Телефон доверия
8(7182)671065
email: Sad120@goo.edu.kz
Адрес: Ак.Шокин к. 40 т. 67-10-65, 67-10-45
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Сейсенбі, бейсенбі - 15.00 - 17.00

С 26 декабря 2009 года вступил в силу Закон Республики Казахстан по вопросам защиты прав граждан на неприкосновенность частной жизни. В связи с этим, запрещается распространение сведений о частной жизни лица, составляющих его личную и семейную тайну, без его согласия, в публичном выступлении или в средствах массовой информации, причинивших вред правам и законным интересам граждан. Также не подлежат рассмотрению анонимные обращения. Анонимным обращением является обращение, по которому невозможно установить авторство, отсутствуют подпись, в том числе электронная цифровая подпись, почтовый адрес заявителя. При нарушении вышеназванных требований такие обращения будут удалены без права на их размещение. В связи с этим, просьба более конструктивно и корректно излагать волнующие Вас проблемы и вопросы.
ФИО: Анар Жумашова
Вопрос/обращение:
Менің балам баратын 2 сәби Ә тобында Наурыз думан,наурыз той атты ойын сауық,ертеңгілік өткізілді,бүлдіршіндерді Рымтай,Алуа апайларымыз дайындаған мереке өте қызықты өтті,балаларға жалпы Наурыз туралы айтылып, бірі өлең бірі тақпақ айтып би биленді.Салт дәстүр көрсетіліп,Қыдыр ата келіп бата берілді.
Добавлен: 25 Марта 2013
Ответ:
рахмет.
ФИО: Социал Ерасылдың анасы - Айгүл.
Вопрос/обращение:
19 наурыз күні № 120 балабақшада естияр "А" тобында Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік өткізілді. Қонаққа аналар, әжелер шақырылды. Осы мерекеде Дильназдың әжесі жиналған жұрттан бата алып өзіннің немересіне "Тұсау кесер" рәсімін жасады. Балалар ұлттық киімдерін киіп, өте сұлу көрінді. Бүлдіршіндер қонақтарға өз өнерлерің тамашалады. Әндерін айтып, би билеп қонақтарды қуантты. Ұлттық ойындарың көрсетті. Ертеңгіліктері өте қызықты өтті. Осы ертеңгілікті дайындап өткізген Айгүл, Гүлбаршын және Әсемгүл апайларымызға алғысымызды білдіреміз.
Добавлен: 23 Марта 2013
Ответ:
рахмет.
ФИО: Әбусағитқызы
Вопрос/обращение:
Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы №120 балабақшада аталып өтті. Ата-аналар мен балаларды жинаған «Ересектер А» тобының тәрбиешісі Жұмасанова К.Е атаулы шараны «Наурыз» туралы тақпақпен ашып, балаларға «Айтыс» тақырыбынан түсінік берді. Ортаға шыққан өрендер айтыс шумақтарын жатқа айтты. Тәрбиешінің ұйымдастыруымен «Тұсаукесер» рәсімін топтағы баланың әжесі көрсетті. Әжеміз балаларға кішкентай бүлдіршіннің тұсауын кеспес бұрын «Сендердің де тұсауларыңды кескен. Ала жіп өмірде біреудің ала жібін аттамай, адалдықпен өмір сүру керектігін білдіреді, үйге барған соң аналарыңнан сұраңдар, сендердің тұсауларыңды кім кескендігін» деп, рәсімнен қысқаша түсінік берді. Үйге келген соң, шынында да, қызымыз Аяна «менің тұсауымды кім кесті?» деп сұрақ қойды. Наурыз туралы әңгімеміз үйде де жалғасын тапты. Топ тәрбиеленушілері өнерлерін қазақтың биі, ән-жырымен көрсете білді. Ата-аналарға қазақтың ұлттық тағамдары: май, ірімшік, қазы-қарта, қоспа т.б елдігімізді танытатын ас түрлерінен дастарқан жайылды. Наурыз мерекесіне келген атамыз ақ дастарқанға бата берді. Біздің балалар да бата оқылғанда, дөңгелене отыра қалып, дәстүрді білетіндіктерін танытып, қолдарын жайды. Жеткіншектерімізге ұлттық тәрбие беріп, еліміздің болашағы жолында саналы тәртіп, сапалы білім берудегі қажырлы еңбектеріне рахмет айта отырып, осы балабақша басшылығына, ұстаздар қауымына Наурыз мерекеміз құтты болсын, денсаулықтарыңыз зор, табыстарыңыз мол болсын дегім келеді. Т/Б Ураз Аянаның анасы - Зауре.
