ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Агрессия жағдайын алу бойынша ұсынымдар
Агрессия жағдайын алу бойынша ұсынымдар Ата-аналар баламен қарым-қатынас жасаған кезде туындаған қиындықтарға кезіге отырып, көбіне бала өсіп есейген жағдайда өзін қалай ұстау керектігіне үйренеді, осылайша барлық қиындықтар өзінен өзі жоғалады деп ойлайды. Бірақ кейде балаға ықпал ету, оның бойында жақсы қасиеттер тәрбиелеу мүмкіндігінің уақыты өтіп кетіп жатады. Егер де ата-аналар бала туған сәттен бастап оның тәрбиесімен айналыспаса білімді, педагогикалық мәдениеті биік ата-ана болуға тырыспайтын болса, онда ол өз сәбиінің жеке ерекшеліктерін түсініп, ескермейтін болады. Баланың есею кезінде кездесетін қиындықтармен күресуге күш-жігерлері жетпейді. Дегенмен мектепке дейінгі жастағы балалардың бойында пайда болған эмоционалдық реакциялар және мінез-құлықтық модульдер кейіннен мінез-құлықтың сипаттамасы мен жеке тұлғаның мінездемесіне айналары сөзсіз. Дана халқымыз «баланы жастан» деп текке айтпаған болар. Ата-аналар әрдайым мынаны есте ұстаулары керек: сүйкімді сәбилерінің мінез-құлқында ұнамсыз болмаса баланың өзіне қасірет әкелетін қасиеттерді: иеленуге болатынын кейбір қасиеттерге биологиялық, тұқым қуалаушылық факторлар ықпал етеді, бірақ олардың көпшілігін иеленуге болады, яғни оны түзетуге де болады. Агрессивтік мінез-құлық мектепке дейінгі жастағы балалардың арасында ең көп таралған ауытқушылықтардың бірі. Күнделікті...
Ата-аналарға арналған ақпарат
Ата-аналарға арналған ақпарат Жадынама - ата-аналарға кеңес Баланы үлкендер өміріне дайындау жайлы ережелерді, ата-аналарға таныстыру:• Біреудікін тартып алма, өзіңдікін берме. • Ешбір себепсіз соғыспа. • Ойнауға шақырса бар, шақырмаса ойнауға рұқсат сұра, бұл ұят емес. • Әділ ойна, өз досыңды сатпа. • Біреуді мазалама, сұрақты екі рет қайталама. • Ескертулерге ренжіме, көкіректі бол. Ескертулер үшін мұғалімнен санаспа, ренжіме. • Біреуге жала жаппа. • Тазалақты болуға тырыс. • Жиі айт: дос болайық, ойнайық, бірге үйге барайық. • Есте сақта! Сен бәрінен жақсысын, ешкімнен кем емессің. Сен ата-анаң үшін, өзің үшін, мұғалімдерің үшін, достарың үшін ең жақсысың. Бұл ережелерде ата-аналар көрінетіндей етіп бала бөлмесіне ілсе, өте дұрыс. Мұғалімдер ережелердің іске асу, аспауын бақылауға алуы қажет. Ата-аналарға көмек ретінде: Талапты бала өсіргіңіз келсе:• Баланың барлық сұрақтарына шыдамды әрі шын жауап беру. • Балаға жоспар құруға көмектесу. • Балаға қызық жерлерді нұсқау. • Балаға жұмысын жақсартуға көмек көрсету. • Достарымен араласуға көмектесу, қолдау. • Балаңа басқалардан жамансың деп айтпау. • Көңіліне тиер сөздермен ұрыспау. • Оны қызықтыратын кітаптар алып беру. • Оған кітап оқып беру. • Бала кезінен кітап оқуға үйрету. • Қалауын түсіне білу. • Баламен жеке араласуға уақыт табу. • Қолынан келмеген нәрсеге ұрыспау....
