Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қауіпсіздік шараны сақтау туралы балалар үшін жадынама
Ескертпе Балалар үшін қауіпсіздік шараны сақтау ескертпесі 1 1.Подъезд немесе лифтқа бөтен таныс емес адамдармен кіруге болмайды 2. 2.Таныс емес адаммен сөйлеспе 3 3.Таныс емес адамнан кәмпит немесе басқа сыйлықтарды алма 4 4.Таным және таныс адамның автомобиліне отырма 5 5.Егер де сен үйде жалғыз қалсаң, есікті ешкімге ашпа 6 Қауіпті жерде ойнауға болмайды 7. Түнгі уақытта жалғыз жүрме
Ата-аналарға кеңес
Ата-аналарға кеңес 1. Баланың міндетті түрде өздігінен орындайтын жұмыстары болуы қажет. Сіз тек осы жұмыстардың орындалуын қадағалауыңыз керек. 2. Мейлі қаншалықты тиянақты әрі жылдам орындасаңызда, балаға жүктелген жұмыстарды өзіңіз орындауға тырыспаңыз. 3. Балаңызды тыңдауды үйреніңіз.Шыдамды болыңыз, балаңыздың сөзін бөліп, оның ойын өзіңіз аяқтауға тырыспаңыз және баланы асықтырмаңыз. 4. Балаңызға өз көзқарасыңызды тықпаламаңыз. Өзіңіздің нұсқаңыздың дұрыс екенін дәлелдермен түсіндіріңіз. 5. Баланың кез-келген қалауын орындауға асықпаңыз. 6. Балаға өзінің іс әрекетін түсіндіруді үйретіңіз. Яғни бала ең алдымен ойланып содан соң ғана шешім қабылдауды үйрену керек. Ең жақсысы өзі сенімсіздік танытқан мәселелерде ата-анасымен кеңесуге болатынын білуі қажет.   7. Баланы қоршаған әлемді танып білуге дағдылаңыз. 8. Баланың жан-жақты дамуына қолайлы қауіпсіз жағдай жасаңыз. 9. Баланы тым еркелетпеңіз. Онымен өзіңізбен тең дәрежедегі адам ретінде сөйлесіңіз. Есіңізде болсын сіздің сөйлеген сөзіңізді, іс әрекетіңізді балаңыз қайталайды. 10. Балаға өз бетінше жеке басының тазалығын қадағалауды және де әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін түсіндіріңіз. 11. Жақсы іс әрекеті үшін сөзбен немесе сыйлықпен мадақтап көтермелеңіз. 12. Бала кішкентайынан бастап ата-анасын, үлкендерді, жақындарын сыйлау керектігін білу тиіс....
Сенің үйдегі жұмыс орның
Сенің үйдегі жұмыс орының. Денсаулық-әр адамның басты құндылығы, оны жас кезінен және мектеп табалдырығынан сақтау керек. Медицина санақ бойынша оқушылар арасында көп тараған аурулардың бірнешуі-гастрит, алыстан көрмеушілік, мүсіннің дұзылуы. Ұй жағдайында, ұй жұмысы орындау орыны көп жағдайларға байланысты: пәтер көлеміне, жеке бөлме болуы және т б жағдайлар. Оқушынығ жұмыс орынындұрыс орынды ұйымдастыруының негізгі көрсеткіштері -Үстелдің биіктігі. -Орындықтың биіктігі. -Жарықтың түсуі. -компьютер мониторының орталасуы. Біз сіздерге сұрақ-жауап анкетасын ұсынамыз, ол сіздің дұрыс жұмыс орынын анықтауға көмектеседі.   Скачать анкету
Жоғары білім кәсіби оқу бағдарламасын жүзеге асыратын, білім мекемелерінде оқытуға қабылданатын типтік тәртібі
Жоғары білім кәсіби оқу бағдарламасын жүзеге асыратын, білім мекемелерінде оқытуға қабылданатын типтік тәртібі 1. Жалпы ережелер 1. Осы Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарын қоспағанда, меншік нысандарымен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) қызметінің тәртібін айқындайды. 2. Білім беру ұйымдарының негізгі міндеттері: 1) білікті жеке тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға бағытталған білім беру бағдарламаларын меңгеру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдайлар жасау; 2) білім алушылардың тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген базистік ғылыми негіздерді алуын қамтамасыз ету; 3) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене бітімі мүмкiндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру; 4) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттiк рәміздерді және мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қадірлеуге,...