Добавлен: 20 Марта 2013
Ответ:
рахмет.
ФИО: Жанат Балымның ата-анасы
Вопрос/обращение:
Қызымыз Балымға мол тәрбие, тәртіп, өнеге, өнер, білім бергендеріңіз үшін Павлодар қаласының № 120 мемлекеттік тілде оқытатын этномәдени тәрбие беру орталығы - сәбилер бақшасының басшысы Айгүл Еділқызына және тәрбиешілері Арайлым Мүбаракқызына, Мақпал апайына, сондай-ақ балабақшының барлық ұжымына шексіз алғысымызды айтамыз. Сіздердің Қазақ елінің ертеңі үшін жасап жатқан еңбектеріңіз жеңісті, жеңістеріңіз жемісті бола берсін! Жаратушымыз, Сіздерге бақыты баянды ұзақ ғұмыр сыйласын! Құрметпен, ата-ана
Добавлен: 11 Января 2013
Ответ:
рахмет.
ФИО: Нығмет Гулдана
Вопрос/обращение:
Б.Ахметов атындағы Павлодар Педагогикалық колледжінің МДТ тобының 2-курс студенттері наурыздын18 мен сәуірдін19 аралығында Павлодар қаласының №120 балабақшасында бақылау және байқау практикасын өттік.Бұл бүлдіршіндер үйінің табалдырығын аттаған сәтте,бізді балабақша меңгерушісі мен балабақша ұжымы өте жақсы қарсы алды .Біз топқа бейімделгенше тәрбиешілеіміз көп көмек көрсетті.Білімдерімізді әрі қарай дамытып,үйретуге тырысты.Осы практика барысында тәрбиешілердін балалармен және ата-аналармен қарым-қатынасын бақылап үйреніп отырдық. Практика міндеттері бойынша оқу-тәрбие жұмыстарының ұйымдастыру жүйесімен таныстық.Тәрбиншінің қандай қиын жағдайға түсседе тез шешім тауып балаларды ұйымдастыра білуін көріп,болашақта өзіміз де сол әдісті пайдаланатындай мұқият бақыладық. Осы балабақшада ұлттық тәрбие беру маңызды рөл атқарады.Өз ана тілімізді дамыту мақсатында әр түрлі іс - шаралар жүргізіледі. Қортындылай келек осы балабақшада өткен практикамыз көнілімізден шықты,балабақша ұжымына алғысымыз шексіз.Сіздерге тілейтініміз зор денсаулық,мол бақыт,еңбектерініз жемісті болсын!!!
Добавлен: 14 Апреля 2012
Ответ:
Рахмет!
ФИО: Таубаева Айнур Муратовна
Вопрос/обращение:
Саламасыз ба? Маган Зерек бала сайысына өзін-өзі таныстыру өлең шумағын тауып беріңізші.... рахмет.
Добавлен: 17 Февраля 2012
Ответ:
Біз сізді қалай таныстырамыз, егер де біз сізді танымасақ
ФИО: Алтын
Вопрос/обращение:
Здравствуйте. Я хотела бы узнать сколько младших групп будете набирать в 2012г.
Добавлен: 30 Января 2012
Ответ:
Всеми вопросами комплектации занимается отдел образования. Вам нужно обратиться по адресу Кривенко 25 каб. 116
ФИО: Манапов Адльжан
Вопрос/обращение:
очередь в детский садик №120
Добавлен: 20 Января 2012
Ответ:
информацию об очередности можете получить по адресу: ул. Кривенко 25 каб.116 телефон 32-07-61
ФИО: Гульмира
Вопрос/обращение:
если вакансии в вашем саду
Добавлен: 23 Января 2012
Ответ:
есть вакансии муз.рук.,хореографа,воспитателя
ФИО: Родительница
Вопрос/обращение:
Здравствуйте!Скажите пожалуйста,сколько групп будете набирать в 2012г.? И какой возрастной категории? Заранее спасибо за ответ!(если он будет)
Добавлен: 12 Ноября 2011
Ответ:
Әлі белгісіз, жалпы жылда 3 топ ашатынбыз.
ФИО: Айзада
Вопрос/обращение:
Здравствуйте! Мы стоим в очереди в Ваш сад, очень хотелось бы к Вам попасть, но там такая очередь... Есть ли у Вас место в казахскую группу с 2009 годом рождения? Спасибо!
