен кездесуге дайындық үстінде.   МЕКТЕПТЕГІ ТӘЖІРИБЕ КЕЗЕҢІНІҢ 1-КҮНІ. Мектепішілік "Балбұлақ" қоғамдастығы мен мектеп әкімшілігі бірлескен ауызша бетпе-бет талқылар арқылы сауалнамада мәліметтердің не үшін жиналғандығын қарастырдық. Отырыс барысында оқушы, ата-ана, персонал тарапынан алынған мәліметтер талқыланып, сауалнамаға қатысқан әрбір респондент жауаптарының жалпы мектептегі оқыту мен оқу тәжірибесін дамыту үдерісінің маңызды элемент екендігіне көз жеткіздік. Сауалнаманың неге алынғанын, онымен әрі қарайғы жұмыс ретін айқындағаннан кейін қоғамдастық мүшелері ұжымға шығу жолдарын қарастырды. 26.04.16 ұжыммен аталмыш мәселені коучинг түрінде зерделеу шешіліп, оның жоспары құрылып, жауапты көшбасшы айқындалды. МЕКТЕПТЕГІ ТӘЖІРИБЕ КЕЗЕҢІНІҢ 2-КҮНІ. Мектепті дамыту жоспарына негіз болатын мектептің оқу мен оқытудағы бүгінгі хал-ахуалын сараптау бойынша «Балбұлақ» қоғамдастығының мүшесі, ІІ деңгей бағдарламасын тәмамдаған, мектеп басшысының тәлімгерлігіндегі тарих мұғалімі Б.Б.Накупова коучинг-сессия өткізді. Мақсаты: Мектептің педагогикалық...
Оқушылар қаламынан
Тәуелсіз елдің баласымыз бақытты ..... Тәуелсіздік құтты болсын, халайық! Өлең айтып, жырдан шашу шашайық. Егеменді еліміздің төрінде, Масаттанып, ойнап асыр салайық! №30 ЖОББМ 4 «А» сынып оқушысы Зиявдин Тумара Жасасын қазақ даласы! Бақытты болсын баласы. Елбасымыз аман боп, Көркейсін әр қаласы! Құттықтаймын елімді, Сүйемін туған жерімді! 4 «А» сынып оқушысы Самиева Дильназ Көк аспандай жайдары, Желтоқсанның бұл күні. Тыныштық болып елімде, Жайнасын ту көгімде! 4 «А» сынып оқушысы Жолдыбай Асқар Тәуелсіз елім, Қазақстан! Президентім Нұрсұлтан. 25 жыл мерейтойды тойлаймыз, Азамат боп, ер жетіп, Қазақстанды қорғаймыз! Желбірейді көк байрақ, Таңбасы оның қыран құс. Сүйемін мен елімді, Сүйемін мен жерімді. Елім үшін аянбай, Төгемін мен терімді . 4 «А» сынып оқушысы Кеңес Наурыз Жиырма бес жылдық мерейтойды тойлаймыз, Елімізді жамандықтан қорғаймыз. Әрдайым кішіге ізет көрсетіп, Бабалардың өсиетін тыңдаймыз! 4 «А» сынып оқушысы Дайырбек Асанали Көк туына басымды мен иемін, Туған жерді, елімді мен сүйемін! Бақыт сыйлап, құрбан болған жандарға, Шын жүректен басымды мен иемін! №30 ЖОББМ 4 «А» сынып оқушысы Амангелді Фарида «Еңсесі биік- егеменді ел!» Барша қазақ жұрты, елі үшін айтулы мереке – тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын тойлағалы отыр. Тәуелсіздік алу- қиын жол екені бәрімізге...
