Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Адрес: ул.Ворушина, 6/2
662408, 662407
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Четверг с 15:00 до 18:00 часов
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Ұстаздар - Ұлы Тұлғалар " атты мерекелік шара өтті.
30-09-2022 22:22

Ұстаз! Осы бір сөздің түбінде - қаншама киелі құдірет, ұлағатты ұғым жатыр. Адам баласы не заманнан бері жаңаны үйреніп, ғылымды игеріп, білімді тоқумен келеді. Қай кезеңде болмасын тәлім мен тәрбие беру - ең ұлы мұрат. Бұл орайда, оқушы зердесін осынау асылды дарытушы, білімнің бағдары, ұрпақтың бағбаны ол ең алдымен - мұғалім. Ендеше, мұғалімдер күні - орны бөлек, дәрежесі биік, ең ұлық та ұлағатты мерекеге орай "Павлодар қаласының 37 жалпы орта білім беру мектебі" КММ мәжіліс залында "Ұстаздар - Ұлы Тұлғалар " атты мерекелік шара өтті. Шарада 1-11 сынып оқушылары барша ұстаздар қауымын осынау мерейлі мерекелерімен шын жүректен құттықтап, ән-шашуларын шашты.
Салтанатты жиын барысында мектеп басшысы Г.С.Мантыкова түрлі аталымдар бойынша жыл сайынғы өткізілетін байқаудың жеңімпаздарын марапаттады.