Телефон доверия
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Адрес: ул.Ворушина, 6/2
662408, 662407
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Четверг с 15:00 до 18:00 часов
За год
За месяц
За неделю
Вчера

С 26 декабря 2009 года вступил в силу Закон Республики Казахстан по вопросам защиты прав граждан на неприкосновенность частной жизни. В связи с этим, запрещается распространение сведений о частной жизни лица, составляющих его личную и семейную тайну, без его согласия, в публичном выступлении или в средствах массовой информации, причинивших вред правам и законным интересам граждан. Также не подлежат рассмотрению анонимные обращения. Анонимным обращением является обращение, по которому невозможно установить авторство, отсутствуют подпись, в том числе электронная цифровая подпись, почтовый адрес заявителя. При нарушении вышеназванных требований такие обращения будут удалены без права на их размещение. В связи с этим, просьба более конструктивно и корректно излагать волнующие Вас проблемы и вопросы.
ФИО: Бидаулетова Альмира
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіз бе! 6.11.2019 жылы, менің қызым, 5 б сынып оқушысы мектеп медбикесіне денсаулығы нашарлап тұрғанын айтуға барған. Медбике баланы дұрыстап қарамақ түгіл, орнынан қозғалмаған. Балам есіктің жанында сол беті тұрған. Ауырып тұрған жерлерін айтса да, назар аудармаған. Нәтижесінде, сынып жетекші медбикенің рұқсатынсыз жібере алмайтындығын айтты. Қызым сол беті сабақта отырды. Маған қатты ауырып тұрмын деп хабарлама жіберді. Біз сабақтан сұран да кел дедік. Сынып жетекшісі қызымның жағдайына қарап жіберді. Сол жібергеніне көп рақмет.... Үйге келе салысымен, құлады деуге болады. Дене қызуы 39, жанып тұр.Басын әзер көтеріп келген. Сіздің қарамағыңыздағы қызметкер баланың денсаулығына соншалықты немқұрайлықпен не себепті қарағанын түсінбедім. Осы мәселе бойынша медбикеге қатысты шара қолдануыңызды сұраймын.
Добавлен: 06 Ноября 2019
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Мектеп медбикесімен үнемі әңгіме жүргізіледі!Балалармен дұрыс қарым-қатынас жүргізуді үнемі талап етеміз!
ФИО: Әсем
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіз бе Сіздерде лагерь барма? 1 сыныпқа дайындау ушін кей бір мектептерде сагат 9 дан кешкі 5ке деиін балаларды дайындайды екен. Толемакысы 10000теңге деп естіп едім. Сіздер де қарастырылғанба бұл лагерь жөнінде ???
Добавлен: 12 Июня 2019
Ответ:
Сәлеметсіз бе, Әсем! 1 сыныпқа баратын балаларды мектепке дайындау тегін, сағат 09.00 ден сағат 12.00 ге дейін.
ФИО: Өнерхан Серікжан
Вопрос/обращение:
Сәлеметсізбе! мектепке тарих пәні мұғалімі қажет емес пе?
Добавлен: 16 Мая 2019
Ответ:
Cәлеметсіз бе! Мектепке тарих пәні мұғалімі қажет емес.
ФИО: Меруерт
Вопрос/обращение:
Здраствуйте! мой сын в этом году идет в 1 класс.хотим в вашу школу. Чтобы поступить что для этого надо, какие требования. и есть ли у вас бассейн
Добавлен: 28 Февраля 2019
Ответ:
Құрметті Меруерт, мектепке 1 сыныпқа қабылдаймыз, бізде бассейн жоқ. 1 сыныпқа онлайн режимінде де қабылдауға болады. 1 сыныпқа қабылдану үшін, 4 құжат қажет: 3 те 4 фотосы (2 дана), денсаулық жағдайы туралы (026/у-3 нысаны анықтамасы), мектеп директорына өтініш, баланың туу туралы куәлігі
ФИО: Ботагоз
Вопрос/обращение:
Ағылшын тілі мұғалімі қажет емес пе?
