«Оқитын мектеп- оқитын ұлт» республикалық жобасын іске асыру мақсатында
«Оқитын мектеп- оқитын ұлт» республикалық жобасын іске асыру мақсатында Павлодар қаласының №37 жалпы орта білім беру мектебінің 5 «А» сынып оқушыларымен 19.01.2022 жылы «Кітапханаға жазыламын» акциясы өткізілді. Шараның мақсаты: оқушылардың көркем әдеби кітаптарды оқуға деген қызығушылығын арттыру. Мектеп кітапханашысы Әмренова Сәуле Қажыбекқызының көркем әдебиет әлемі жайлы әңгімесі қызықты әрі терең мағыналы болды. Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Дюсенбина Гүлсім Амангелдіқызы «Көркем оқу» үйірмесі аясында оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту мақсатында тәжірибелік сағатын өткізді. Мұндай шаралардың оқушылардың оқырмандық мәдениетін қалыптастырып, көркем оқу дағдыларын дамытуына ықпалы зор.