Үй тапсырмасын дайындау бойынша ата-аналар үшін ұсынымдар
Үй тапсырмасын дайындау бойынша ата-аналар үшін ұсынымдар Балалар сабақтан оралды, тамақтанып алды, осы күнгі болған оқиғалар туралы айтып берді, энергияны шығару үшін аздап жүгірді. Енді олар үй тапсырмасын дайындауға әзір.   Үй тапсырмасын орындау тек бала үшін ғана емес, бірақ ата-ана үшін де стресстік болып қалуы мүмкін. Кейбіреулері даудамайсыз жай ғана сабақтарын жаттайды, басқалары үшін бұл сәбидің көз жасымен және ата-ана тарапынан ашу-ызамен аяқталатын күнделікті күрес. Біздер оларды жетістікке жетуі үшін барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етуіміз керек.   Дұрыс жұмыс жағдайы Кейбір ұстаздар назар аударушы факторлардың толық жоқтығымен тыныш жағдай құруға кеңес береді. Бірақ толық тыныштық әрқашан да мектептегі немесе жұмыстағы жаттығу жағдайларына сәйкес келе бермейді.   ü Баланың жақсы жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасаңыз Балаға үй тапсырмасы барынша қолайлы жағдайларда орындалуы тиіс. Ата-аналарға баланың тиімді жұмыс істеуіне не көбірек әсер ететінін білу қажет, бірақ бұны баланың өзінен сұрау керектігін ұмытпау қажет. Баланың дайындалатын кеңістігінен өзге оқу барысында үлкен рөл ойнайтын көзбен шолатын факторлар және тіпті көзге түсетін элементтер де бар. Кейбір балалар пижамада немесе жаттығу шалбарында үй тапсырмасын шабыттанып орындайды, басқалары жанында сусын мен дәмтатым болғанын қалайды,...
Мемлекеттік мекенжайлық әлеуметтік көмек беру туралы
Мемлекеттік мекенжайлық әлеуметтік көмек беру туралы 2001 жылғы 17 шілдесінен Қазақстан Республикасының N 246 Заңы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 6 бабына, 1991 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" және 1999 жылдың 7 сәуірдегі N 374"Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға сәйкес, қалалық Мәслихат, ШЕШІМ ЕТЕДІ: 1. Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек балаларға мекен-жайлық әлеуметтік көмек тағайындау мен төлеудің Қағидасы бекітілсін. (Қосымша бірге тіркеледі). 2. Қала әкіміне (Ибаділдин Ж.И.), қалалық қаржы басқармасына (Мұхамбедин А.А.), қалалық еңбек және әлеуметтік көмек көрсету бөліміне (Мырзаханов Б.М.) бекітілген Қағидаға сәйкес үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек балаларға мекенжайлық әлеуметтік көмек тағайындалып, төлеуді қамтамасыз етсін. 3. Экономика комитетіне (Ахметова А.О.) бекітілген Қағидаға сәйкес мекенжайлық әлеуметтік көмек төлеуді қамтамасыз ету мақсатымен қалалық банктер қызметіне мониторинг өткізу тапсырылсын. 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық Мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін. Қалалық Мәслихаттың 30 сессиясының төрағасы Қалалық Мәслихаттың...
