8 қарашада естияр «А» тобының тәрбиешісі Л.А.Швайчук балабақша педагогтары үшін «Топтарда театр бұрыштарын безендіру» атты кеңес өткізді. Театр ойындары баланың мәнерлеп сөйлеуін, зияткерлігін, қарым-қатынас, эстетикалық тәрбиеге байланысты біршама педагогикалық міндеттерді шешетінін, балалардың музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамытатынын айтты. Ол үшін театр бұрыштары жақсы жабдықталуы керек. Ол педагогтарды әр топқа қажетті театр түрлерімен таныстырып, өз тәжірибесімен бөлісті. Лилия Анатольевна театрдың 25 түрімен таныстырды, әртүрлі шымылдық, декорациялар жасау барысында ата-аналар белсенді қатысты. Тәрбиешілерге жіптен және макарон өнімдерінен жасалған театр өте ұнады.