Телефон доверия
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Адрес: ул.Ворушина, 6/2
662408, 662407
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Четверг с 15:00 до 18:00 часов
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мерейлі менің мектебім!
23-12-2016 04:48
Мерейлі менің мектебім!

TUWjf6MBZLI

Бала тәрбиесі өмірдегі ең қиын, тіпті кей кездері жемісін бірден бермейтін іс сияқты. Дегенмен, осы іспен айналысу қаншалықты қызықты екенін өз ісіне берілген нағыз ұстаздар біледі.

Тәуелсіздіктің жиырма бес жылдығымен бірлесе келген мектебімізге бүгін 1-жыл толып отыр. Осы жыл аралығында түлектерді тәрбиелеп, білім нәрін сусындатып, еліміздің білім кеңістігінде білім беру ордасы ретінде ерекше орын алды десек артық айтпаған болар едік. Мектебіміз күннен-күнге көркейіп келеді. 1-жыл ішінде мекемеде бірқатар әдістемелік қор жиналды, бірқатар педагогтар аталған бағдарлама бойынша облыс, Республика көлемдерінде өз білімдерін жетілдіріп, орындар алып келеді. Бүгінгі күні сол жинақталған тәжірибені өз қызметтерінде кеңінен қолдануда.

Мектебімізде оқушыларға жан-жақты білім мен тәрбие беру үшін барлық жағдай жасалған. Бүгінде мектеп директоры: Ләйлә Бажқызы Жүсіпованың басшылығымен біршама жұмыстар атқарылып, мекемеміздің одан әрі дамуы мен өсуіне ол кісінің қосқан үлесі зор. Сонымен қатар осы мектепте аянбай тер төгіп еңбек етіп келе жатқан ұстаздардың еңбегі де өлшеусіз. Бірі бүгінде зейнеткер атанса, бірі күні бүгінге дейін адал қызмет етуде. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, әрқашан талмай еңбек етуден жалықпайық!

Мектебіміздің 1-жыл ашылған күні құтты болсын, жылдан жылға шәкірттеріміз мектеп бітіруші түлектеріміз мектептің мерейін биікке көтере берсін!