Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Рауан» мектепке дейінгі балалар шығармашылығының XVI фестивалінің қалалық кезеңінің жеңімпаздары
19-04-2021 16:43
«Рауан» мектепке дейінгі балалар шығармашылығының  XVI фестивалінің  қалалық кезеңінің жеңімпаздары

          Павлодар облысы білім беру басқармасының, Павлодар қаласы білім бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалар дарындылығын дамыту орталығы 2021 жылғы 30 наурыз бен 19 сәуір аралығында «Рауан» мектепке дейінгі балалар шығармашылығының ХХІ қалалық фестивалін қашықтықтан өткізді.

          Мақсаты - мектеп жасына дейінгі балаларды эстетикалық тәрбиелеу, жас таланттарды анықтау, мектепке дейінгі білім беруде көркем өнерпаздарды дамыту бойынша жұмысты жандандыру.

          Фестивальға  № 1, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 18,19, 20,22,23,27,28,29,30, 31, 32, 34, 35, 37,38,40, 42, 43,44,45, 46, 48, 49,50,51,57,79,82,85, 86, 93,96, 102,112,117, 120, 121,122, және «Smartkid» 50 балабақшадан 454 тәрбиеленуші қатысты.

          Әр түрлі жастағы балалар, қазылар алқасының назарына вокал, балалар оркестрі, хореография және көркем сөз сияқты төрт жанрдағы нөмірлерді ұсынды.

          Лауреаттар атанғандар:

          Вокалдық жанрда: № 9 – «Қасиетті домбыра» композициясы үшін; № 10 – «Көктем»;  № 31 – «Дружные ладошки»; № 38 – «Ты мой друг», № 44 – «Бипыл»; № 49 – «Послушная дочь»; № 96 – «Песенка друзей»;

          Хореографиялық жанрда: № 1 балабақша ұжымы «Венок»; № 4 «Кадриль»;

          № 11 «Топни, ножка моя...»;  № 122 «Әуе экипажы».

          «Көркем сөз» жанрында ең жоғары ұпай иеленген балабақша тәрбиеленушілері:  № 2 «Папа шишка»; № 4 «Сам»; № 23 «Ғаламтор»; № 49 «Как надоели войны»,

           № 93 «Тәуелсіз Қазақстаным»; № 102 «Про собаку»; № 117 "Веснушки»;

           Аспаптық жанрда (балалар оркестрі)  № 51 «Кербез қыз»; № 79 «Баллада»; № 120 «Концерт» балабақша ұжымдары лауреат атанды.

          «Рауан» фестивалінің қалалық кезеңінің лауреаттары 2021 жылдың мамыр айында "Бүлдіршін" фестивалінің облыстық кезеңіне қатысады.