Ағылшын тілінен І санаты бар мұғалім, біздің мектепті бітірген. Мектепте 10 жыл жұмыс істейді. Балалармен СӨС бойынша жұмыс істейді. Демалудың белсенді түрлерін ұймдастырады. Балалармен бірге Бурабай мен Астанаға бірнеше сапарларды ұйымдастырды.
![Порывай Борис Леонидович](http://goo.kz/media/img/peoples/526ddab227de9.jpg)
Борис Леонидович (суреттің сол жағында) біздің мектептегі дене шынықтыру мұғалімі. Жақсы ұстаз, мұғалімдер арасында көптеген қалалық спартакиадаларға қатысады. Жарыстың жеңімпазы.
![Пирожникова Ирина Анатольевна](http://goo.kz/media/img/peoples/4f1e36f0a2544.jpg)
Информатика мұғалімі. «Білім берудегі АКТ» облыстық сайысының жүлдегері. Қазіргі заманға сай сабақтың әдісін жақсы меңгерген, жаңа ақпараттық технологияларды жақсы қолданады, мектеп пен қала мұғалімдері арасында өзінің тәжірибесін белсенді насихаттайды.
![Баланюк Алена Ивановна](http://goo.kz/media/img/peoples/4f1e3682bdadf.jpg)
Математика және физика мұғалімі. Іздену мен шығармашылық, психологиялық-педагогикалық білімдарлық, шеберлілік пен талап ету – бұл мұғалімнің бойындағы қасиеттер. Сабақта белсенді нысан мен оқу үрдісін ұйымдастыру әдістерін пайдалану – оқушылардың оқу-танымдық әрекетін ынталандырады.
![Ахметжанова Гүлнәр Сәрсенбайқызы](http://goo.kz/media/img/peoples/526e2ffd11673.jpg)
Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда заманауи технологияларды, әдістеме негіздерін терең меңгерген ұстаз. Оқушысы республикалық жеңімпазы.
![Хасанова Гүлнар Нүриманқызы](http://goo.kz/media/img/peoples/526e2df95da33.jpg)
Орыс тілі және әдебиеті мұғалімі. «Оқу үрдісінде интерактивті жабдықтау мүмкіндігін пайдалану» және «Білім беру ұйымдарында қазіргі заманға сай зерттеу жобалары» семинарларына қатысушы. 2009-20120 оқу жылында мұғалімдер қалалық олимпиадасының жүлдегері.
![Ташева Галия Аманжолқызы](http://goo.kz/media/img/peoples/4f14f1472e7c9.jpg)
Өз пәнінің теориялық және әдістемелік негіздерін жетік меңгерген ұстаз. «Ертіс өңірінің компоненті» конкурсының жүлдегері.
![Бойко Анна Юрьевна](http://goo.kz/media/img/peoples/4ef2b55648d50.jpg)
Бастауыш сынып мұғалімі. Теориялық және әдістемелік дайындық деңгейі жоғары. Бастауыш оқушылардың іс-әрекетін шебер ұйымдастырады. Қазіргі заманға сай дамыта оқыту технологияларын меңгереді.
![Бұрымбаева Нұрсұлу Мұратқызы](http://goo.kz/media/img/peoples/4ef2b6c2c112f.jpg)
Бастауыш сынып мұғалімі болып 27 жыл істейді. Санаты жоғары. АКТ, жаңа технологияларды пайдаланып сабақ өткізеді. Оқушылар сарайымен тығыз қарым қатынаста. Ол және оның сыныбы «Мектептің 12 сәті» қалалық сайыста «Ең керемет ханым» номинациясының лауреаты атанды.
![Коптелова Анна Викторовна](http://goo.kz/media/img/peoples/4ef2bd8bc2afe.jpg)
Шығармашылық жұмыс істейтін бастауыш сынып мұғалімі. Сабақтарды жоғары әдістемелік деңгейде өткізеді. Бастауыш оқушылардың іс-әрекетін шебер ұйымдастырады, білімге деген қызығушылықтарын оятады. Инновациялық әдістерді пайдаланады. Қалалық деңгейде аталған технология бойынша үйретуші болып табылады.
![Потарская Елена Николаевна](http://goo.kz/media/img/peoples/4ef2be2c8361b.jpg)
Бастауыш сынып мұғалімі, жоғары санатты. ЛОО қалалық шығармашылық топтың жетекшісі. Теориялық және әдістемелік дайындық деңгейі жоғары тәжірибелі мұғалім. Сабақтарды өңдеуде дәстүрлі емес тәсілдерді пайдаланып, АКТ, дамытып оқыту технологияларын меңгереді. Қалалық деңгейде аталған технология бойынша үйретуші болып табылады.
![Брехт Лариса Федоровна](http://goo.kz/media/img/peoples/4ef2be9d85be6.jpg)
Бастауыш сынып мұғалімі. Шығармашылық жұмыс істейтін мұғалім. Жаңа оқытуды дамыту технологияларын меңгереді, сабақта белсенді оқыту формасы мен әдісін қолданады. Спорттық сайыстарға қатысады. Қалалық деңгейде аталған технология бойынша үйретуші болып табылады.
![Сыздыкпаева Баян Вахитқызы](http://goo.kz/media/img/peoples/4f14ede947049.jpg)
Өзінің педагогикалық шеберлігін үнемі шыңдау жолында еңбек етуші мұғалім.
![Долголевец Алмагүл Қайырқызы](http://goo.kz/media/img/peoples/4f14ed5543dcf.jpg)
Өз ісіне зор жауапкершілікпен қарайтын, еңбекқор, ізденімпаз мұғалім. Облыстық «Ақпараттық –коммуникациялық технологиялар білім беруде» конкурсының «Үздік мультимедиа құралы» номинациясы бойынша жүлдегер.
Білікті маман, шығармашылық жұмыс істейтін бастауыш сынып мұғалімі. Жоба, ынтымақтастықта оқыту, қиын ойлау, дамытып оқыту технологиялары, белсенді және интерактивті оқыту әдістерін қолданады. Бастауыш сынып мәселелері бойынша қалалық, облыстық, республикалық шараларға белсенді қатысушы. «Радуга» студиясының жетекшісі болып табылады, оқушылары Мақтау қағаздарымен марапатталды. Қалалық деңгейде аталған технология бойынша үйретуші болып табылады.
![Тортопиди (Гуляева) Ольга Алексеевна](http://goo.kz/media/img/peoples/4f1e3c839e16c.jpg)
Әлеуметтік педагог. Балалардың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс жүргізеді. Педагогикалық және психологиялық ғылым, жас ерекшелік психологиясы облысындағы жетістіктерге сүйене отырып, диагностикалық, психокоррекциялық оңалту, кеңес беру жұмыстарын жүргізеді. «Қазақстанда азаматтық қоғамның дамуындағы үлесі үшін» сайысының жеңімпазы.