Оқушылар үшін жадынама
Оқушылар үшін жадынама "ҰБТ-ға қалай дайындалу керек?" Жабығу жағдайына ұшырамау үшін психологиялық қорғанысты қабылдау   Емтихан – жай ғана білімді тексеру ғана емес, жабығу жағдайындағы білімді тексеру болып табылады. Емтиханға дайындық және оны тапсыру кезінде жүйке және жүрек-қан тамыр жүйесіне салмақ түседі. Сондықтан емтиханға психологиялық дайындық қажет. Ол өз кезегінде емтиханға дайындалу және тапсыруға адекватты қатынас үлгілерін жасайды. Емтиханға дайындық кезінде өзіңізге сену керексіздер. Өз күшіңізге сенімсіз болған сайын, үрейде артады. Ол үрей сал болдырып, тіпті барлық әрекетті жоққа апарады.   Егер сіз ішіңізден: «Менің есте сақтау қабілетім нашар!», «Мен математикаға қабілетті емеспін!», «Мен бұл емтиханды ешқашан тапсыра алмаймын!», деп ойласаңыздар, сіздің жүйке орталығыңызға берген бұйрығыңыз әлсіз болады. Таңғаларлық ештеңесі жоқ, барлығы тек еңбектің арқасы. Өзіңізді жаман бағалауды қойыңыз. Формула – емтиханды табысты тапсыруға деген икем 1- Мен емтихан тапсырғым келеді 2- Менің қалауым – берік білімді болу 3- Мен өзімді қабілетті, бәрін білуші адам ретінде көремін 4- Мен өз мақсатыма қол жеткізе аламын – емтиханды табысты тапсырамын 5- Мен бәрін істей аламын, емтиханды да тапсырамын, мен ешнәрседен қорықпаймын 6- Емтиханды жақсы тапсыратыныма күмәнім жоқ 7- Барлық адамдар мені барлығын...
Мектеп кітапханасы
Мемлекеттік тілді насихаттау барысында мектептің оқу-материалдық базасы нығаюда, мектеп құжаттары: кеңес хаттары, сынып журналдары, оқушылардың жеке істері екі тілде жүргізіледі, мектеп оқу жоспары қазақ тіліне аударылып жатыр, педұжымның қазақ тіліне үйрену үйірмесін бірыңғай жоспар құрастырылып, бекітіліп апта сайын өткізіледі. Кітапхананың қоры -44356, көркем әдебиеті- 19039, оның ішінде қазақ тілінде көркем әдебиеті -3009, ағылшын тілінде- 110, неміс тілінде-50, оқу-әдістемелік әдебиеті-1536, 5-11 сыныптарға арнайы қазақ тілінен электрондық оқулықтары бар. Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігі мұғалімдері «Қазақ тілі мен әдебиеті»,»Балдырған», «Әйгөлек», «Дарын», «Мөлдір бұлақ», «Шаһар», «Бәйтерек», «Қазақ тілі мен әдебиеті қазақ, орыс сыныптарында» журналдарына, «Ұстаздар», «Егемен Қазақстан», «Ана тілі», «Қазақстан мұғалімі», «Сарыарқа самалы» газеттеріне жыл сайын жазылады.
Біздің аналарымыз не оқыған...
Кітапханасыз мектеп, ас бөлмесіз үй сияқты.   Армысыңдар, қымбатты достар!   Кітап оқу рухани байлықтан нәр алып, дүниенің кілтін ашумен пара-пар. Күн сайын кітап оқып көкірек көзімізді ашсақ, біз де рухани бай халықтың қатарында боларымыз анық. Байронның, Бальзактың, Агутагаваның Отаны халықтың қаншама пайызы кітап оқитынын, қандай жанрдағы кітапқа құмар екеніне, сондай-ақ қаншама пайызы жылдап кітап бетін ашпайтыны туралы жиі сауалнама жүргізіп отырады екен. Біздің елімізде бұл мәселе көтерілмей келеді. Біздің мұғалімдер не оқиды: 1. М. Митчелл Унесённые ветром 2. .К. Маккалоу Поющие в терновнике 3. Л. Толстой Война и мир 4.М.Булгаков Мастер и Маргарита 5.Ф. Стендаль Черное и красное 6. Ф. Достоевский Идиот 7.М. Ауэзов Путь Абая 8. Ш. Бронте Джен Эйр 9.Братья Стругацкие Сталкер 10. В. Каверин Два капитана 11. А. Дюма Три мушкетёра 12. Ф. Достоевский Братья Карамазовы 13.Д. Голсуорси Сага о Форсайтах 14.А.Солженицын. В круге первом 15.В. Ян Чингисхан 16. В. Ян Батый 17. В. Ян Исторические романы 18. Есенин 19.И. Тургенев Отцы и дети 20.А. Гайдар Тимур и его команда 21. Роберта Кийосаки Денежный поток 22. Пиз Аллан и Барбара Язык телодвижений 23. Александр Торик. Флавиан 24. Энциклопедии 25. З. Бектуров Қазақ тілі 26. Решад Нури. Королёк - птичка певчая 27. Мухтар Ауэзов - Абай жолы 28. Ақан сері 29. Жүсіпбек...
