ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы
Педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң м.а. 2013 жылғы 4 қаңтардағы № 1 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2013 жылы 21 қаңтарда № 8287 тiркелдi   "Егемен Қазақстан" 20.02.2013 ж. № 71 (28010); "Казахстанская правда" от 20.02.2013 г. № 63-64 (27337-27338)         «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 5-бабы 38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:       1. Қоса берiлiп отырған Педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн.       2. Мектепке дейiнгi және орта бiлiм департаментi (Ж.А. Жонтаева):       1) осы бұйрықтың белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;       2) мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.       3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бiлiм және ғылым вице-министрi М.Ә. Әбеновке жүктелсiн.       4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен...
Лицензиялау туралы
Лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы N 214 Заңы   Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 2, 10-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 26 қаңтар N 20-21; "РЕСМИ ГАЗЕТ" 2007 ж., наурыз, N 9         Қолданушылар назарына!       Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін РҚАО мазмұнды жасады. МАЗМҰНЫ       РҚАО-ның ескертпесі!       Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 52-баптың 1-тармағынан қараңыз.       РҚАО-ның ескертпесі!       2013 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР 2011.12.28 N 524-IVЗаңына сәйкес Заңның бүкіл мәтіні бойынша «бірыңғай тіркеуші», «бірыңғай тіркеушінің» деген сөздер «тіркеуші», «тіркеушінің» деген сөздер деп есептелсін. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР       1-бап. Осы Заңда реттелетін қатынастар       1. Осы Заңда қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялауға байланысты қатынастар реттеледі.       2. Осы Заңда жеке және (немесе) заңды тұлғалар арасында жасалған лицензиялық шарт шеңберінде лицензиялар беруге байланысты қатынастар реттелмейді....
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң Ар-Намыс Кодексі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 03.05.2005ж №1567 ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасы ережелері) Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 19, 225-құжат; "Егемен Қазақстан" 2005 жылғы 5 мамыр N 94 Мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк сапаларына талапты арттыру мақсатында қаулы етемiн: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi) бекiтiлсiн. 2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызмет этикасы ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 328 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 2, 16-құжат); 2) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 328 Жарлығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінiң 2002 жылғы 7 мамырдағы N 866 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 14, 137-құжат). 3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан РеспубликасыныңПрезидентi Қазақстан Республикасы  ...
Қазақстан Республикасының Конституциясы
Қазақстан Республикасының Конституциясы Конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды   Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 жылғы N 4, 217-құжат (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң басылымы)         Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген        Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде       мемлекеттiлiк құра отырып,       өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық       мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық       қоғам деп ұғына отырып,       дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын       алуды тiлей отырып,       қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы       жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып,       өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге       ала отырып       осы Конституцияны қабылдаймыз.       I-бөлім. Жалпы ережелер       II-бөлім. Адам және азамат       III-бөлім. Президент       IV-бөлім. Парламент...
"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Заңы
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы Қазақстан республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV Заңы   «Егемен Қазақстан» 2011 жылғы 15 қаңтардағы № 11 (26413); «Казахстанская правда» от 15.01.2011 г., № 13-14 (26434-26435); Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж. № 1 (2578), 1-құжат   Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың жалпы құқықтық негіздерін реттейді және бақылау мен қадағалау қызметін жүзеге асырудың бірыңғай қағидаттарын белгілеуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, өздеріне қатысты мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.   1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) бақылау және қадағалау органдары - заңнамаға сәйкес лицензиялауды және (немесе) өзге де рұқсат беру құжаттарын беруді, тіркеу есебіне қоюды, сондай-ақ тексерілетін субъектілер қызметінің осы Заңның 5-бабынасәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі нысанасына байқау және тексеру жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар және олардың аумақтық бөлімшелері; 2) жедел ден қою шаралары - Қазақстан...
