Телефон доверия
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Адрес: ул.Ворушина, 6/2
662408, 662407
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Четверг с 15:00 до 18:00 часов
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КАБИНЕТІ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
22-12-2016 11:51
ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КАБИНЕТІ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Мектебімізде тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы қабинет жұмыс істейді. Кабинет Елбасымыздың өнегелі істері мен тәлімгерлік тәрбиесін оқушыларға насихаттау мақсатында ашылған. Себебі еліміздің тәуелсіздігі, бүгінгі жеткен жетістіктеріміз - бәрі де осы ел президентімен тікелей байланысты.

Қазақстан бүгінде азаттық пен тәуелсіздікті өз қолына алып, М.Мақатаев жырына арқау болған үш бақытты уысына ұстаған зайырлы мемлекет. Жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орынға табан тіреп, өзінің даму жолын таба білген елге айналды. Оған қоса үлкен мүмкіндіктері бар ел ғана емес, сол мүмкіндіктерді нақты жүзеге асырып, өркениет көшінен өзінің лайықты орнын иемденуге ұмтылып отыр.

Қазақстанның тәуелсіздігі бірнеше мыңжылдық тарихы бар қазақ халқының өміріндегі жаңа кезеңнің, жаңа тарихтың бастауы десек, соның алғашқы жетістігі - халқымыз өз таңдауымен Ел Президентін сайлады. Сөйтіп оған үлкен сенім артып, міндеттер жүктеді. Ал, іскер басшы жүктелген міндеттерді мінсіз атқарып келеді. Нұрсұлтан Әбішұлы - елімізге ғана емес, барша әлемге танылған, өмір мен еңбектің шытырман жолдарынан өтіп, шыңдалған, болашақты саралап, болжай білетін Ұлы тұлға, дарынды саясаткер.

Тұңғыш президентіміздің жүргізген салихалы саясатының арқасында еліміз өркениетті әлем көшіне ілесіп, экономикасы дамыған елге айналды, халықаралық қауымдастықта өзін өңірлік көшбасшы ретінде таныта білді. Басқасын айтпағанда, 2010 жылы бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдер ішінен және бүкіл мұсылман елдері арасынан Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы сынды аса беделді ұйымға тұңғыш төраға болып сайлануы және он бір жылдық үзілістен кейінгі Саммиттің Астанада өтуі әлем қауымдастығының алдында Қазақстанның абыройын асқақтатқаны анық. Оған қоса "ЭКСПО-2017" көрмесінің Астанада өтетіні де талай нәрсені аңғартады. Ел сенімі ақталды деген - осы шығар. Ал Н.Ә. Назарбаев оны тек өзінің жетістігі деп санамай, халықты өткеніне үңіліп, бүгініне шүкіршілік етуге тәрбиелеп отыр.

Н.Ә. Назарбаев: "Біз, жалпыұлттық идеямыз - мәңгілік елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Мәңгілік ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол "Қазақстан-2050" стратегиясының ғана емес, ХХІ ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы", - дейді. Демек, Нұрлы жол - болашаққа бастар жол.

Әрине, мұндай идеяны ұлы күшке айналдыратын қуатты құрал - ел бірлігі. Бірлігі кеткен елдің берекесі болмайды. Қазақ елінің шыққан биігі, асқан асулары - бәрі де бірлігінің арқасы. Біз татулықты ту етіп, бірлігімізді бағалай білгеннің нәтижесінде ел тыныштығын сақтап отырмыз. Ешкімді кемсітпей, ұлтына, нәсіліне қарамай бәрін бауырымызға басып еліміздің тұрақтылығын нығайтып келеміз.

Ал мұндай жағдайға біз де бірден жеткен жоқпыз. "Қазақ елі көкке жетті, танылды, Сен - тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі", - деп Сағынғали Сейітов жырына қосқан кәдімгі тәуелсіздік таңы елімізде 1991 жылы атып, қазақ елі көкке жетті. Жиырма бес жылдық тарихы бар тәуелсіздікке көз жіберсек, сонау 1986 жылдың аласапыран кезі, Колбиннің қылышынан қан сорғалаған заман, жастардың жарыққа басқан қадамы, бәрі де еріксіз еске түседі.

Желтоқсандағы жастардың жарқылдаған жалыны бодандықтың тоқтауы, бостандықтың бастауы болды. Ербол мен Қайрат, Сәбира мен Ләззат қазақтың қайтпас қайсарлығын танытып, алаштың атын асқақтатты. Бұл оқиға алдыңғы "мың өліп, мың тірілген" қазақ халқының тәуелсіздігін жырлап өткен ағалар ісін алға сүйреген жастардың есімін тарих беттеріне алтын әріппен қалдырды. Бүгінгі таңда қолымыз жетіп, елімізді асқақтататын тәуелсіздік - осы желтоқсаннан бастау алады.

Тәуелсіздік - халықтың бақыты, тілінің тірегі. Тәуелсіздік таңымен бірге тілімізде мемлекеттік мәртебе алып, ұлттық келбетімізді танытты. Бұл - бар істің басы. Ұлттық тілі жоқ мемлекет мемлекет те бола алмайды.

Ал бүгінде егемендігіміздің туы биік тігіліп, өлген тіліміз тіріліп, бүлінген дүниеміз жиылды. Бұдан асқан қандай бақыт керек қазақ елінің азаматына!...

Осындай бақытты уысымызға ұстатқан Елбасымыздың салихалы саясаты мен көрегендік істерін оқушылардың бойына сіңіру - басты міндетіміз. Олай болса, мектебіміздегі тұңғыш Президент кабинетінің атқарар жұмысының басты бағыты да осы болмақ.

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі,

Қ.М.Абдуллаева