ОҚЫРМАНДАРҒА КЕҢЕС
Кітапхананы тұтынушылардың міндеттері мен құқығы Тұтынушылар құқығы: - Кітапхананы тұрғылықты жеріңізде, оқуда және жұмыс орныңызда да өз еркіңізбен пайдалануға құқылысыз; - Кітапхананың оқу залы мен Интернет арқылы көрсетілетін ақпараттық көмекті қолданумен, баспа туындыларын уақытша пайдалану, сондай-ақ, басқа кітапханалардан кітапханааралық абонемент бойынша пайдалану (тұтынушы есебінен); - Кітапханада көрсетілетін анықтама-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету мен басқа да ақысыз қызмет түрлерін пайдалану; - Кітапханада өткізілетін барлық іс-шараларға қатысу: 2.2 Кітапханаға жазылу тәртібі: - Тұтынушы кітапханаға жазылу үшін төлқұжат немесе жеке куәлігін, және мекен-жайын куәландыратын құжатын беру қажет, ол болмаған жағдайда жұмыс не оқу орнынан, не тұрғылықты жерінен анықтама құжатты ұсынады, одан бөлек тіркеу карточкасын толтыруға қажетті өзге де өзі жайлы мәлімет беруіне болады. - Оқырмандарға бөгде тұлғаға беруге тыйым салынған оқырман билеті бойынша қызмет көрсетіледі. - Билетті жоғалтқан жағдайда, оның құнын төлеу арқылы қайта алынады. - Жергілікті тіркеуде жоқ азаматтар тек қана оқу залында жұмыс істейді. - Кітапханаға жазылар алдын оқырман, кітапхана ережесімен танысып, оларды орындайтындығын оқырман формулярына қол қою арқылы растайды. 2.3 Тұтынушылар міндетті: - Кітапхана қорынан алынған баспасөз өнімдері...
Танысыңдар, кітап!
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. "Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. "Кітап маған тақтан да қымбат", - деп көрсеткен Шекспир. Бұл сөзден түйер ойымыз, адамға жан азығы, рухани байлығы бола білген - кітап. Cол себепті оның орны тақтан да жоғары. "Наданмен қас болғанша, кітаппен дос бол", - дейді Баус. Кітап - сенің асып-таспайтын асыл досың. Себебі кітаппен дос болған адамның ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы, жан-жақты болып тәрбиеленері сөзсіз. Білімнің көзін ашып, ең алғаш ғылым саласын таңытқан, оқытып-үйреткен - кітап.   Ұлы Жібек жолы. «Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып,Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman)19 ғасырда ұсынған.[1] Ұлы Жібек...
"Жас Ұлан"
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ «Жас Ұлан» БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР   1.1.«Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі(бұдан әрі – «Жас Ұлан») Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады. 1.2. «Жас Ұлан» - өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым. 1.3.«Жас Ұлан» өзінің қызметін шығармашылық, спорттық, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен және мемлекеттік мекемелермен бірлесе жүзеге асырады. 1.4.«Жас Ұлан» өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңнамасы және басқа да нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық актілерді басшылыққа алады. 2. МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 2.1.«Жас Ұланның» мақсаты: - өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру. 2.2.«Жас Ұланның» міндеттері: - Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру; - балалар мен...