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 2 қаңтарынан “Сәйкестендіру нөмірінің ұлттық тізілімі туралы” Заңы
Павлодар қ. бойынша салық басқармасы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 2 қаңтарынан “Сәйкестендіру нөмірінің ұлттық тізілімі туралы” Заңына байланысты, 16 жасқа толмаған балалардың ата-аналарына ескертеді, келесідей құжаттар қажет: -туу туралы куәлік -бала ата-анасының жеке құжаты -үй кітабы. Содан кейін балаға сәйкестендіру нөмірі қосымшасы беріледі  
Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ
Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ Қымбатты қазақстандықтар! Құрметті депутаттар! Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол - «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Қазақ елі өткен 22 жылда қыруар іс тындырды. Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық. Әрбір отандасымыздың жүрегінде елімізге деген шексіз мақтаныш сезімін орнықтырдық. Қазақстандықтар ертеңіне, елінің болашағына сеніммен қарайды. Халықтың 97 пайызы әлеуметтік ахуалдың тұрақтылығын және оның жыл өткен сайын жақсара түскенін айтады. Бүгінде Отанымыздың жетістіктері - әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы. Күшті, қуатты мемлекеттер ғана ұзақмерзімдік жоспарлаумен, тұрақты экономикалық өсумен айналысады. «Қазақстан-2050» Стратегиясы - барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол - елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту - ортақ парыз, абыройлы міндет! Құрметті отандастар! ХХІ ғасырдың Қазақстаны - талантты, еңбекқор, толерантты халықтың небәрі екі онжылдықта «нөлден» бастап құрған елі. Бұл - біздің бәріміз мақтан тұтатын ортақ...
Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығы
Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығы «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 44-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Білім беру деңгейлері бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Оқыту бейіні бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Оқытуды ұйымдастыру жағдайы бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Халықаралық мектептер қызметінің үлгілік қағидалары; 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Интернаттық білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары; 6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Біріктірілген білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары бекітілсін. 2. Осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева): 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;...
Вирустық гепатит А алдын алу бойынша жадынама
Вирустық гепатит және оны алдын алу Вирустық гепатиттер- бұл бақытсыз отбасы іспетті, құрамында кем дегенде бес мүше, вирустық гепатит (А, В, Е, С, D) бар. Олардың әр біреуінде симптоматика мен салдар, бір-бірінен өзгеше. Олар бес түрлі аурудың алғышарты болып табылады.А вирустық гепатит көне замандағы ойшылдар: «Жуылмаған қолды шауып тастау жөн» деп,- тектен-тек айтқан жоқ. А вирустық гепатитті фекалды-оральді яғни жуылмаған қолдар ауруы деп атайды. А вирустық гепатит ең көп тараған жұқпалардың бірі. А вирустық гепатитімен ең әуелі, мектепке дейін жастағы балалар ауырады. Қол жумай жемістерді, нан мен майды жеу, ойыншықпен ойнап, саусағын ауызғу салу салдарынан жұқпаға душар болады. Бірақ, бірнеше жыл бұрын,- Чехияда, жоғары сынып оқушылары, қаттырған құлпынайы мен кілегейі бар балмұздақты жеп, эпидемия тіркелген болатын. Зертханалық сараптаманың нәтижесінде аталған кілегейдің орнында өзі емес, мұздалған А гепатиті болып шықты. Ал, А гепатиттің вирустары өте өміршең, Солтүстік үйегінде де жансүгір. Ресейлік ғалым, вирусолог И.В.Шахгильдяннің пікірінше А гепатиті, ең «миірімді», өйткені оның салдарынан ауру асқынған созылмалы түрге айналмайды.Аурудың белгілері: Жоғары температура, әлсіздік, шаршаңдық, құсу. Баланың тері түсі сарғайса, онда жұқтыру қасиеті жойылады да бірнеше аптадан кейін А гепатитпен мәңгілікке...
Контагиозды гельминтозбен күресу және алдын алу бойынша жадынама
ЖАДЫНАМА Гельминтоз - құрт ауруының алдын алу үшін қолды жиі жуу керек (әсіресе жаз мезгілінде), жеміс –жидектерді, көкеністерді міндетті түрде жуып ет пен балықты ыстық сумен өңдеу керек. Контагиозды гельминтоз - құрт ауруының алдын алу үшін балалар болатын үй-жайларды жиі –жиі –жиі ылғалды жинастыру қажет. Баланың жататын төсек-орнын аптасына екі-үш рет, ал іш киімдерін күнде, немесе күн ара ауыстыру керек. Балаңызды күнде екі рет – таңертең және кешке дәреттендіріңіз, оның барысында сабынды қолданыңыз. Баланың қолын күні бойы кем дегенде бес рет жуғаны жөн, дәретханаға барғаннан кейін міндетті турде сабындап жууы тиіс. Острица құрты жұмыртқаларына тексеруге берген анализ нәтижесі нашар болғанда баланың іш киімін жуар алдында қайнату керек, кептірген соң оны ыстық үтікпен үтіктеу керек. Дәретхана мен ваннаның санитарлық-гигиеналық жағдайы жоғары жағдайда болғаны шарт. Балалар жылына бір рет энтеробиозға тексеріледі. Энтеробиозбен сырқаттанған балалар учаскелік дәрігердің ерекше бақылауына алынады.  