Ұялы телефонды пайдалану ережесі
  1. Жалпы ереже Бұл ереже мақсаты оқу үрдісінің жақсы жүруіне жағдай жасау, оқу үрдісіндегі барлық тұлғалардың азаматтық құқықтары қорғау: оқушылардың, ата-аналардың, мұғалімдердің. Ережені сақтау білім алу сапасын көтереді, ыңғайлы психологиялық жағдай жасайды, мектеп аумағын зорлық-зомбылықтан қорғайды.   2. Негізгі түсінік Ұялы телефон –қарым-қатынас және заманауи адамның беделі, бірақ мұны белсенді түрде көрсетуге болмайды. Пайдаланушы – білім алу үрдісінде ұялы телефонды пайланатын тұлған. Мектеп беделіне саналы түрде зиян келтіру – мектеп қарбырғасында жүріп басқаларға көрсету үшін телефон бейнекамерасына түсіру.   3. Мектепте ұялы телефонды қолдану шарттары: 3.1. Мектеп ғимаратында ұялы телефонды міндетті түрде дыбыссыз режимге қою қажет. 3.2. Сабақ уақытында телефонды сөндіріп, сөмкеге салып қою қажет. 3.3. Телефонның бүтін болуына, жоғалмауына тек қана иесі жауапты ( ата-анасы, заңды тұлғалар).   4. Пайдаланушылар құқығы 4.1. Пайдаланушылар сабақтан тыс уақытта байланыс құралы ретінде пайдалана алады: 4.2. Қоңырау шалу, хабарлама жіберу. 4.3. Ойнау. 4.4. Ақпарат алмасу.   5. Пайдаланушыға тыйым салынады: 5.1. Сабақ барысында қандай режимде болмасын, пайдалануға ( есептеуіш, қойын дәптер ретінде де) . 5.2. Мектепке келгенде полифонияны...
Пайдалы сайттар
Ата-аналар үшін http://stranamasterov.ru/ http://diafilmy.su/ сайтында қызықты диафильмдер топтамасы ұсынылған. Диафильм – тақырыптық бір- бірімен байланысқан қадрлар және жүйелі иллюстрациясымен таныстыратын позитивті фотоүлдір. Диафильм деген не екенін біздің уақытта көбі білмейді, бұл ақпараттық технологиялар даму уақытында танданбайтын жағдай. Өсіп келе жатқан ұрпақ теледидарлардан фильмдер мен бағдарламаларды көріп, әлемге қатысуын бастайды. http://deti-lit.ru/ сайт сіздің үйдегі мейрімді отбасылық дәстүрді жандандырады. Отбасылық үйдегі оқулар – бұл игілікті тәрбиелеуші құрал. Сайтта түрлі уақытта жазылған өлеңдер, әңгімелер, тақпақтар жиналған. Шығармаларды іріктеуге жоғарғы және орта, бастауыш мектептердің мұғалімдер, мектепке дейінгі білім беру мамандары қатысты. http://ourkids.info/?page_id=67 сайтта түрлі тақырыпта балаларға арналған көптеген түрлі-түсті кітаптар ұсынылған, балаңызға ұнағанын тегін жүктеңіз. Балалар үшін http://kids.quintura.ru/Балалар үшін іздеу сайты QUINTURA "Отличник» тренажері " – орыс тілі мен математикадан тапсырмаларды шешуге арналған тренажерлер. Бағдарлама 1-4 сынып оқушылары үшін математикадан есептерді, теңдеулерді және орыс тілінен жаттығуларды құрастырады. http://filin.vn.ua/ иллюстрацияланған жануарлар энциклопедиясы. http://viki.rdf.ru/ балалардың тұсаукесерлері....
