«Мен өмірді сүйемін» тренинг сабағы
«Мен өмірді сүйемін» атты тренинг сабағы
Мектептің әдістемелік күніне орай 11 - сынып оқушыларымен «Мен өмірді сүйемін» атты тренинг-сабағы өткізілді. Тренинг сабағының басты мақсаты: Оқушылардың өмірге деген құштарлығын ояту, өмір жайлы, өмірдің басты құндылықтары жайлы негізгі ұғымдарын қалыптастыру. Оқушылардың барлығы асқан қызығушылықпен тренинг сабағына қатысты. Өздеріне қажетті мағлұматтар алды, өмірдің заңдылықтары жайлы білімдерін толықтырды, жағымды көңіл-күй арқылы әр түрлі тапсырмаларды орындады. Тренинг сабағында би терапиясы, ән терапиясы, дәм сезу терапиясы қамтылды. Оқушылардың барлық танымдық үрдістерін кеңінен дамыту мақсатында аталмыш тренинг ойындарының жүргізілуі өте маңызды болып табылады. Әрқашанда бір-бірімізге жағым көңіл-күй сыйлай білейік!