Қамқоршылық кеңесі
Уважаемые родители! Работа Попечительского Совета в нашем образовательном учреждении – это не только эффективный, юридически грамотный инструмент привлечения внебюджетных средств, но и наиболее удобный способ оказания помощи образовательному учреждению, а значит и вашим детям, его воспитанникам. Утверждаю директор СОШ №34 инновационного типа г.Павлодар Б.Айгожин.     План работы попечительского совета школы. 2016-2017 уч.год.   № мероприятия сроки ответственные 1 Утверждение плана работы Попечительского совета на 2015-2016 учебный год сентябрь Поляков И.О. 2 Участие в Акции «Дорога в школу», «Забота» сентябрь Бекжанова О.Е. 3 Монтаж и содержание катка, установка новогоднейиллюминации , пошив новогодних костюмов. декабрь Учителя ФК 4 Участие в организации школьных мероприятий:День Здоровья, День ветерана педагогического труда, Новый год, экскурсии по городу и т.д. в течении года Бекжанова О.Е 5 Чествование победителей школьных районных, городских,областных олимпиад март ЗДУВР 6 Приобретение посадочного материала для...
Еңбекті қорғау
1. Еңбек қауіпсіздік стандартының мемлекет аралық стандарт жүйесі еңбек қауіпсіздігі оқыту мекемесі 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазанынан "Қызметкерлердің еңбегін қорғау және қауіпсіздік сұрақтары бойынша білімін тексеру және нұсқау беру, оқыту жүргізу мерзімін және тәртібін бекіту туралы" № 1225 Қаулысы 3. Жұмыс берушінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтарды бекіту және өңдеу тәртібі 4. Еңбекті қорғау
МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ СТАНДАРТ. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІНІҢ СТАНДАРТЫ. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІН ОҚЫТУ ҰЙЫМЫ.
ГОСТ 12.0.004-90 УДК 658.382.3:658.386:006.354 Группа Т58   МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ СТАНДАРТ. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІНІҢ СТАНДАРТЫ. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІН ОҚЫТУ ҰЙЫМЫ. Жалпы ережелер Occupational safety standards system. Organization of training for labour safety. General rules ОКСТУ 0012   Дата введения 01.07.91     1. Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы үлгі ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 339-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және жұмыс берушілердің жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі бекітілген талаптарды орындауына және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауына бағытталған. 2. Жұмыс беруші қызметкерлерінің саны 50-ден асатын өндірістік ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсатында қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметін (бұдан әрі - Қызмет) құрады. 3. Ішкі бақылау еңбек жағдайларының жай-күйін қадағалауды ұйымдастыру, өндірістік бақылау деректеріне жедел талдауды жүргізу, қауіп-қатерді бағалау және анықталған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша талаптарға сәйкессіздіктерді жою жөніндегі шараларды қабылдаудан тұрады. 4. Қызмет өз жұмысында мемлекеттік еңбек инспекциясымен, басқа да мемлекеттік бақылау...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1225 Қаулысы Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, нұсқама беру және олардың бiлiмдерiн тексеру қағидалары мен мерзімін бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1225 Қаулысы Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, нұсқама беру және олардың бiлiмдерiн тексеру қағидалары мен мерзімін бекiту туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнiң 15-бабының 25) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, нұсқама беру және олардың бiлiмдерiн тексеру қағидалары мен мерзімі бекiтiлсiн. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 28 қазандағы № 1225 қаулысымен бекiтiлген Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, нұсқама беру және олардың бiлiмдерiн тексеру қағидалары мен мерзімі 1. Жалпы ережелер 1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнiң 15-бабының 25) тармақшасынасәйкес әзiрлендi және қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, нұсқама беру және олардың бiлiмдерiн тексерудiң тәртiбi мен мерзiмiн айқындайды. 2. Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау...
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЫН БЕКІТУ ЖӘНЕ ЖҰМЫС БЕРУШІГЕ ЕҢБЕК ҚОРҒАУДЫҢ ӨНДЕУ ЕРЕЖЕСІ.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЫН БЕКІТУ ЖӘНЕ ЖҰМЫС БЕРУШІГЕ ЕҢБЕК ҚОРҒАУДЫҢ ӨНДЕУ ЕРЕЖЕСІ. 1. Жалпы ережелер 1. Осы Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту ережесі (бұдан әрі - ереже) 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес әзірленген және жұмыс берушінің еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту тәртібін белгілейді. 2. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулығы - өндірістік жайларда, кәсіпорын аумағында, құрылыс алаңдарында, көлік құралдарында немесе осы жұмыстар жүргізілетін не қызметтік міндеттер атқарылатын ұйымның басқа жерінде жұмыстарды орындау барысында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнамалардың қолданылуын нақтылайтын жұмыс берушінің актісі. 2.Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу 3. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты (бұдан әрі - Нұсқаулық) жұмыс беруші, мүдделі құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен қызметкерлердің өкілінің қатысуымен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің немесе еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маман (бұдан әрі - жауапты тұлға) жасаған тізбеге сәйкес, учаскедегі, цехтағы, қызметтегі, зертханадағы және жалпы ұйымдағы әрбір мамандық үшін, сондай-ақ жеке жұмыс түрлері (биіктегі...