Жіті ішек инфекциясын алдын алу бойынша жадынама
Жіті ішек инфекцияларының алдын алу Жіті ішек инфекциялары (ЖІИ) – адам ағзасына ауыз қуысы арқылы еніп, асқазан-ішек жолдары арқылы таралып, дәреттің бұзылуларын туғызатын жіті инфекциялық аурулар тобы. Бұл топқа сальмонеллез, дизентерия, сонымен қатар эшерихиоз, тағамдық токсикоинфекциялар, шартты–патогенді қоздырғыштардан туындаған жіті гастроэнтериттер жатады. Ауру дене қызуының көтерілуі, іш өтудің жиілеуі мен сұйықталуы, іштің ауыруы түрінде жедел басталады. Жүрек айнуы мен құсу да жиі кездеседі. Аурудың ағымына қарай нәжіспен және құсу кезінде ағзаның сұйықтық жоғалтуына байланысты сусыздану белгілері байқалуы мүмкін: әлсіздік, шөлдеу, зәр шығарудың азаюы, ентігу. Аурудың алдын алу: - ас ішерде, даладан келгенде және дәретханадан кейін қолды жуу; - жазғы уақытта крем қосылған асты байқап жеу; - көкөніс пен жемістерді жақсылап жуу; - қайнатылған су немесе минералды суды ғана ішу; - тез даярланатын дайын тағамдардан бас тарту.
Педикулезді алдын алу бойынша жадынама
Педикулезді алдын алу бойынша жадынама Жеке және жалпы гигиенаны сақтау: денесін үнемі жуу (аптасына 2рет), іш киімдерді және төсек-орынды ауыстырып отыру; төсек-орынды жоғары температурада жуу, ыстық өтекпен киімдерді, әсіресе тігістерді үтіктеу, өйткені ол жерлерге биттер жұмыртқасын салады. · Жеке тарақты басқа адамдарға бермеу. · Бит пайда болмас үшін шүйде аймағына және құлағының артына лаванда және шай ағашының сұйықтығын жағу. · Педикулезбен қайта зақымдалмау мақсатында қолданылған киімдерді қайнату (көбінесе сүлгілерді, бас киімдерді, төсек-орынды, капюшон мен жағасы бар киімдерді, жұмсақ ойыншықтарды). 12. Биттің бар-жоғын тексеру үшін, басты ақшыл матаның үстіне тарап көру қажет. · Түнде басты сүлгімен орамай, шашты жақсылап фенмен кептіру қажет. Шат педикулезі (фтириаз)- гениталидың (шат, ұма, шап аралық) шаш бөлігін, анальды тесік жандарын, қолтық астындағы шаштарды зақымдайтын терінің паразитарлы ауруы. Қатерлі топқа: қарулы шиеленіс аймақтарында үйсіз, қашып жүрген адамдар, бас бостандығынан айырылған мекемелерде айыбын өтеушілер, казармада тұратын әскери адамдар, монша және кір жуатын жердің қызметкерлері, сексуалды қызмет көрсететіндер және басқалары. Шат битімен зақымдалу жолдары: шат педикулезімен ауыратын адаммен жыныстық қатынас, науқастың терісімен жақын жанасуда, бөтен адамның киімін кию, жалпы монша, сауна...