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және ќадағалау туралы
Ќазаќстан Республикасындаєы мемлекеттік баќылау жјне ќадаєалау туралы Ќазаќстан Республикасыныѕ 2011 жылєы 6 ќаѕтардаєы № 377-IV Заѕы   "Егемен Ќазаќстан" 2011 жылєы 15 ќаѕтардаєы № 11 (26413); "Казахстанская правда" от 15.01.2011 г., № 13-14 (26434-26435); Ќазаќстан Республикасы Парламентініѕ Жаршысы, 2011 ж., № 1 (2578), 1-ќўжат         Ќолданушылар назарына!       Ќолданушыларєа ыѕєайлы болуы їшін РЌАО мазмўнды жасады. МАЗМЎНЫ       РЌАО-ныѕ ескертпесі!       Осы Заѕныѕ ќолданысќа енгізілу тјртібін 31-б. ќараѕыз.       Осы Заѕ Ќазаќстан Республикасындаєы мемлекеттік баќылаудыѕ жјне ќадаєалаудыѕ жалпы ќўќыќтыќ негіздерін реттейді жјне баќылау мен ќадаєалау ќызметін жїзеге асырудыѕ бірыѕєай ќаєидаттарын белгілеуге, сондай-аќ мемлекеттік органдардыѕ, ґздеріне ќатысты мемлекеттік баќылау жјне ќадаєалау жїзеге асырылатын жеке жјне заѕды тўлєалардыѕ ќўќыќтары мен заѕды мїдделерін ќорєауєа баєытталєан. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР       1-бап. Осы Заѕда пайдаланылатын негізгі ўєымдар       Осы Заѕда мынадай негізгі ўєымдар пайдаланылады:       1) баќылау жјне ќадаєалау органдары...
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы
  Қазақстан Республикасының  Заңы   Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы (2014.27.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың жалпы құқықтық негіздерін реттейді және бақылау мен қадағалау қызметін жүзеге асырудың бірыңғай қағидаттарын белгілеуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, өздеріне қатысты мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) бақылау және қадағалау органдары - заңнамаға сәйкес лицензиялауды және (немесе) өзге де рұқсат беру құжаттарын беруді, тіркеу есебіне қоюды, сондай-ақ тексерілетін субъектілер қызметінің осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі нысанасына байқау және тексеру жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар және олардың аумақтық бөлімшелері; 2) жедел ден қою шаралары - Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, тексерілетін субъектілерге қоғамдық қауіпті салдарлардың туындауын болғызбау мақсатында тексеруді жүзеге асыру барысында және тексерулердің нәтижелері бойынша...
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV Заңы
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV Заңы   "Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 15 қаңтардағы № 11 (26413); "Казахстанская правда" от 15.01.2011 г., № 13-14 (26434-26435); Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1 (2578), 1-құжат        МАЗМҰНЫ            Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың жалпы құқықтық негіздерін реттейді және бақылау мен қадағалау қызметін жүзеге асырудың бірыңғай қағидаттарын белгілеуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, өздеріне қатысты мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР       1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар       Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:       1) бақылау және қадағалау органдары – заңнамаға сәйкес лицензиялауды және (немесе) өзге де рұқсат беру құжаттарын беруді, тіркеу есебіне қоюды, сондай-ақ тексерілетін субъектілер қызметінің осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының...
2011-2020 жылға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім бағдарламасының дамуы
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығы Мәтін Ресми жарияланым Ақпарат Өзгерістер тарихы Сілтемелер Екі тілде Көшіру Қағазға шығару «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында қаулы етемін: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісім бойынша бекітсін; 2) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында айкындалған мерзімде және тәртіпте Бағдарламаны іске асыру мониторингі нәтижелерін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады. Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап...
№34 жалпы орта білім беру мектебі бойынша 2012-2013 оқу жылы жұмысының талдауы
№34 жалпы орта білім беру мектебі бойынша 2012-2013 оқу жылы жұмысының талдау 2012-2013 оқу жылында мектеп педагогикалық ұжымының қызметі оқу-тәрбие үдерісіндегі құзырлылық көзқарасын іске асыру негізінде білім беру сапасын бұдан әрі жоғарылатуға, тәрбиелеу мен оқытуды тұтас жүргізуін қамтамасыз етуге, жаңа, соның ішінде ақпараттық технологияларды ендіруге, басқару жүйесін жетілдіруге, педагогикалық және басқарушылық кадрлардың шеберлік деңгейін жоғарылатуға, мектептің материалдық-техникалық базасын бекітуге бағытталған. Осы бағыттағы барлық жұмыс мынаның негізінде құралады: 1.     ҚР «Білім туралы» Заңы. 2.     2010-2020 жылдарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасы. 3.     Облыс пен қаладағы білім беруді дамыту бағдарламасы. Мектеп өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, мектеп жарғысын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Павлодар облысы білім беру басқармасының, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің бұйрықтарын, әдістемелік хаттары мен кепілдемелерін, сонымен қатар білім беру үдерісі қатысушыларының құқықтары мен міндеттері жайлы жөнге келтірілетін ішкі бұйрықтарын басшылыққа алады. I бөлім. Тегін жалпы орта білім беру мен балалардың мектепке баруын...