Добавлен: 04 Сентября 2018
Ответ:
Құрметті Ботагөз! Ағылшын тілі мұғалімі қажет емес, негізі резюмеңізді әкеліп тастап кетуге болады.
ФИО: Виктория
Вопрос/обращение:
Здравствуйте. Подскажите,есть ли в вашей школе вакансия учителя физической культуры? Спасибо.
Добавлен: 28 Августа 2018
Ответ:
Здравствуйте, Виктория! Учителя физической культуры не требуется.
ФИО: Талантты Мырзалиевна
Вопрос/обращение:
Құрметті Ләйла Бажқызы! Сізді жаңа оқу жылының басталуымен және жыл басында алып отырған марапаттарыңызбан шын жүректен құттықтаймын! "Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын" деген қазағымның жақсы сөзі бар, сіз нағыз педагог, мықты маман, адами қасиеті мол басшысыз. Мектептің ашылғанына бар-жоғы екі жыл болса да, 37 мектеп білім саласында көптеген жетістіктерімен өз қанжығасын майлады, оқушылары да, ұстаздары да биік шыңдардан көріне білді, өз білімдерін көрсете білді. Жаңа оқу жылы сіздерге мол табыс әкелсін, мектебіңіз көркейіп, бір кісідей жұмыла атқарған істеріңіз өз жемісін берсін!
Добавлен: 06 Сентября 2018
Ответ:
Құрметті Талантты Мырзалиевна! Игі тілегіңізге көп рахмет
ФИО: Акрабова Л.А.
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіздер ме!Есть ли вакансия учителя русского языка?Заранее благодарна.
Добавлен: 23 Августа 2018
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Орыс тілі пәні мұғалімі қажет емес.
ФИО: Айгуль
Вопрос/обращение:
Сәлеметсізбе. Математика және физика пәнінен ваканттык орын бар ма? 2 диплом, физика (уздік) және математика. 2-ші санат
Добавлен: 09 Июня 2018
Ответ:
Құрметті Айгүл! Мектепке келіп жолығып кетсеңіз жақсы болар еді. Резюме парағын ала келіңіз. Ізгі ниетпен 37 мектеп әкімшілігі.
ФИО: Байменова Айгерим Гайдаровна
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіз бе! Мектепке қазақ сыныптарына бастауыш сынып мұғалімі қажет емес пе?
Добавлен: 14 Марта 2018
Ответ:
Салеметсіз бе, сіз өз түйіндемеңізді мектептің қабылдау бөлмесінде немесе мектеп сайтының басты бетінде көрсетілген электронды поштаға жолдай аласыз. Мектепке бастауыш сынып мұғалімі қажет болған жағдайда, және сіздің кандидатураңыз сәйкес деп танылса, сізді сұхбаттасуға шақырамыз.
ФИО: Ақмарал Татиева
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіздерме! Мен 4"А" сынып оқушысының ата-анасымын! № 37 мектеп ұжымын Сіздерді Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін! Сынып жетекшімізге жеке алғысымды білдіремін! Мұғалім – мамандық, ұстаздық – қасиет. Яғни, ұстаз болу – адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Ендеше, осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған, ұстазымыз Күляим Ғабдувалиевнаға қандай мақтау, мадақ айтсақ та артықтық етпейді деп ойлаймын!
Добавлен: 02 Января 2018
Ответ:
Салеметсіз бе, Ақмарал! Жаңа жылдық құттықтауларыңызға рахмет! Сіздерді де жаңа жыл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жыл тек жақсылықтарға толы болсын.
ФИО: Нұрлан
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіз бе!Менің балам осы мектепте оқиды. Шахмат ойнауды жақсы көреді. Сол себептен баламды шахмат үйірмесіне қалай жазсам екен?
Добавлен: 21 Декабря 2017
Ответ:
Салеметсізбе! Шахмат үйірмесіне қатысқысы келетін оқушылар тізімін сынып жетекшісі береді.
ФИО: Родитель
Вопрос/обращение:
Здравствуйте! Спасибо, что написали ответ и все объяснили. пусть у нас в 4а классе остается прежний учитель.