Балаларда сірлі менингитті алдын алу
Балаларда сірлі менингитті алдын алу   Менингит – ми қабығының қабынуы. Ауру себебі бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдар, вирустар. Біріншілік және екіншілік менингиттерді ажыратады. Біріншілік менингит кезінде ми қабатының қабынуы жеке өзі жүреді. Екіншілік менингит басқа аурудың (ортаңғы құлақ қуысының қабынуы, бет аймағы мен бастың іріңді процестерібас сүйек – мидың жарақаты, туберкулез, эпидемиялық паротит және т.б. Клиникалық ағымына байланысты менингиттімолниеносты жедел, жеделдеу және созылмалы сатыларын ажыратады. Менингит ағымы қоздырғыштық түріне , ағзаның реактивтілігіне, науқастың жасына байланысты. Менингиттің негізгі клиникалық көрінісі менингиалдық синдром, оған бас ауру, құсу, жалпы гиперестезия, науқастың арнайы жағдайы және т.б. симптомдар. Бастың ауырсынуы шашыранды және тәуліктің кез келген уақытында пайда болады.ОЛ ми қабатының рецепторларының механикалық және токсикалық тітіркенуімен негізделген. Бас ауру құсумен бірге жүреді. Құсу тамақ ішумен байланысты емес және жеңілдік әкелмейді. Жалпы гиперестезия байқалады. Менингитпен ауратындар кейпі: бас артқа қарай шалқайған, кеуде алға шығыңқы, іш ішке тартылған, қол бүгілген, аяқ ішке қарай әкелінген.. Мұндай қалып бұлшықеттердің рефлекторлы тоникалық тырысуы нәтижесінде. Желке бұлшықетінің регидтілігі басты алға еңкейтку кезінде байқалады....
ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚОЛ ЖҰМСАУДЫ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША АТА-АНАЛАРҒА ЖАДЫНАМА
ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚОЛ ЖҰМСАУДЫ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША АТА-АНАЛАРҒА ЖАДЫНАМА Мына ақпаратқа назар аударсақ Жыл сайын 10 – 20 миллион адам суицид жасауға бекінеді. Олардың бір миллионға жуығы жарық дүниемен қош айтысады. Алдыңғы қатарлы суицид жасаушылардың отаны ретінде, басқасын айтпағанда көрші мемлекеттер Ресей мен Қытай және Қазақстанды айтуға болады. Қазіргі кезде Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының дерегі бойынша Қазақстан елдегі азаматтарының өз өмірлерін қиюы бойынша әлемде үшінші орынды алады. Ал осыдан үш жыл бұрын деректер бойынша Қазақстан бесінші орында болған. Әлемде жыл сайын бір миллиондай адам өзін - өзі өлтіреді. Бір миллион адамның 8 мыңы Қазақстандықтардан тұрады. Бұл дегеніміз әрбір сағат сайын бір қазақстандық суицид жасайды дегенді білдіреді. Бір өкініштісі, суицид жасаушы еліміздің болашағы деп санаған жас буын өкілдері. Өз - өзіне қол жұмсаудың тәсілдері: 1. Дәрі - дәрмекпен улану 2. Химиялық затпен улану 3. Өз тамырын кесу, асылып өлу Суицид жағдайына бейім тұлғаның мінез-құлықтық ерекшеліктері: Өзін өлтіру туралы табанды немесе қайталанған ойлар; Жабығулы көңіл күй, асқа тәбеттің және өмірлік белсенділігінің жиі жоғалуы, ұйқысының қашуы; Көп жағдайда есірткі немесе спирттік ішімдікке тәуелді болуы; Оқшаулануы, өзін ешкімге керегі жоқ сезінуі; Үмітсіздік, дәрменсіздік сезімі. Осы уақытта өзіне - өзі қол жұмсау...
Ғаламтор… сіздің балаңызға дос па әлде жау ма???
