Сенім телефоны
8(7182)205750 8(7182)205850 8(701)4486781 Бакыт Жусуповна 8(718)322167 - отдел образования, 8(718)2321937 - управление образования
email: sad86@goo.edu.kz
Мекенжайы: Катаева, көшесі 23
8(7182)613712
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі-15.00-17.00 Сәрсенбі-15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Денсаулық фестивалі
03-10-2017 04:31
Денсаулық фестивалі

    «Денсаулық фестивалі» спорттық мерекесін ересектер де балалар да жақсы көреді. Еркін жүгіруге, секіруге, көңіл көтеруге не жетсін.
8 қыркүйекте біздің балабақшада «Мен, отбасы және балабақша» атты Денсаулық күні өтті. Балаларға арналған эстафеталар ұйымдастырылды. Таза ауада «Веложүгіру» спорттық ойын-сауығы өте қызықты өтті. Жарыс барысында әр қатысушы жасына қарамастан өз ептілігін, жылдамдығын, дәлдігін, тапқырлығын көрсете білді.

    Мереке барысында спорт алаңда әр түрлі жаттығулар жасады. Жарыс қорытындысы бойынша достық жеңді. Себебі балабақша – бұл үлкен, тату-тәтті отбасы, ал отбасында жеңілгендер болмайды. Бастысы – жеңіс емес, шараға қатысу. Барлық кішкентай «Денсаулық күніне» қатысушыларына естелік медальдар мен тәттілер тапсырылды. Өткізілген шара балаларға, ата-аналарға, педагогтарға шаттық әкелді. Біздің Денсаулық күніміз осылай өте көңілді де өте белсенді өтті.