Оқу ауысымы
1 ауысым: бірінші сыныптар, 2в, 2г, 3г, 4а, 5г, 6в, 6г, 7г, 8-11 сыныптар. 2 ауысым: 3а, 3б, 3в, 3д, 4д, 4б, 4в, 4г, 5а. 5б, 5в, 5д, 6а, 6б, 7а, 7б, 7в сыныптар. Ауысым арасы:2а, 2б, 2д сыныптар
Ата заңына және білім күніне арналған мерекелік сынып сағаттары.
1 ауысым: 11.30 - 2в,2г,3г,4а,5г,6в,6г,7г,8-9 сыныптары. 2 ауысым: 12.30 - 3а,3б,3в,3д,4б,4в,4г,5а,5в,5д,6а,6б,7а,7б,7в сыныптары ауысым арасы: 13.30 - 2а,2б,2д сыныптары.
Бірінші сынып оқушыларының ата-анасына
                            Бірінші сыныпқа балаларды қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет: 1. Баланың ата-анасынан және өзге де заңды өкілдерінен өтініш (еркін түрде); 2. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; 3. "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген) бекітілген № 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат; 4. "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 063/у нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат; 5. 3x 4 көлеміндегі фото - екі дана. Ата-аналарға жадынама (жүктеу)
Мектепке жол
«Мектепке –жол» қайырымдылық акциясын өткізу парызымыз.  №25 жалпы орта білім беру мектебнде жаппай оқумен қамту айлығындағы «Мектепке жол», «Қайырымдылық» акциясын мектеп директоры Асель Муратовна Арынгазинаның басқаруымен ұйымдасқан түрде жүргізіліп, мектеп ұжымы белсенділік танытуда. «Мектепке жол» акциясының іс-шаралары бойынша мектеп оқушылары, ата-аналар, Усолка мөлтек ауданының тұрғындары мен қоғамдық орындарда үгіт насихаттау жұмыстары жүргізілді. І қабатта ақпараттық бұрыш безендірілді. Сонымен қатар, мектеп асханасында "Нұр Отан" партиясының логотипімен безендірілген Сенім жәшігі орнатылды.  Мектеп оқушылар арасында мектепішілік тамақтанудың сапасын анықтау мақсатында сауалнама алынды.  Мектепке қабылданған балаларды ыстық және қоғамдық тамақтандыруды, соның ішінде жетім балаларды, тубіндетті балаларды жаппай оқыту қоры қаржысының есебінен тегін тамақтануына барынша қамтылуын қамтамасыз етуге жүргізілетін жұмыс өз нәтижесін беруде. Аз қамтылған оқушылар тізімін анықтау жұмысына үлкен мән беріліп, әрбір отбасының жағдайымен тереңірек танысып, жағдайы төмен оқушылардың сыртта қалып қоймауына жағдай жасайтын мектептің әлеуметтік педагогы Қайырпану Қайыргелдіқызы Маралбаева, тәрбие ісінің меңгерушісі Елмира Орынбасарқызы...
Құрметті ата-аналар!
   Құрметті ата-аналар, №22 ЖОМ  мөлтек ауданында ( ) тұратын балаларды қабылдау тамыз айы бойы жүргізіледі. Қабылдауға қажетті құжаттар тізімі: -         Ата-ананың өтініші; -         Баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі; -         Мекен-жай бойынша анықтама (үй кітапшасының көшірмесі); -         Ата-ананың жұмыс орнынан анықтама; -         Баланың денсаулық туралы паспорты; -         3х4  фото сурет (3 дана); -         Баланың жеке сәйкестендіру нөмері (ИИН); -         1 дәптер, көк түсті файл қаптамасы. Қабылдау уақыты:   жұмыс күндері  сағат 09.00-ден  16.00-ге дейін.                                    сенбі күні сағат 09.00-ден  13.00-ге дейін.
