Телефон доверия
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Адрес: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Белсенді жастары бар елдің болашағы жарқын
12-10-2016 03:07
Белсенді жастары бар елдің болашағы жарқын

Қазір «Жасыл ел» - жастарды жарқын істерге жұмылдыру мектебіне айналып отыр. Жастар күшімен еліміздегі экологиялық мәселелерді шешу, елді көгалдандыру - Елбасы өз Жолдауында атап өткендей, игілікті іс екені даусыз. Бағдарламаның негiзгi мақсаты - жастардың күшiмен елiмiздi көгалдандыру, қала айналасын жасыл ағаштармен көмкеру, көркейту, сонымен қатар жастардың Отанға, жерге, табиғатқа деген махаббатын, патриоттық сезiмiн ояту. Бағдарлама аясында қаншама оқушыларымыз бос уақытын тиiмдi өткiзе отырып еліне қызмет жасауда. Бiр жағынан елiмiздi гүлдендiруге, көгалдандыруға ат салысса, екiншiден, әрбiр оқушы өзiнiң бос уақытын игі іске жаратып жатқаны қуантарлық жайт. Сондықтан жасыл ел бағдарламасына біздің мектебімізде өз үлесін қосуда. Атап айтқанда, мектеп жанын көгалдандыру аясында «Жасыл желек» атты науқан бойынша мектебіміздің ауласында 1 сынып аллеясы және 11 сыныптар яғни түлектер аллеясы ашылып отыр. 1 сынып аллеясында оқушылар ата-аналарымен бірге 32 түрлі күміс терек, түлектер аллеясында 2 жөке ағашы отырғызылды. Мектеп іргесінде орналасқан бұл саябаққа "Түлектер аллеясы" деген атау бүгіннен бастап берілді. Алтын ұяларының ауласындағы бақтың өз құрметтеріне аталғанына 11 сынып оқушылары дән риза. «Елбасымыз айтқандай бүгінгі күні жасылдандыру және маңайды гүлдендіру, көркейту маңызды мәселелердің бірі болып қалуда. Ол адамның тіршілік ортасын қолайлы және жағымды ететіні сөзсіз. Ал бүгін отырғызылған талдардың қатары жыл сайын түлектер егетін көшеттермен толығып, бұл жер үлкен баққа айналарына сенімдімін» деп түлектеріміздің бірі Сәрсенбай Аида өз тілегін білдірді. Болашағы бар «Жасыл желек» мерейі жасай берсiн, дей келе, еліміздің көркеюі мен гүлденуіне үлестерін қосып жүрген жігерлі де ынталы оқушыларымыздың еңбектері жемісті боларына сенеміз.

ЖОББМ тарих пәні мұғалімі Бәзен Б.Қ.

img-20161010-wa0007 img-20161010-wa0006 img-20161010-wa0004

img-20161010-wa0002 img-20161008-wa0019

img-20161008-wa0017