ЕҢБЕК ҚОРҒАУ
  Егер мектепте өрт орын алса Өрт дабылы жарияланса оқушылар орнынан тұрып, мұғалімнің нұсқауымен бір-бірлеп сыныптан шыға бастайды. Соңғы шыққан адам ұстаз бақылауымен кабинет есігін қымттап жабады.Әр сынып оқушылары асықпай мектептен шығарылады. Ұстаз оқушылар соңынан жүруі тиіс. Дәлізбен, сатымен жүрген кезде жүгірмеу керек. Жиналу тірегі оқу орнының жанында, әрі барлығына белгілі жерде боллуы тиіс. Жиналу орнына жеткесін әр ұстаз өз оқушыларын түгендеп, мектеп мүдіріне сынып оқушылары санын жеткізуі керек. Қалып қойған балалар іздеуіне өрт ортасына жақындамастан лезде кірісу керек.Өрт сөндірушілер келісімен мүдір мен оның орынбасарлары зардап шеккендер мн олардың болуы мүмкін жерлерді хабарлауы тиіс. Жедел жәрдем қызметі жеткенше түтін мен оттан зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету керек. Төтенше жағдайларда бала қатты шошып ойлау қабілетін жоғалтып алуы мүмкін. Қателіктер жіберіп өз өміріне қосымша қатер төндіреді. Оқушыларды аман-есен алып шығу- ұстаздың міндеті. Егер өрт сіз сыныптан тыс жерде болған кезіңізде басталса жылдам сыныбыңызға қосылыңыз не жиналу орнына жеке барып көріңіз.Мұрын мен аузыңызды дымқыл шүберекпен жабуға тырысыңыз. От пен түтін тез тарала бастаса терезе, есіктерді жабыңыз. Егер өрт сіздің кабинетіңізге жақындап қалса,су қоры мол болса еденді және кірер есікті сумен шайып...
“Жалпы білім беру мектебі тәрбиеленушілері мен оқушылары жеке санаттары тегін тамақтануын ұсынуы үшін құжаттарды қабылдау” мемлекеттік қызмет регламенті
2012 жылғы 27 желтоқсанынан Павлодар қаласының әкімдігі №1715/27 қаулысымен Бекітілді Мемлекеттік қызмет регламенті “Жалпы білім беру мектебі тәрбиеленушілері мен оқушылары жеке санаттары тегін тамақтануын ұсынуы үшін құжаттарды қабылдау” 1. Жалпы ережелер 1.Мемлекеттік қызмет 2012 жылғы 31 тамызында “Жалпы білім беру мектебі тәрбиеленушілері мен оқушылары жеке санаттары тегін тамақтануын ұсынуы үшін құжаттарды қабылдау” қаулысымен бекітілді. . 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 4. Мемлекеттік қызмет "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 14) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы N 1119 қаулысына сәйкес көрсетіледі. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес жалпы білім беретін мектепте тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілгені туралы анықтаманы қағаз түрінде бере отырып, жалпы білім беретін мектептерде оқушылар мен тәрбиеленушілердің жеке санаттарына тегін ыстық тамақ беру немесе қызмет көрсетуден бас тартатыны жөнінде дәлелді жауап болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет: 1) мемлекеттік...