Добавлен: 21 Декабря 2017
Ответ:
Салеметсізбе! Сіздің сұрағыңыз бойынша бұған дейін жауап бергеніміздей, түсіндіру және ескерту жұмыстары жүргізілді. Мұғалім алдында отырған оқушыға толығымен жауапкершілікті, сондықтан да, сабақ бойы сыныпты оқушылармен тастап кетуге мектеп мұғалімдері тарапынан жол берілмейді. Мұғалімдеріміз жоғары санатты, көпжылдық жұмыс өтілі бар азаматшалар және өз жұмыстарына асқан жауапкершілікпен қарайды. Сабақ үрдісінің өткізілу барысы кезекші мұғалімдер мен кезекші әкімшілік тарапынан да үнемі қатаң бақылауда.
ФИО: Родитель
Вопрос/обращение:
здр-те! прошу заменить учителя в 4А классе. по причине ее слабого здоровья. она может уйти в мед.кабинети дети весь урок могут сидеть одни.
Добавлен: 15 Декабря 2017
Ответ:
Салеметсізбе! Сіздің сұрағыңыз бойынша сынып жетекшісіне ескертілді. Барлық сыныптар бойынша сабақтар өткізілуі мектепте қатаң бақылауда және сынып жетекшілерінің сабақ уақытында сыныптан тыс жүруі видео бақылау арқылы да бақыланып отырып, тез арада ескерту жасалады. Сабақ бойы мұғалімнің сыныпты тастап кетуіне жол берілмейді.
ФИО: Александр
Вопрос/обращение:
Здравствуйте!Скажите пожалуйста, требуется ли Вам преподаватель по физической культуре? Закончил (очно) ПГПИ. Спасибо.
Добавлен: 26 Мая 2017
Ответ:
Сәлеметсіз бе, Александр! Түйіндемеңізді мектептің қабылдау бөлмесіне қалдыруыңызға болады немесе мектеп сайтының басты бетінде көрсетілген поштаға электронды түрде жібере аласыз. Мектебімізге дене шынықтыру мұғалімі қажет болған жағдайда, егер де сіздің біліміңіз бен кандитатураңыз сәйкес деп танылса, сізге міндетті түрде хабарласады.
ФИО: Асем
Вопрос/обращение:
Қандай жағайда тегін тамақтануға болады? Қандай құжаттар керек?
Добавлен: 18 Апреля 2017
Ответ:
Сәлеметсіз бе, Асем! Тегін ыстық тамақтану үшін мынадай құжаттар тізімін тапсыру қажет: Өтініш, барлық балалардың туу туралы куәлігінің және төлқұжаттарының көшірмесі, Оқушының ЖСН көшірмесі, ата-анасының төлқұжаттары мен неке куәліктерінің көшірмесі және жұмыс орнынан анықтама (отбасы құрамы болуы тиіс), жалақысы туралы анықтама (кесте түрінде болуы тиіс), ата- анасының біреуінің қайтыс болған жағдайда «қайтыс болу туралы туралы куәліктің» көшірмесі, мектепте оқымайтын балалары жайында анықтама, ата-анасы ажырасқан жағдайда, некені бұзу туралы куәліктің көшірмесі, мүгедектігі болған жағдайда, мүгедектігін растайтын анықтаманың көшірмесі және көп балалы отбасы санатынан болса, «Көп балалы ананың куәлігі» кітапшасының көшірмесі.
ФИО: Сауле
Вопрос/обращение:
Уважаемые учителя СОШ №37, от имени родителей искренно хочу Вас поздравить с праздником Наурыз! Хочу поблагодарить за созданные вами слаженные условия обучения и профессиональный штат учителей. А также мы благодарны за заботу о наших детей и за создание комфортной, дружеской и уютной атмосферы! Спасибо вам большое и еще раз с праздником!
Добавлен: 25 Марта 2017
Ответ:
Құрметті Сәуле! Жылы лебізіңізге үлкен рахмет!Сіздерге де наурыз мерекесі барлық жақсылығын акелсін!
