Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауының қалалық кезеңінің қорытындысы
19-03-2021 11:40
«Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауының қалалық кезеңінің қорытындысы

      "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2021 жылғы 17 наурызда Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 13 - 17 жас аралығындағы оқушылары үшін «Менің Отаныма – менің бастамам» Республикалық шығармашылық жобалар байқауының қалалық кезеңін өткізді.
       Мақсаты - дарынды балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған балалар мен жастардың бастамаларын дамытуға ықпал ету.
       Байқауға қаланың 6 мектебінен 40 қатысушы қатысты. Байқауға қатысушылар 9 қатысушыдан тұратын командалар құрып, Республикалық ережеде көрсетілген байқаудың 9 номинациясының бірі бойынша өз жұмыстарын ұсынды.

        Байқау қорытындысы бойынша 13 қатысушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орынды – 1 оқушы, ІІ орынды - 4 оқушы, ІІІ орынды - 8 оқушы иеленді.

        І орынға Арина Шкленник (№20 МЛ) ие болды.

        ІІ орын - № 28 ЖОМ, №29 ЖОМ, №20 МЛ оқушылары.

        ІІІ орынды №7 ЖОМ, №28 ЖОМ, №34 ЖОМ, №20 МЛ оқушылары.


        Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Барлық қатысушылар "Павлодар дарыны" БУҚБДДО – ның сертификатымен марапатталады»