МЕКТЕП АСХАНАСЫ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ МЕКТЕП АСХАНАСЫНА БАРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Оқушылардың мектеп асханасына бару ережелері . Жалпы білім беретін мектептердің әкімшілігі оқушыларға ыстық тамақты ұйымдастырып, асхананы жалдаушы мектептегі сапалы және қауіпсіз ыстық тамақтануды қамтамасыз етеді. 6. Мектеп әкімшілігі оқушылардың тамақтану кестесін құрып, асханада кезекшілік орнатып, бастауыш сыныптағы оқушылардың тамақтануын есепке алып отыратын жауапты адамды тағайындайды. Сонымен қатар: 1) ас үйдің санитарлық жағдайын; 2) мектеп асханасының, буфеттің эстетикалық безендірілуі, ас үйдің қазіргі заманғы дизайны мен мектеп эргономикасы талаптарына сай жабдықталуын; 3) азық-түліктердің арнайы бөлінген автокөлік (рефрижератор немесе изотермиялық кузовы бар автокөлік) ыдыстарында жеткізілуін; 4) қоймалық бөлмелерде азық-түліктердің дұрыс тіркеліп, уақытылы жұмсалуына тапсырысты құрастыруды; 5) азық-түліктердің сақталу жағдайы мен тұтыну мерзімін қадағалауды; 6) ас үйге түсетін тез бұзылатын азық-түліктердің сапасын бақылау журналының дұрыс әрі толық толтырылуын; 7) ас дайындау технологиясы мен азықтың суықтай өңделу ережесін қадағалаудын; 8) шикізаттың жеткілікті қолданылуы, дайын астың сапасын бақылайтын бракераждық журналдың уақтылы толтырылуын; 9) азық-түліктер жаймасы бар тағам картотекасының болуы мен ас үй жұмысшыларының оны үнемі пайдалануын; 10) бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің сәйкестігін; 11)...
Үйірмелер мен секция жұмысының кестесі
  №  Кружок или секция на какой основе руководитель день недели время класс место проведения 1 Волейбол бюджетная Скаков М.К. Понедельник 19.00-20.30 7-11 классы спорт зал 2 Волейбол бюджетная Скаков М.К. Четверг 19.00-20.30 7-11 классы спорт зал 3 Баскетбол (ст.группа) бюджетная Демиденко Ю.В. Вторник 19.00-20.30 7-11 классы спорт зал 4 Баскетбол (ст.группа) бюджетная Демиденко Ю.В. Пятница 19.00-20.30 7-11 классы спорт зал 5 Волейбол (мл. группа) бюджетная Зыбин И.О. Среда 19.00-20.30 3-6 классы спорт зал 6 Волейбол(мл. группа) бюджетная Зыбин И.О. Суббота 14.00-15.30 3-6 классы спорт зал 7 Футбол бюджетная Сарсенбаев А.М. Понедельник 19.00-20.00 6-7 классы стадион 8 Футбол бюджетная Сарсенбаев А.М....
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарына білім дамуының мемлекеттік бағдарламасы
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 5, 49-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «1. Бағдарламаның паспорты» бөлімінде: «Бағдарламалық мақсаттар» бөлімшесі мына мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «қосымша білім беру жүйесін жаңғырту» «Міндеттері» бөлімшесі мына мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: «балаларға қосымша білім беру ұйымдарының желісін ұлғайту, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту арқылы; балаларға қосымша білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайту; балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыру;» «Нысаналы индикаторлар» бөлімшесі мына мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: «барлық меншік нысанындағы қосымша білім беру ұйымдарының саны- 660 бірлік; «қосымша біліммен қамтылған балалар үлесі - 70%». оныншы абзац келесі редакцияда жазылсын: «Қазақстандық білім алушылардың халықаралық салыстырмалы зерттеулердегі нәтижелері: халықаралық оқушылардың біліми жетістіктерін бағалау бағдарламасы (PISA) – 480 баллдан кем емес, 4-8 сынып...
Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы
Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтарынан № 377-IV Заңы   1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала – ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе олардан айрылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кетті деп танылуына, олардың қайтыс болды деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруына, оның ішінде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерінен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған бала; 2) бала – он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам; 3) бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар – бұл балаларды әлеуметтік қолдауды, әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық-әлеуметтік, әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызметтер көрсету мен материалдық көмек көрсетуді, өмірде қиын ахуалға тап болған балаларды әлеуметтік оңалтуды, мұндай балалар еңбекке қабілетті жасқа жеткенде...