Сенім телефоны
8-718-2-62-12-92
email: sosh23@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Бакинская көш., 4
611290, 611296, 611297
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 16.00 - 17.00, Сейсенбі 16.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ҚР-ның «Тілдер туралы» заңының іске асыру жұмыстарының талдауы

ҚР-ның «Тілдер туралы» заңының іске асыру жұмыстарының талдауы.

/ 2010-2011 оқу жылы/

ҚР-ның «Тілдер туралы» заңы, «2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тілдің дамуы мен қолдану бағдарламасын», облыстық «Ана тілі» бағдарламасын іске асыру мақсатында 2010-2011 оқу жылында қазақ тілі және әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі «Оқушылардың жеке білім алу қабілеттерін дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытында жіктемелі оқытуды пайдалану» атты тақырыбы бойынша қызмет етті. Осы тақырыпты жыл бойы 6 қазақ тілі мұғалімдері іске асырды.

Мұғалімдердің сапалық құрамы:

1. Жоғары білімді – 6 мұғалім /100%/;

2. І санатты -1 мұғалім / 17% /;

3. ІІ санатты – 4 мұғалім / 33% /;

6. санатсыз – 1 мұғалім / 33% /.

Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі мектептің тақырыбына сәйкес мақсаттары мен міндеттеріне байланысты өз алдына мынадай талаптар қойды:

1. Оқушлардың жас ерекшеліктеріне байланысты коммуникативтік қабілеттерін дамытуға жағдай жасау;

2. Әр типті, жаңа технологияларды қолдана отырып, сабақтарды жоспарлау;

3. Жағымды және жағымсыз жағдайларды еске алып, түзету жоспарын құрастыру.

Мұғалімдердің алдына қойылған талаптар сабақтардың жетілдіруі арқылы, нашар оқитын оқушылармен жеке жұмыс жасау арқылы, өз бетінен білім алу арқылы, сыныптан тыс жұмыс жүргізу арқылы іске асырылды. Мұғалімдердің қазақ тілі мен әдебиетін оқытуды ұйымдастыру жұмыстарының нәтиже көрсеткіштері:

1.Деңгейлік жіктемелі оқыту;

2. Оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету;

3. Мұғалімдер ұжымында мемлекеттік тілді оқытуға жағдай жасау;

4. Шығармашылық семинарлардың жұмысына қатысу;

5. Өз тәжірибесінің негізінде әдістемелік құрал басып шығару;

6. Сыныптан тыс жұмыс жасау.

2010-2011 оқу жылында ӘБ-тің мұғалімдері 5 ашық сабақ өткізді, мектеп көлемінде өткен семинарлар мен педкеңестерге белсенді қатысты. Өткен оқу жылында кабинеттегі дидактикалық құралдар, әдістемелік әдебиеттер мен көрнекілік құралдар жүйеге келтіріліп, жинақталды.

Мемлекеттік тілді дамыту мен қолдану аясында мектепте балалар мектепішілік іс-шараларға қатысып, тілдерін дамытады. Сонымен қатар мұғалімдер ұжымын мемлекеттік тілге үйрету үйірмесі де жұмыс істейді. Әр айдың бірінші сәрсенбісінде «Бірыңғай мемлекеттік тіл күні» атты акциясы өтеді, оқушылар мен мұғалімдер әр тақырып бойынша әңгімелеседі.

 

Сыныптан тыс жұмыстар

Дарынды оқушылармен жұмыс жасау

Олимпиада:

-мектепішілік

-қалалық

 

Бұқар жырау атындағы мұражаймен жұмыс жасау

Мектеп дәстүрлері:

-         Тілдер мерекесі;

-         Республика күні;

-         Тәуелсіздік күні;

-         Наурыз мейрамы;

-         Қазақ халқының салт-дәстүрлері фестивалі;

-         Мемлекеттік тілкүні

Пәндік үйірмелер:

-         «Қазақшаң қалай?»

-         «Қызықты грамматика»

-         «Қазақша үйренейік»

Осы өткен оқу жылында мектеп оқушылары қазақ тілі мұғалімдерінің жетекшілігімен мектепішілік іс-шараларға белсенді қатысты.

                 ӘБ-тің ұжымы әр мемлекеттік мерекеге қарсы «Достық» орталығы арқылы апталықтарға қатысады, наурыз айында Наурыз мейрамына қарсы дәстүрлі түрде пәндік апталығын өткізеді. Осы апталық көлемінде оқушылардың қызығушылықтарын арттыру үшін әр түрлі іс-шаралар өткізіледі. Мысалы: «Лидер XXI века», «Қыз сыны», «Полиглоттар», «Мақал-мәтелдер сайысы», мәнерлеп оқу сайыстары т.б.

 Осы іс-шараларға сапалы дайындық жасайтын мұғалімдер – Әбетанова Ф.П., Қабышева М.И. Мектепте бір қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті бар, меңгерушісі – мұғалім Қабышева М.И. Осы оқу жылында кабинеттің рәсімдеуі жаңа талаптарға сай өткізілді, кабинет құжаттары, дидактикалық құралдар бір түсті папкаларға салынып жүйеге келтірілді. Қалалық сайысына қатысып, «ең үздік қазақ кабинеті» деген дипломымен марапатталды. Осы өткен оқу жылында

            «Ана тілі» бағдарламасын іске асыру көлемінде барлық құжаттар екі тілде жүргізіледі. Ол педкеңестердің, директор қатысуымен өтетін жиналыстардың, әкімшілік жиналыстардың, ата-аналар жиналыстарының хаттамалары мемлекеттік тілге аударылады. Мектептегі стендтер, кабинеттер маңдайшалары, кабинеттердегі қабырға стендтері де екі тілде рәсімделеді. Қабылдау бөлмесінде іс қағаздарының үлгілері де екі тілде берілген.

Дегенмен өткен оқу жылында ӘБ-тің жұмысында жағымсыз жақтары да болды.

Олар:

1.      Үйірмелік жұмысының кемшілігі. Өткен 2010-2011 оқу жылымен салыстырғанда осы оқу жылында қазақ тілінен үйірмелік жұмыстары нашар болды, мысалы мұғалімдер ұжымымен өтетін сабақтар, акция күндері және ұлты қазақ балаларына арналған факультатив сабақтары жүйелі түрде жұмыс істеген жоқ.

2.      Нашар оқитын және дарынды оқушылармен жұмыс жүйелі өткен жоқ.

3.      ӘБ-тің жұмысы нашар болды.

Осы айтылып кеткен жағдайлар бойынша мынадай қорытынды шығару қажет.

Ұсыныстар:

1. Оқушылардың тілге деген, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру үшін қазақ тілі және әдебиеті сабақтарына сапалы дайындық жасау;

2. Сабақтарды дәстүрлі емес түрінде жүргізіп, жаңа технологияларды пайдалану;

3. Кәсіптік шеберлігін жетілдіру үшін қазақ тілі мұғалімдерін  курстарға бару;

4. Сыныптан тыс жұмыстарының түрлерін түрлендіріп, оқушылардың қатысуына жағдай жасау;

5. Үйірмелік жұмыстарды жаңғырту үшін жұмыс жүргізу.

6. ӘБ-тің жетекшісі Қабышева М.И. әдістемелік жұмысына көңіл бөлсін.