Ғаламтор… сіздің балаңызға дос па әлде жау ма???   Ғаламтор... Ескі мен жаңаның, өткен мен болашақтың, қатігездік пен мейірімнің, бар мен жоқтың мидай араласқан ортасы. Өз қасыңдағы оқиғаға, іске, түрлі тағдырға назар салмауыңыз мүмкін, бірақ өзге қиырдағы қилы тағдырға көз моншағыңызды үзесіз. Ең бастысы қандай ақпарат оқысаңыз да, соған сай жауап қалдыруыңызға, пікір білдіруге құқыңыз бар. Сіз саясаттанушы, мәдениеттанушы, болмаса философ яки әлдебір саланың ғалымы болуыңыз шарт емес, көзқарасыңыз өзіңізге, жазыңыз, қалдырыңыз, шамына тиіңіз, сынаңыз, мінеңіз, алғыс айтыңыз – ерік алдыңыздағы компьютердің перне тақтасына басылған саусақтарыңызда. Танысыңыздан ажырап, танымасыңызды жақын тұтатын мезгіл қазір. Иіріміне ессіз үңілген кейбір жандар оның тұтқынына да айналып үлгерген. Жалғыздық пен күйзелістің асау толқындарына жұтылғандар қаншама? Бұйығы, жадау-жүдеу... Бұл да бір өтпелі кезең шығар. Жамандығын айтып тауыса алмайсыз, ал жақсылығы да ұшан-теңіз. Тек соны орнымен пайдалана білсек, мүмкіндігін барынша ықтиятпен жүзеге асырып, адами қалпымызды нықтап, білімімізді асыруға жұмсасақ. Академиялық кітапханалардың орнын Интернет баса алмайды. Бірақ оның да ғылыми тегеуріні шексіз. Тек аздаған мәдениет керек... Ғаламтор мәдениетін ерте игермеу өзімізге сын. Интернеттің иіртпегіне түсіп, былыққандар мен ылыққандардың...
"Абайлаңыз, экстремизм!"
"Абайла, экстремизм!" дөңгелек үстел Экстремизм (фр. extremisme, лат.extremus) — «шеттеу» яғни орталықтан ауытқу, белгіленген жерден тыс кету деген мағына береді) — жалпы тәртіпті мойындамайтын, өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасаушы дегенді білдіреді. Экстремизмнің пайда болу себебі, адамның надандыққа, көрсеқызарлыққа бейімделген көзқарасынан пайда болады. Яғни, тек менің ғана пікірім болуы керек деген сияқты. Бұл ең алғашқы этаптары болып саналады. Экстремизмнің тағы бір көрінісі басқа біреуді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмейтін адамдардан шығады. Лаңкесшілер дұрыс бағытқа жол көрсететін адамдардың кеңесіне мүлдем құлақ аспайды. Олар өздерін ең таза кіршіксіз деп санап, басқаның барлығын адасушыларға жатқызып, жөн білетін адамдарды мойындамайды. Міне, осының салдарынан әлемде түрлі төңкерістер мен қантөгістер орын алуда.[1] грек жұрнағымен аяқталатын «экстремизм» деген латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, кандай да бір белгіленген шектен тыс кету деген мағына береді.«Экстремизм» сөзінің ең жақын синонимі «радикализм». Бұл сөз де жанама түрде мейлі дінде, мінез-құлықта, пікірде болсын, қалыпты, дұрыс деп қабылданған деңгейден ауытқу. Экстремизм жалпы түрде ешбір мөлшерді, тәртіпті мойындамайтын, өзінің шектен шыққан пікірі мен іс-әрекеттері арқылы ерекшеленген адамдарды білдіреді. Саяси ортада пайда...
Үлгерімі төмен оқушылармен сабақта жұмысты ұйымдастыру
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары Үлгерімі нашар немесе үлгермейтін оқушылармен жұмыс істеу Еңбекке жарамдық: қызметті түрлендіру кабинетті желдету (проветрить) серпініс кезеңін өткізу қажеттілік және жеткіліктілік қағидасын ұмытпау Үлгерімі нашар балалармен атқарылатын жұмыс түрлері: жеке жұмыс карточкасы тесттер өзгертілген тапсырмалар тренажер-карточкалар шығармашылық тапсырмалар ақпарат-карточкалар есептің шешім үлгілері бар карточкалар конспект-карточкалар Мұғалімдерге! Ұстамдылық алгоритмі: 1. Баланың психологиялық дамуы бойынша не білу қажет: түсіну (жолдары - кинестетикалық (дене қозғалысы мен мимика), есту, көзбен көру) назар аудару (ерікті, еріксіз) ес, зерде (вербальды, вербальды емес Вербальды қарым-қатынас -. тіл (есту) арылы байланыс, вербальды емес - қимыл тілі) 2. Әр баланы түсініп, қабылдауға ұмтылу 3. Сабақта еркіндік және қолайлы орта қалыптастыру 4. Не көрсету қажет: дұрыс талап етушілік шексіз сабырлық әділ қатаңдық оқушының мүмкіндіктеріне сенім 5. Оқушының позициясына тұру 6. Мысқылшылдыққа жол бермеу 7. Еркін диалог жүргізе білу 8. Вербальды емес қарым-қатынасты (тірегіш сигналдар, суреттер, таблицалар, схемалар, жоспарлар) қолдану 9. Сөздіктермен және басқа нықтама материалдармен жұмыс істеуге үйрету 10. Оқытуда не қолдану қажет: - Алға озып оқыту - Топпен атқарылатын жұмыстардың әр...