Қош келдіңіздер!
ЖЕТЕКШІ ОРТА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ Мектептің салынған жылы1988 жыл.(негізгі мектеп бойынша салынған) оқу орны 160 орынға арналған, мектепте оқушылардың жалпы саны -233 Қазақ тілінде-109 оқушы орыс тілінде-124 оқушы, 1-4 сыныптарда-59 оқушы, 5-9 сыныптарда-123 оқушы, 10-11 сыныптарда-15 оқушы білім алады.
Басты бет
Сәлем достар! Біздің сайтқа қош келдіңіздер! Сіздерді Жетекші орта мектебінің сайты қарсы алады! Бұл сайттан Жетекші орта мектебінің тарихы, оның басшылары, озат мұғалімдері жайлы, жұмыс істеу жүйесі, оқушылар шығармашылығы, сабақ кестесі, мектеп өмірінен фотосуреттер тағы басқа мәліметтерді ала аласыздар!       Біздің мекен - жайымыз: Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы, Жетекші елді мекенінде орналасқан,  Мира көшесі 5/1 Қабылдау бөлмесі - 8(7182) 356-793                                                  
Акция «Мектепке жол»!
Назар аударыңыз! Акция  «Мектепке жол»!                Құрметті қала тұрғындары!           Жаңа 2014-2015 оқу  жылын ұйымдастыру мақсатында ағымдағы 2014 жылдың 1 тамызынан 30  қыркүйегі дейін  республика бойынша «Мектепке жол» атты акция өткізу жарияланды. Аз қамтамасыз етілген отбасылар мен көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған оқушы балаларға мектепке барар дайындық кезінде демеу жасау, киім-кешектің, аяқ – киімнің, кеңсе тауарларының және т.б. заттардың жоқтығынан  мектепке келмей қалудың алдын алу  акцияның мақсаты болып табылады.           Мектеп жасындағы барлық балалар 1 қыркүйекте мектеп парталарына отырулары тиіс.           Қала тұрғындарының барлығын осы акцияға қатысуға шақырамыз. Қайырымдылық көмек нақты отбасыға, балаға, мектепке берілуі мүмкін.   Телефоны - 573506                    
Астана күніне арналған ойын - сауық
2 сәбилер тобының «Астана туған күнімен» атты  ойын-сауығы Сабақтың мақсаты:                                 Балалардың Астанаға деген құштарлық, сүйіспеншілік және адамгершілік патриоттық сезімдерін тәрбиелеу балаларды өз Отанын, туған жер мен елін сүюге және оларды қорғай білуге үйрету. Көрнекілік:                                                     Техникалық құралдар: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың суреті Астана қаласының суреттері буктемелер, кейіпкерлер Астан қаласының биік мұнарасы бірі Бәйтеректің суретін көрсету.   Ертеңгілік барысы:                                         Әнұран орындалады.   Астана тойы-біздің ғасырлар бойы аңсап келіп қолымыз жеткен...
Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз!!!
Тамаша мереке – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз!   Астананың қазіргі күн санап биіктей түскен еңсесінен тәуелсіздігіміздің тегеурінін, еліміздің елдік қасиетін, жасампаздықтың жаңғырығын айқын байқағандайсың. Ерке Есілдің жағасында жаңаша сәулеттік нақышпен бой түзеп жатқан әсем қаланың сұлу бейнесі алыстан көз тартып, көңіл баурайды. Сондықтан, оның ертеңіне де барлық қазақстандықтар үлкен үмітпен қарап, бүкіл әлем  қызыға көз тігуде. Сіздерге бақытты да баянды өмір, зор денсаулық, қажымас қайрат, жемісті еңбек, шаңырақтарыңызға шаттық пен қуаныш, құт-береке тілейміз. Сүйікті қаламыз – ару Астана көркейе берсін!