ФИО: Қожанова Қымбат
Вопрос/обращение:
Павлодар қаласында мамыр айы наурыз мерекесін ұлықтаудан басталды. Екі күнге созылған шараға №37 мектептің ұжымы да ерекше үлес қосты. Қаладағы Ю.Гагарин атындағы орталық саябаққа ордалы шаңырақ, киіз үйді құрып, ұлтымыздың ұлылығын танытатын меймандос мінезін көрсетіп, әзірлеген ұлттық тағамдарын көпшілік қауымға ұсынды. Келегн қонақтар дәмнен ауыз тиіп, бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп жатты. Мектеп оқушылары өздерінің ән шашуын ұсынды. Мен де Ұлы мерекенің тамаша сәтінің куәсі әрі қонағы болып, ерекше көңіл күйде болдым.Осындай шараны ұймдастырып отырғн мектептің директоры Л.Б.Жүсіаова сізге және сіз басқарып отырған ұжымға айтар алғысымыз шексіз. Мерекелеріміз көп болсын, деп тілейік! №37 мектептің 5-"Д"-сынып оқушысының анасы
Добавлен: 01 Мая 2017
Ответ:
Қайырлы күн! Баршамызға 1 - мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні құтты болсын! Сіздердің алғыстарыңызға бөлену біз үшін зор құрмет. Ел бірлігін сақтап, елдігін дәріптеу - әрбір Қазақстандықтың міндеті. «Қазақта бірлік болмай,тірлік болмайды»-деген ұлағатты ұғым бар. Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып, Қазақ елінің нығайып,өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік.
ФИО: Жамиля апай
Вопрос/обращение:
Павлодар қаласының № 37жалпы орта мектебінің ұжымы Гагарин саябағында екі күн бойы киіз үй құрып, қала тұрғындарын өзінің әсем де кең ниетпен жайылған дастарқанымен,қонақжайлығымен, көтеріңкі көніл күй сыйлап,қуантты.Дастарқандары мол болды.Шын мереке сыйлады.Әжелер атынан алғысымыз шексіз.Мектептерін өркендей берсін.Мереке құтты болсын
Добавлен: 01 Мая 2017
Ответ:
Қайырлы күн! Алғыстарыңызға рахмет. Сіздердің де отбасыларыңызға шынайы көңілмен бақыт-береке тілейміз. Мереке құтты болсын!
ФИО: Шалабаева Райхан
Вопрос/обращение:
Павлодар қаласының № 37 жалпы орта білім беру мектебінің ұжымы екі күн бойы қалалық Ю.Гагарин атындағы саябағында қазақтың қара шаңырағы, әдемі безендірілген ұлттық тағамдарынан дәм таттық. Ұжым мұғалімдері келген қонақтарын құшақ жая қарсы алып, төрге шақырды.Ұлттық киімдегі қонақжай қыздар мен мектеп директоры Л.Б. Жүсіповаға ризашылдығымызды білдіргіміз келеді.Мерекелік іс-шарадан көтеріңкі көңіл- күйде оралдық.Бірлігі жарасқан мерекелеріміз көп болсын! № 37 мектептің 5 «А», 6 «А» сынып оқушыларының ата – аналарынан.
Добавлен: 03 Мая 2017
Ответ:
Қайырлы күн! Құрметті ата-аналар! Сіздердің алғыстарыңызға көп рахмет айтқымыз келеді. Кез-келген Қазақстан азаматы ел бірлігі мен татулығы жолында өз үлесін қосса, елдігіміз мәңгі, татулығымыз берік болары сөзсіз. Қазақ елімен бірге біздің ұжым да бірлік пен татулық мерекесін атап өтуге өзімізше үлес қостық. Бұл да болса, мектеп ұжымының бірлігінің арқасы деп ойлаймын. Сіздердің алғыстарыңызға зор құрмет білдіре отырып, мектебіміздің атынан барлықтарыңызды тағы да көктемнің айтулы мерекесімен құттықтаймын!

первая 1 2 3 последняя

Задать вопрос