«Менің сүйікті ұшқалағым» педагогтарға жоғары белсенділігі бар балалармен жұмыс жасау кеңесі
Оқушылардың психологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу және олардың білім, дағды, үйренулерінің жастық дамуға қаншалықты сәйкес келетінін анықтау мектеп психологының басты міндетіне жатады. Психодиагностика оқушылардың тәрбиеде, оқу барысындағы қиыншылықтарын анықтауда, сондай-ақ қызығушылықтардың, қабілеттердің даму ерекшеліктерін зерттеуде үлкен рөл атқарады. Балалардың жеке психикалық ерекшеліктері туралы ақпаратты жинау, К.М Гуревичтің анықтамасы бойынша, психодиагностиканың негізгі міндеті болып табылады. Бұл ақпараттар оқушылармен жұмыс істейтін адамдар үшін өте пайдалы. Мектеп психологының практик-психологпен диагностикалық жұмыс барысындағы ерекшеліктері. Психологиялық қызмет жүйесінде психодиагностиканың біршама ерекшеліктері бар. Психодиагностиканың «ғылыми - зерттеуші» және «ғылыми –практикалық» секілді түрлерін ажырату керек. Егер біріншісінің міндеті психикалық даму заңдылықтарын зерттеу болса, ал ғылыми –практикалық психодиагностиканың мақсаты нақты психологиялық бұзылыстың себебін анықтау болып табылады. Практик-психолог бала дамуына ұсыныс беру үшін, балаға түзетуші шаралар жасау үшін психодиагностиканы қолданылады. Психодиагностикалық ақпараттар мына жағдайларда: 1) даму бұзылыстарын түзетуді ертерек бастау, оқушылардың психикалық даму қарқынын зерттеу; 2) төмен деңгейдегі және озат оқитын балалардың дұрыс...
ҰБТ бойынша психолог жұмысы жүйесі
ҰБТ бойынша психолог жұмысы жүйесі В.В.Фольц, №34 ЖОМ психологы ҰБТ дегеніміз не? Бұл жаңа технологияларға негізделген, мектеп түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясын және колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын біріктіретін, білім беру ұйымынан тәуелсіз, білім сапасын бағалаудың мемлекеттік жүйесі. ҰБТ мақсаты: білімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін оқу жетістіктерінің сыртқы тәуелсіз бағасының жүйесін құру. ҰБТ міндеттері: 1. Бірыңғай өлшеу материалдарының көмегімен білім сапасын мемлекеттік бақылау мен басқаруды қамтамасыз ету; 2. білім сапасын бағалаудың шынайылығын, дұрыстығын арттыру; 3. Жоғары және орта кәсіптік білімге қол жеткізуде әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету. Қазіргі кезде оқушыларды ҰБТ тапсыруға психологиялық тұрғыдан дайындау қажет. Тесті тапсыруға ешкім арнайы үйретпейді, бірақ соған қарамастан, ондай психологиялық білім өте пайдалы. Олар тестіге дайындалу тиімділігін арттырып, тесті кезінде өзіңді ойдағыдай ұстауға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар ой жұмысы дағдыларын дамытуға, маңызды кездерде өзіңді жұмысқа жұмылдыруға, өзіңнің эмоцияларыңды қолға алуға көмектеседі. ҰБТ рәсімі ойыңды әбден жинақтап, бар назарыңды соған аударып, мұқият және ұқыпты болуды, бір тапсырмадан екіншісіне жылдам көше білуді талап етеді. Тесті тапсыру процесін психологиялық қамтамасыз ету...