Сұрағанов Құдайберген Мағзұмұлы
Сұрағанов Құдайберген Мағзұмұлы 1921 жылы 25 мамырда Павлодар облысы Қашыр ауданы Сұлуағаш аулында (Қазақстанда) туған. Әкесі – Сұрағанов Мағзұм (1901 ж. туған). Анасы-Бетимова Камила. Қызы – Сұрағанова Гүлмира (1948 ж. туған). Ұлы-Сұрағанов Серік (1951 ж. туған). Құдайбергеннің ата-анасы ерте қайтып, әжесінің қолында тәрбиеленді. Ол жасынан ерекше ұқыпты және жауапты болып өсті. 5 сыныпта оқып жүргенде радиодан Отанға артиллеристер қажеттігін естіп, ал артиллерист болу үшін математиканы жақсы білу керек еді. Сондықтан Құдайберген бір жылда 5,6 сыныптардың бағдарламасын меңгерді. Мектептен кейін Павлодардағы В.В.Воровский атындағы педагогикалық училищеге түсіп, оны үздік аяқтады. Негізгі орта мектепте физика және математика пәндерінен сабақ берді. 1940 жылдың қазан айында Құдайберген әскер қатарына шақырылды және Монғолиядағы взвод командирлерін даярлаушы 185 артиллериялық полкының оқыту батареясына жіберілді. Соғыс басында ол монғол-манжүр шекарасында әскери қызмет атқарды. Одан кейін Сталинград түбіне жіберілді. 1111 РГК артиллериялық полкінің оқ взводының 6-ші батарея командирі кіші лейтенант Сұрағанов 1942 жылдың шілдесінде Қалаштан батылырақ орналасқан Доннан өту өткелінде алғашқы ұрысына кірді. Одан кейін қорғану және қарсы шабыс ұрыстарына қатысты. 10 желтоқсанда Бекетовка ауданы аумағында Құдайберген жауға 20 снарядтай...
Құдайберген Мағзұмұлы Сұрағановтың марапаттары
Құдайберген Мағзұмұлы Сұрағановтың марапаттары Ұлы Отан соғысының батыры Ленин ордені Ұлы Отан соғысының І даңқ ордені Ұлы Отан соғысының ІІ даңқ ордені Қызыл Жұлдыз ордені «Сталинградты қорғау» медалі «Варшаваны босату» медалі «Берлинді алу» медалі
Газет-журнал беттерінен
Сенім телефоны
Сенім телефоны Қымбатты балалар! Егер сізде тартысты жағдай туындаса және сіз өз бетімен оны жеңе алмасаңыз, сізге кәсіпқой психолог пен заңгердің көмегі қажет болса, балалар мен жастарға арналған Ұлттық сенім телефоны 150 қоңырау соғыңыз немесе е-mail bala-ana@rambler.ru бойынша хат жазыңыз.   Балалар мен жастарға арналған Ұлттық сенім телефоны ТӘУЛІК БОЙЫ, АҚЫСЫЗ, АТЫ- ЖӨНІН КӨРСЕТПЕЙ (АНОНИМДІ) жұмыс істейді!   Балалар мен жастарға арналған бірыңғай Ұлттық сенім телефон желісін енгізу – қызметі, тәулігіне 24 сағат әр балаға ашық, өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға жедел құқықтық және психологиялық көмек көрсете алады. Басқа сенім телефондары: Павлодар облысының білім беру басқармасының бала құқықтарын қорғау бөлімі 321242 Павлодар қаласының білім беру бөлімінің сенім телефоны 321937 Мектептің сенім телефоны 332662 WhatsApp +77785858313
Мұғалімдердің желілік қауымдастығы
Желілік қауымдастық Желілің қауымдастықта мұғалімдердің күнделікті қызметте кездесетін кәсіби мәселелер ағынымен бөлісуіне, талқылауына арналған форум, үздік педагогикалық тәжірибені таратуға арналған мәтіндік, видео материалдармен бөлісу бөлімі жұмыс істейді. Желілік қауымдастықтың мақсаты: Желілік қауымдастықты құру арқылы ой бөлісу, тәжірие алмасу, білім мен біліктілікті дамыту, Ортақ шешімге келу, ортақ жұмысты жоспарлау, Мәселені бірлесе отырып талқылау, талдау, ақпарат бөлісу. Үздік педагогикалық тәжірибелерді тарату. Күтілетін нәтиже: Бірлескен зерттеу топтары қалыптасады, Кәсіби даму жөніндегі бірлескен іс-шаралар жүзеге асады, Бірлескен тренингтер мен семинарлар ұйымдастырылады, Мұғалімдер жаңа идеялармен алмасады, Кәсіби біліктіліктерін үздіксіз жетілдіріп отырады.