Добавлен: 26 Октября 2011
Ответ:
Биыл 2011-2012 оқу жылына, 2009 жылғы балалардың жасына сай топ ашылған жоқ.
ФИО: родитель
Вопрос/обращение:
Мой ребенок в этом году пошел в подготовительную группу, в прошлом году ходил в старшую группу, платили около 6 000 тенге, думал, что в этом году за подготовительную группу оплата будет меньше, но за сентябрь уже получили счет, там указана старая сумма - свыше 6000 тенге. Уточните пожалуйста оплату за подготовительную группу. Заранее спасибо!!!
Добавлен: 12 Сентября 2011
Ответ:
В старшей и подготовительной группе оплата одинаковая
ФИО: Жанар
Вопрос/обращение:
Здравствуйте! Есть ли у Вас место в группу с 2008 годом рождения? Мы стоим в очереди в Ваш сад, очень хотелось бы к Вам попасть. Спасибо!
Добавлен: 05 Сентября 2011
Ответ:
На этот момент комплектация групп закончилась. Мест нет
ФИО: ЖУЛДУЗ
Вопрос/обращение:
ЗДРАВСТВУЙТЕ! ВЫ УЖЕ НАБРАЛИ ГРУППЫ НА ЭТОТ ГОД? у МЕНЯ СТАРШАЯ ВЫПУСКНИЦА ВАШЕГО ДЕТ САДА 2007Г,, НАМ ОЧЕНЬ ХОТЕЛОСЬ БЫ И МЛАДШУЮ К ВАМ МЫ У ВАС НА ОЧЕРЕДИ, ЗАРАНЕЕ РАХМЕТ
Добавлен: 03 Августа 2011
Ответ:
Біз биылғы 2011-2012оқу жылына балаларды қабылдап болдық.Ал кіші балаңыздың кезегі келгенде қабылдаймыз. Ниетіңізге рахмет!
ФИО: Ельтаева Дарьяның анасы
Вопрос/обращение:
бүгін біздің №120 балабақшада Күз мезгіліне арналған"Күз сыйы" атты ертеңгілік өтті.Ертеңгілікке қыздар арасында Күз үлгісінен бас киім түрлері сайысы ұйымдастырылған.Сол сайысқа отбасымызбен жаппай дайындалдық. Қызымыз өткен ертеңгілікке өте риза болып, жақсы көңіл күймен үйге келді. Тәрбиешілеріміз Диана апай мен Қарлығаш апайға осындай сайыс ұйымдастырып,балаларды тәрбиелеп, білім беріп жүргендеріне алғыс айтамын. Естияр "Б" тобының тәрбиеленушісі Ельтаева Дарьяның анасы.
Добавлен: 02 Ноября 2011
Ответ:
Рахмет! Әрқашан белсене қатысуыңызды сұраймыз
ФИО: Дамир
Вопрос/обращение:
как узнать в каком садике состоит ребёнок???
Добавлен: 17 Апреля 2011
Ответ:
Осы сұраққа жауапты білім беру басқармасының сайтынан қарауға болады
ФИО: Шынар
Вопрос/обращение:
Здравствуйте! Скажите пожалуйста,сколько групп будете набирать в этом году и в какие(млад.,сред,...).Заранее спасибо за ответ!
Добавлен: 16 Марта 2011
Ответ:
Hегізінде жылда 3 топ ашамыз. Олар: I,II сәбилер, естияр топтары. Бірақ,биыл мамыр айында белгілі болады.
ФИО: Бекенова Дильназ
Вопрос/обращение:
Біздің балабақшаның ересек «Ә» тобының тәрбиешісі Оспанбекова Бибигүл Жұмадилқызын 1 желтоқсанда болатын Туған Күнімен құттықтаймыз!
Қымбатты апайымызға зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан, тілейміз! Құрметті Бибигүл апай қызығы да, қиындығы да мол еңбек жолыңызға шығармашылық табыс, үлкен жетістіктер тілейміз! Сізге баға жетпес еңбегіңіз, шыдамдылығыңыз және мейірімділігіңіз бен кәсіпқойлығңыз үшін алғысымызды білдіреміз!

Тілек білдіруші ересек «Ә» тобының ата-аналары.
Добавлен: 30 Ноября -0001
Ответ:
рахмет!

Задать вопрос