10 қарашада, бізде Ертіс өңіріндегі бірегей Бұхар Жырау ат. әдебиет және өнер музейі қонақта болды. Өнертанушылар, экскурсия жетекшілері мен музейдің барлық өкілдері балалардың өз Отанына, ата-баба мұрасына деген қызығушылықтарын сәбилік шақтан бастап арттыру керек деп есептейді. Музей базасында балалар үшін ақпараттық ресурс бар, соның арқасында біздің балалар қазақ халқының тарихын, мәдениетін, салтын білетін болады. Музейдің балалар секторының меңгерушісі Ж.А.Оспанова өте қызықты музыкалық шара өткізді, қазақ халық ойындарының мазмұнымен таныстырды. Материал үлкен ақпараттық тақтада көрсетілді. Ең басты қызық – балалармен бірге өткізілген қазақтық ұлттық ойындары «Қыз қуу», «Теңге алу», «Бәйге» т.б. Музей қызметкерлеріне айтар алғысымыз шексіз және тағы да қонаққа күтеміз.