Сенім телефоны
8(7182)205750 8(7182)205850 8(701)4486781 Бакыт Жусуповна 8(718)322167 - отдел образования, 8(718)2321937 - управление образования
email: sad86@goo.edu.kz
Мекенжайы: Катаева, көшесі 23
8(7182)613712
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі-15.00-17.00 Сәрсенбі-15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Халықаралық қарттар күні
01-10-2021 22:56
Халықаралық қарттар күні

1 қазан - Халықаралық қарттар күні. Бұл мереке барлық қарт адамдарға адал еңбегі үшін, олардың үлкен өмірлік тәжірибесі, мейірімділігі мен даналығы үшін терең құрмет пен жылы лебіз білдіруге тамаша мүмкіндік береді.

Біздің балабақшада осы күнді атап өтуге арналған акция жоспарланған. Аталмыш жұмыс қарт адамдарға, олардың өмірлік тәжірибесіне құрметпен қарауды тәрбиелеуге бағытталған.

Тәрбиеленушілеріміз қарттарға арнап құттықтау хаттарын дайындады. Барлығы қолдарынан келгенше тырысты! Жапсыру сабағында олар түрлі - түсті қағаздан әдемі ашық хаттар мен гүлдер жасап, ата -әжелеріне, педагогикалық еңбек ардагерлеріне сыйлады.

№ 86 сәбилер бақшасының ұжымы «Павлодар облысының жалпы типтегі қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсету орталығы» КММ қарияларын құттықтады. Мекемедегі қарттар риза болып, бір марқайып қалды.