Телефон доверия
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Адрес: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Теңге - Мемлекет келбеті»
05-12-2016 07:17
«Теңге - Мемлекет келбеті»
Мектебіміздің 4-сыныптары арасында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай, «Теңге - Мемлекет келбеті» атты дөңгелек үстел түріндегі тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты – Тәуелсіздігімізбен бірге қанат жайған төл теңгеміз туралы оқушыларға мағлұмат беріп, теңгенің Мемлекет қалыптасуындағы рөлі туралы оқушылар санасында ой қалыптастыру. Сабақ барысында оқушылар теңгеміз туралы өздерінің жинақтаған деректерімен бөлісті. Балалар өткен күндер белгісі ретінде ақшаның түрлерін тамашалады. Оқушылардың кейбірі өздері әкелген қағаз ақша және тиын үлгілерін көрсетіп, ата-аналарынан естіген мәліметтерін ортаға салды. Тақырыпқа қызыққан балалар энциклопедия және өздері әкелген қосымша кітаптар деректерін пайдаланып, көптеген әңгімелер айтып берді. Сабақ соңында ақшаның Мемлекетіміздің Тәуелсіздігімен байланысы, нарықтағы және саясаттағы атқаратын рөлі және жалпы Мемлекет үшін маңыздылығы туралы түсінік қалыптасты.